Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Rm Файлды немесе директорияны жою.

Читайте также:
  1. C. Белгілі бір аты бар бағдарлама немесе дискідегі мәліметтер жиыны
  2. Lt;variant> басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  3. Lt;variant> мәжбүрлеп алып келу немесе келетіні туралы міндеттеме алу
  4. Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару
  5. Саймандар панелінен Редактор формулнемесебатырмасына шертіледі.
Комнада форматы: rm [-fri] файл... -i - әр жою кезінде нақтылауды сұрап отыру -r - ішкі каталогпен бірге жою -f - нақтылауды сұрамай, бірден жою Бос директорияны жою үшін келесі команданы қолдануға болады: rmdir директория...Бос емес директорияны жою үшін келесі команданы қолдануға болады: rm -r директория

mkdir Директория құру

Директорияны құру үшін mkdir командасы пайдаланылады. Команда форматы: mkdir диреткория_аты...

chmod Файлға ену құқығын өзгерту.

chmod командасы файлға ену құқығын (атрибуттарын) өзгертеді. Файлға орындалу құқығын беру: chmod u+x file1басқа қолданушыларға файлды өзгетуге құқық беру: chmod a+w file1

UNIX ОЖ-де файл екілік және символдық берілгендерді байттардың ағыны ретінде сақтаушы болып табылады. UNIX-те символдық берілгендер ASCII кодының көмегімен кодталады.

Файлдар тұрақты, яғни дискіде жазылған немесе уақытша (жадта жазылаған) болуы мүмкін. Файлдағы берілгендер терминалға шығарылады, немесе файлдар берілгендерді терминалдан алады. Егер файл тұрақты болса, оны көруге болады, ал егер уақытша болса, онда оның бар екені туралы білмей қалуы да мүмкін.

Файлмен жасалатын функциялар келесідей:

р Файлды өңдеу үшін ашу

р файлдғы берілгендерді өңдеу үшін оқу

р Өңдеуден кейін файлға берілгендерді жазу

р Барлық өңдеулер орындалып болғаннан кейін файлды жабу

Файл типтері

Жүйелі файлдар (Регулярные файлы)

Жүйелі файлдармен сіздер жақсы таныссыздар. Олар тұрақты болып келедң және бағдарлама коды, пошта, досыңызға жазатын хат сияқты берілгендерден тұрады. Бұл файлдар мәтіндік ақпараттан тұрады. Мұндай файлдарда берілгендер жазбалар түрінде ұйымдастырылған.

UNIX жазбаларды қалай таниды? Жаңа жол символы (newline character) деп аталатын арнайы символ бар, ол UNIX-те бір жазба аяқталып, екінші жазба басталатын жерде қолданылады. UNIX-тің көптеген командалары мәтінді өңдеуді қолдайды. Бірақ мәтіндік файлдар жүйелі файлдардың жалғыз типі емес екенін ескеру керек.

Төменде жүйелі файлдардың бірқатар тапсырмалар берілген:

prog.c С бағдарламасының бастапқы кодынан тұрады

prog.cbl COBOL бағдарламасының бастапқы кодынан тұрады

prog.exe бағдарламаның орындалатын модулінен тұрады

Виртуалды жадқа бейнеленетін файлдар

Ichowm – chowm желілік шақыруына тең, бірақ қолданушыны ауыстыруға немесе символдық сілтеуіш тобының өзімен қолданады.

Виртуалды жадыда көрсетілген файлдар

UNIX ОЖ қазіргі нұсқаларында кәдімгі файлдарды процессордың виртуалды жадына файл құрамындағы read,write, және lseek шақыруларының көмегімен емес кәдімгі жадыдан оқу мен жадыға жазу амалдарының көмегімен көрсету мүмкіндігі пайда болды.

Файлды виртуалды жадыға көрсету үшін файлды ашқаннан соң mmap жүйелі шақыру орындалады, оның әрекелі ашық файл сияқты бөлінетін жады сегменті жасалады да автоматты түрде процессордың виртуалдыжадысына қосылады. Осыдан кейін процесс жаңа сегменттен оқи алады (шын мәнінде файлдағы байттар оқыла алады) және оған жаза алады (шын мәнінде барлық жазбалар файлда көрсетіледі). Файлды жапқан кезде сегмент автоматты түрде процессордың виртуалды жадысынан бөлінеді және файл басқа виртуалды жадыға қосылмаған болса жойылады.

Бірнеше процессор бір уақытта бір файлды mmap желілік шақырумен өздерінің виртуалды жадыларына қоса алады. Онда бөлінген жадының сәйкес сегментіне жазу көмегімен жасалатын кез келген өзгерістер басқа процестерше бірден көрінетін болады.

Файлға қатар ену кезіндегі синхронизация. Бұрыннан UNIX ОЖ файлдарға қатар енудің өте жай әдісі қолданылады: жүйе процестің кез келген санына бір файылды кез келген режимде ашуға мүмкіндік берген және ешқандай синхронизацияланатын әдістерді қолданған жоқү Файлдың бірге өңдеу дұрыстығы үшін барлық жауапкершілік оны қолданушы процеске қарайды да, жүйе процестердің файлға ену синхронизациясы үшін бөлек құралдарды қолданған жоқ.

System V.4-те файлдарға қатар енуді прррррроцестерге синхронизациялауға мүмкіндік беретін құралдар пайда болды. UNIX ОЖ ядросы файлдық жүйеге қарайтын файлды ашу режимі туралы ақпаратты алу, ашу режимін өзгерту сияқты қосымша функцияларды қамтамасыз ететін fcntl қосымша желілік шақыруды ұстанады. Бұл желілік шақыру көмегеімен файлды монопольді немесе ортақ құрсаулауды немесе файл ішінде көрсетілген диапазонды құрсаулуады орнықтыруға болады. Екі әдісі бар: құрсаулау талаптары оның жасалғанына дейін процесті бөлектеуге әкелетін күтумен және процесс құрсаулауды талап етудің қанағаттандырылуы жайлы немесе оның дәл осы уақытта тез арада хабарланған кездегі күтусіз. Орнықтырылған құрсаулар оны орнықтырған процеске ғана қарайды және осы процестің процес-ағындарымен мұраға қалмайды. Осыған қоса, егер тіпті кейбір процесс fcntl жүйелі шақырудың сихронизациялайтын мүмкіндіктеріме қолданса да басқа процестер бұрынғыдай сол файлмен синхронизациялауды қолданбай жұмыс істей алады. Басқа сөзбен айтқанда, Бұл файлды бірге қолданатын процестер тобының жұмысы – қатар енудің синхронизациялау әдісі жайында алдын ала келісіп алу.

Файлдарды сақтау. Көпқолданбалы операциялық жүйедегідей UNIX-та файлд жүйенің файлдар мен анықтамалықтарға енуге біртекті бақылау механизмі ұстанады. Кез келген процесс кейбір файлға файлда сипатталған ену құқықтары берілген процесс мүмкіндіктерінесәйкес келсе ене алады.

UNIX ОЖ қате енуден файлдарды қорғау үш фактыға негізделеді. Біріншіден, файлды жасайтын кез келген процеспен жүйеде кейбір әмбебап қолданушы (UID - User Identifier) идентификаторымен салыстырылады, оны келешекте қайта жасалған файл иесінің идентификаторы ретінде айтуға болды. Екіншіден, файлға енуді ойластырған әр процеспен екі идентификатор байланысты – қолданушылардың қазіргі идентификатолары мен олардың топтары. Үшіншіде, әр файлға міндетті түрде оның сипаттағышы сәйкес келеді – і-торап.

Файлдар мен файл атаулары бір ұғым емес екенін түсіну маңызды. Бірақ бір файлмен байланысты бірнеше қатты байланыстарда файлдар атаулары шын

Мәнінде бір фалды және бір і-торабымен байланысты. Файлдық жүйедегі кез келген қолданылатын і-торапқа ылғида бір ғана файл сәйкес келеді. І-торап көп, әрі әр түрлі ақпараттан тұрады және осы ақпараттың ішінде файлдық жүйеге талап процестің ену құқықтығын бағалауға мүмкіндік беретін бөлігі бар.

Жүйенің барлық нұсқалары үшін қорғаудың жалпы принциптері бірдей: І-торап ақпараты UID және файл иесінің GID қосады. Сонымен қатар, файл І-торабындаонымен файл қолданушы – оның иесі, сол қолданушылар тобына кіретін қолданушылар жәнебасқа қолданушыларне істей алатыныкөрсетілген межелігісақталған.

Жіктелген файлдық жүйелер. Жіктелген файлдық жүйенің негізгі мағынасы - басқа процестерде орындалатын процестер үшінжергілікті файлдық жүйе файылдарына біріккен енудіқамтамасыз етуінде, UNIX ОЖ ортасында барлық белгілі әдістер жойылған файлдық жүйенің жергілікті файлдық жүйенің каталогының біреуіне енуіне негізделеді. Бұл рәсім орындалыпбіткен соң жойылған файлдық жүйеде сақталатын файлдар оларжергілікті дискті құрылғыда сақталған сияқтыбір данада сақтап дискілік(ке(ңстікті үнемдеугеболады.

Желілік арақатынастың базалық механизмдері

UNIX операциялық жүйесі жасалғаннан бастап желілік операциялық жүйе болады.

Ағындар (Streams). UNIX ең бірінші нұсқаларында коммуникациондық

Құралдар таңбалы кіріс/шығысқа негізделген, өйткені біріншіден ақпараттық негіздер модем мен терминалдар болып табылады. Осындай құралдар салыстырмалы баяу болғандықтан алғашқы нұсқаларында бағдарламалық жасақтаманың модульдігі жайында ойлауға керегі жоқ болады.

TCP/IP(Transmission Control Protocol),SNA(IBM’s System Network Architecture), OSI (Open Systems Internetworking), X.25 сияқтыкөп деңгейлі хаттамаларға негізделген желілік құралдарды құрудың кейбір ортақ негізінің талап етілуі түсінікті болады.

Көп жағдайда бұл қиындық құрылғылар драйверлері мен комуникациялық хаттамалардың жасалуы үшін иілгіш және модульді мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін (STREAMS) ағындар механизімін шығарып жасаған AT&T компаниясымен шешіледі.

Streams желілік шақырулар мен ішкі желілерді және ядро ресурстарынан тұратын жалпы мақсаттағы өзара байланысқан құралдар жиыны болып табылады. Бірігіп бұл құралдар ядро ішіндегі, сонымен қатар ядролар және құрылғылардың сәйкес драйверлерінің арасында қатынастық сервистердің жасалу мен жұмыс істеудінің иілгіш және дамыған мүмкіндіктерін ұсынып үлгілі таңбалы кіріс/шығыс интерфейсін қамтамасыз етеді. Бірақ ағын механизімі қандай да бір нақты желі архитектурасын және нақты хаттамаларды міндетті етпейді. Құрылғының кез келген драйфері open, close, read, write және ioctl амалдардың стандартты жиынымен файлды жүйенің арнайы файлымен ұсынылады. Қолданбалы процесс open желілік шақыруымен қолданып ағынды құрылғыны ашұан кезде ядроны драйвермен ағын аты байланыстырады. Осыдан кейін қолданбалы процесс ағын атымен құрылғының кәдімгі драйвері секілді байланысады. Басқа сөзбен айтқанда, ағын атауы ағынды драйверге қатысты қолданбалы процесспен жасалатын барлық желілік шақырулардың өңделуіне жауап беретін. Егер процесс жазуды құрылғыға орындаса, ағын атауы деректерді құрылғы драйверіне кему бағытымен жібереді. Керісінше құрылғыдан оқу кезінде құрылғы драйвері деректерді ағын атына өсу бағытымен жібереді.

1- деңгей тапсырмалары:

Тапсырмалар: cat, cd, cp, cut, echo, find, grep, head, ln, ls, mkdir, mv, paste, pwd, sort, tail, tar, touch, uniq, wc командаларымен жұмыс. Жүйеге кіргеннен кейінгі командалық жол

1. Рwd команданың көмегімен ағымдағы каталогтын атына қол жеткізу. [user@localhost ~]$ pwd

/home/user/

2. cd команданың көмегімен түпкі каталогка көшу

[user@localhost ~]$ cd /

[user@localhost /]$ pwd /

3. ls команданың көмегімен түпкі каталогтың мазмұнын көру

[user@localhost /]$ ls

bin dev home lib mnt proc sbin sys usr

boot etc image media opt root srv tmp var

 

 

4. Үй каталогына (домашний каталог) параметрсіз cd командасының көмегімен оралу.

[user@localhost /]$ cd

[user@localhost ~]$

 

5. test каталогын mkdir test: командасының көмегімен құрыңыз

[user@localhost ~]$ mkdir test

 

6. Құрылған test каталогының ішіне subtest деп аталатын ішкі каталог mkdir test/subtest:

[user@localhost ~]$ mkdir test/subtest

 

7. Үй каталогының (домашний каталог) және оның ішіндегі ішкі каталогтардың мазмұнын ls командасының рекурсивті көру кілті-R: арқылы көру.

[user@localhost ~]$ ls -R

.:

Documents test tmp

 

./Documents:

 

./test:

subtest

 

./test/subtest:

 

./tmp:

2- деңгей тапсырмалары:

Тапсырмалар:

1. cat файл-аргументтерді стандартты шығаруға жинақтау немесе шығару арқылы келесі команданы орындап нәтижені көріңіз

Команда форматы: cat файл1 [файл2... ]Cat аталғандардың мазмұнын стандардтты шығаруға жібереді. мысал: cat файлфайлдың мазмұнын шығару үшін cat файл1 файл2 > файл3бастапқы екі файлды қосып, нәтижесін үшінші файлға орнатыңыз. файла1 мазмұнын файлу2-нің ішіне қосу үшін келесі команданы орындаңыз: cat файл1 >> файл2

2. more, pg Файлды жол бойынша көру әрекетін орындаңыз.

more file_name... pg file_name... less file_name...осы барлық командалар файлды экран бойынша көруге мүмкіндік береді. q - көруді аяқтауПРОБЕЛ – келесі бетті көрсетуENTER - бір жолға жылжыту b - алдыңғы бетті көрсету/ - іздеуh - Help – барлық мүмкін командалардың тізімін

3. cp Файлдарды көшіру командасын пайдалану арқылы «файл1»-дің көшірмесін «файл2»-ге көшіру әрекетін орындаңыз

Команда форматы: cp файл1 файл2 cp файл1 [файл2...] каталогБұл команда файл1,..., ФАЙЛ-ға көшірмесін жасайды. Ескерту: ФАЙЛ – директория болса, онда файл1 және басқалар өөз аттарымен көшіріледі. Егер ФАЙЛ әлі құрылмаған болса, ол құрылады, бұғанға дейін бар болса, оның мазмұны жоғалады.

3- деңгей тапсырмалары:

 

Өздік жұмыс:

1. Операциялық жүйелерге қойылатын талаптарды атаңыз және олардың атқаратын қызметі.

2. MS DOS операциялық жүйесінің түсінігі және қызметі.

3. Windows 95, Windows 98, Windows NT операциялық жүйелерінің құрылымы.

4. NetWare операциялық жүйесінің түсінігі.

5. UNIX операциялық жүйелерінің файлдары.

6. test1 каталогын түпкі каталогка құрып, осы test1 каталогын /bin, /tmp каталогтармен құрылған уақытын салыстырыңыз.

7. Скопируйте файл /bin/ls файлнын локальді каталогка көшіріңіз. Осы каталогтың атрибуттарын кріп, іске асырыңыз.

8. Локальді каталогтың /tmp. каталогына tmplnk символдық каталогының сілтемесін құрыңыз. Tmplnk каталогына файлдарды көшіріңіз.

 

 

Тәжірибелік жұмыс № 10,11,12

Курс тақырыбы: 1.2. Linux/UNIX ОЖ файлдық жүйесі

Сабақ тақырыбы: UNIX файлдық жүйелерді жүзеге асыру.NTFS рұқсаттылығыUNIX операциялық жүйенің файлдары

Кез келген файлдық жүйенің функциялануын ішінде әрбір деңгей жоғары тұрған деңгейге кейбір интерфейс ұсынатын көпдеңгейлі үлгімен көрсетуге болады, ал өзінін кезі келген кезде жұмысың орындалуын үшін төмендегі тұрған деңгейдің интерфейсін пайдаланады.

 

Файлға сұраныс

(операция, файлдың аты, логикалық жазба)

 


Енгізу – шығарудың жүйесіне

Символдық деңгейдін мақсаты файлдың символдық атауы бойынша оның уникалды атын анықтау болып табылады. әрбір файлы тек бір ғана символдық атқа ие бола алатын файлдық жүйелерде бұл деңгейі жоқ болады, себебі файлға пайдаланушымен берілген символдық атау бір уақытқа уникалды болып табылады және операциялық жүйемен қолданылуы мүмкін. Бір және сол файлда бірнеше символдық атау болуы мүмкін басқа файлдық жүйелерде берілген деңгейде файлдың уникалды атауын анықтау үшін каталог-тар тізбегі қарастырылады.

Келесі базалық деңгейде файлдық уникалды атауы бой­ынша оның сипаттамалары анықталады: каталог құрамына кіретін немесе жеке кестелерде сақталатын рұқсат құқықтары, адресі, өлшемі және басқалары. Файлды ашқанда оның сипаттамалары файлға рұқсаттың орташа уақытын азайту үшін дискіден оперативті жадыға орын ауыстырады.

Файлға сұранысты жүзеге асырудың келесі кезеңі оған рұқсат құқықтарын тексеру болып табылады. Ол үшін пайдаланушының немесе сұранысты берген берілген файлға кірудің рұқсат етілген түрлерінің тізімімен бірге процестің өкілеттіктері салыстырылады. Егер рұқсаттың сұралып жатқан түрі рұқсат етілсе, онда сұраныстың орындалуы жалғастырылады, ал егер жоқ болса, онда рұқсат құқықтарыньщ бұзылуы туралы хабарлама шығады.

Логикалық деңгейде файлда сұралатын логикалық жазбаның координаталары анықталады, яғни талап етілетін логикалық жазба файлдың басынан қандай арака-шыңтықта (байттармен) орналасқанын анықтау керек. Бұл жағдайда файлдың физикалық орналасуынан абстракцияланады, ол байттардың толассыз реттілігі түрінде көрсетіледі. Берілген деңгейдің жұмысының алгоритмі файлдың логикалық ұйымдасуына тәуелді болады. Мысалы, файл 1 ұзындығымен бекітілген логикалық жазбалардың реттілігі ретінде үйымдасса, онда n-ші логикалық жазбаның 1 (n - 1) байттың жылжыту бар. Ин-декстік-реттілік ұйымдасуымен бірге файлда логикалык жазбаның координаталарын анықтау үшін ішінде

Қисындық файлдық жүйе

Жалпы алынған негізгі файлдар мен каталогтардын құрылымы операциялық жүйеде жұмысты істегенде кезінде жеңілдетеді.

UNIX файлдық жүйенің негізгі каталогтар

Түбірлік / бумасында орналасқан бумаларға тоқталып өтсек,

/bin – ен негізгі бағдарламалар

/boot – оның ішінде ядро, жүктеуші мен оның баптау файлы жатады

/etc – жүйелік баптаулар

/home – пайдаланушылардың үй бумалары үшін орын (мысалы, /home/bolat)

/lib – жүйелік библиотекалар мен ядро модульдері

/media – осы бумаға көбінесе дисктер тіркеледі

/usr – бағдарламалар мен олардың мәліметтері

/var – ішінде лог және т.б. ақпарат сақталады

/tmp – уақытша бума, оған кез–келген пайдаланушы жаза алады

Тағы да ерекше бумалар бар, олар

/proc және /sys – осы бумаларда ядроның ағымдағы күйі туралы және үрдістердің ақпараттары сақталынады.

Файлдық жүйе

Операциялық жүйелер ақпаратты дисктерде файлдық жүйелер көмегімен сақтайды. Әдеттегі файлдық жүйе бірінің ішіне бір салынған бумалардан тұрады(папка деген атуы де бар), олардың ішінде файлдар орналасады. Ең жоғарғы, басты бума, файлдық жүйенің түбірі деп аталады, оның ішінде қалған бумалар мен файлдардың барлығы орналасады (немесе одан файлдық жүйе өседі деп айтуға болады).

Егер қатты диск бөлімдерге бөлінген болса, онда әр бөлімде өзінің файлдық жүйесі және бумалар құрылысы болады (өйткені физикалық жағынан қарағанда әр түрлі диск бөлімдері бір- бірінен оқшауланған).

Linux- та түбірлік бума қысқа және нұсқа да – «/» деп белгіленеді. Барлық қалған бумалардың толық аттары (жолдары) «/» белгісі мен оған оң жағынан қосылған тізбектей бірінін ішіне бірі салынған бумалар аттарынан тұрады. Жолдағы бумалар да «/» («слэш») таңбасымен ажыратылады. Мысалы, /home жазбасы түбірлік бумада орналасқан («/») «home» бумасын анықтайды, ал /home/user – «user» бумасы «home» бумасында орналасқанын көрсетеді (ал ол, өз жағынан, түбірлік бумада орналасады). Осындай түрдегі жазба, бумалар тізбегінен тұратын және соңында файлмен аяқталатын, файлға дейінгі толық жол деп аталады.

Салыстырмалы жол толық жол сияқты да құрастырылады, бірақ айырмашылығы – «/» белгісімен ажыратылған файлға дейінгі бумалар ретін санауын ағымдағы бумадан бастайды, түбірлік бумадан емес. Linux толық пен салыстырмалы жолдарды оңай ажыратады: егер объект аты «/» белгісінен басталса – бұл толық жол, қалған жағдайларда – салыстырмалы.

Тіркеу

Linux-та түбірлік бума тек біреу болады, басқа бумалар оның ішіне салынған болып келеді, пайдаланушы үшін файлдық жүйе біртұтас нәрсе ретінде көрсетіледі. Шынында, файлдық жүйенің әр түрлі бөліктері әр түрлі құрылғыларда орналасуы мүмкін: қатты дискінің әр түрлі бөлімдерінде, түрлі алынатын тасымалдауыштарда (компакт дисктер, дискеттер, флэш-карталар), тіпті басқа компьютерлерде де орналасуы мүмкін (желі арқылы қатынас құрылады). Осындай барлығынан біртұтас жүйені құру үшін тіркеу әрекеті өткізіледі.

Тіркеу — бұл файлдық жүйенің бір бумасына басқа бөлек бүтін файлдық жүйені қосу әрекеті. Тіркеу үшін бос бума керек – ол тіркелу нүктесі деп аталады. Тіркелу нүктесі ролін кез-келген бос бума атқара алады – ол жағынан Linux-та ешқандай шектеулер жоқ. Mountкомандасының көмегімен біз (қазір бос болып тұрған) буманың ішінде осындай жерде орналасқан файлдық жүйені көрсету керек екенің бұйрық береміз. Осы әрекеттен кейін бума ішінде (тіркелу нүктесінде) сәйкес тіркелген файлдық жүйесінің файлдары мен бумалары көрсетіле бастайды. Нәтижесінде пайдаланушы ол файлдардың шынында қайда орналасқанын білмеуі де мүмкін.

Осылайша қосылған («тіркелген») файлдық жүйені кез-келген уақытта біз қайта алып тастай аламыз – тіркеуден босатамыз (ол үшін арнайы umount командасы бар), одан кейін тіркелу нүктесі ролін атқарған бума қайтадан бос болып қалады.

Linux үшін ең маңызды түбірлік файлдық жүйе (root filesystem) болып келеді. Басқа құрылғылардағы барлық файлдық жүйелер оған қосылады (тіркеледі). Назар аударыңыз, түбірлік буманың өзі де тіркеледі, бірақ басқа файлдық жүйеге емес, «Linux-тың өзіне», тіркелу нүктесінің ролін «/» атқарады (түбірлік бума). Сондықтан жүйе қосылған кезде түбірлік бума ең бірінші болып тіркеледі, ал жүйе сөндірілген кезде соңғы болып тіркеуден босатылады.

Әдетте пайдаланушыға файлдық жүйелерді қолмен тіркеуге керек емес: жүйе жүктелген кезде файлдық жүйенің бөліктері сақталатын барлық құрылғылар автоматты түрде тіркеледі, ал сөндірілген кезде тіркеуден босатылады. Алынатын тасымалдауыштардағы да файлдық жүйелер автоматты түрде тіркеледі, ол үшін арнайы қызметтер жауап береді, тіркелу құрылғы компьютерге салынған кезде не пайдаланушы керек бумаға өткен кезде іске асырылады.

Қалыпты (стандартты) бумалар

Linux-жүйесінің түбірлік бумасында әдетте аттары стандартты ішкі бумалар орналасады. Одан әрі, аттарына қоса, олардың құрамасының түрлері де стандартпен шектеледі. Бұл стандарт балық Linux-жүйелерінде сақталады, сол үшін сі
з әр Linux-та /etc, /home, /usr/bin т.с.с. тауып, олардағы құрамасының түрін көбінесе болжай аласыз. Файлдардың стандартты орналасуы адамғы және бағдарламаға жүйенің белгілі бір бөлігін қайдан іздеу керек екенін анықтауды мүмкін қылады. Пайдаланушы үшін осындай жағдай кез-келген Linux жүйесінде керек нәрсені таба алатынын көрсетеді.

Тіркеу параметрлері

Тіркеу әрекетін орындаған кезде, Linux-жүйесін орнату үшін тіркеу бумасын таңдау жағдайын қоса, тіркелген файлдық жүйенің қасиеттерін өзгертуге болады. Ол үшін mount утилитасына бір немесе бірнеше параметр көрсету керек. Барлық файлдық жүйелер қолдайтын бірнеше параметрлер бар, сонымен қатар кейбір файлдық жүйелерде тек өздеріне тән тіркеу параметрлері болады. Тіркеу параметрлері туралы көбірек mount утилитасының әдістемесінде оқуға болады (mount(8)).

Ішкі құрылысымен ажыратылатын көптеген файлдық жүйелердің түрлері бар, бірақ пайдаланушы өз үшін әрқайсысында бір-бірінің ішіне салынған бумалардан тұратын әдеттегі құрылысты табады. Файлдық жүйелер қатынасты құру уақыты, ақпаратты сақтау сенімділігі, ақаулықтарға тұрақтылығы, және тағы да басқа қосымша қасиеттері бойынша ажыратылады. Қазіргі операциялық жүйелер файлдық жүйелердің көп түрін қолдайды. (Қатты дисктер, CD мен DVD дисктерде қолданылатындардан басқа).

Файлдық жүйелердің маңызды қасиеті – журналдауды қолдау. Журналдалатын файлдық жүйе дискіге жазудың барлық әрекеттерін үздіксіз бақылап отырады, сондықтан электрқорегі кенет өшірілгеннен кейін, компьютер қайта қосылған кезде файлдық жүйе әрқашан да жұмысқа дайын күйінде болады.

Linux-тың жұмысы үшін керек баптаулардың барлығын (файлдардың барлық керек түрлері мен атрибуттарды, соның ішінде рұқсат құқықтарын сақтауды) қолдайтын файлдық жүйелердің бірнеше түрі бар.

Ext2/3

Файлдық жүйенің осы түрі Linux үшін арнайы жасалып, Linux-жүйелердің көбінде қолданылады. Ext3 пен Ext2 айырмашылығы, біріншісі кейін шығып, құрамында журналдау қолдауы бар. Қалған қасиеттері бойынша осы екі файлдық жүйе бірдей, және бір-бірне оңай айналдырылады. Сенімділігі жоғары болған соң әдетте журналдауы бар нұсқасы (Ext3) таңдалады. Диск әрекеттер белсенділігі жоғары болған кезде Ext3 файлдық жүйенің өнімділігі төмендейді және жүйеге түсетін орташа жүктелу артады (Load Average).

ReiserFS

Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл мен бумалар ретінде көрінуі – жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп саналады. Журналдауды қолдайды.

XFS

Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне (UPS) қосылған компьютерлерде қолдануға ұсынылады.

SWAPFS

Файлдық жүйенің осы түрі ерекше болып келеді, және ол қатты дискте swap аймағын жасау үшін қолданылады. Ол аймақ көбінесе жеке бөлімге шығарылады, және Linux-та виртуалды жады ретінде қолданылады. Егер физикалық жады аз болса, мәліметтердің бір бөлігі осы аймаққа көшіріледі.

JFS

IBM компаниясы осы файлдық жүйесін жүктелуі үлкен серверлер үшін жасаған: жасау кезінде өнімділік пен сенімділікке назар аударылған, және қойылған мақсаттарға жетті. Журналдауы бар.

Сонымен қатар, Linux-та, өзінің файлдық жүйелерден басқа, тағы да көптеген түрлеріне қолдау бар. Егер ол файлдық жүйелерге жазу тәсілі белгілі болса, онда жазу мен оқу әрекеттері қолжетерлік болады, басқа жағдайда – тек оқуға ғана болады. Файлдық жүйелерің ондай түрлері әдетте басқа операциялық жүйелердің меншігі болады.

NTFS рұқсаттылығы

NTFS рұқсаты (NTFS permissions) - бұл объектілерге қолданушылардың енуін шектеуге арналған файл немесе каталогтардың (папка) арнайы кеңейтілінген тізімі. Олар тек NTFS файлдық жүйесі орнатылған томдарда ғана болады. Рұқсаттар қолайлы қорғанысты қамтамасыз етеді, себебі оларды каталогтарға да, жеке файлдарға да қолдануға болады, олар сондай-ақ жергілікті қолданушыларда (сақтандырылған файлдары мен папкалары бар компьютерлерде жұмыс істейтін) да, желі бойынша ресурстарға қосылатын колданушыларға да тарайды. Рұқсаттарды олардың құқықтарымен шатастыруға болмайды. Бұлар - мүлдем өзгеше түсініктер. Өкінішке қарай, бұл екі терминді техникалық әдебиеттерде де, күнделікті өмірде де жиі шатастырады. Шығу көзі, ең алдымен, негізгі ағылшын тілді материалдарды аудару кезінде пайда болады.

NTFS рұқсаттылығы - ресурс орналасқан компьютерде жұмыс істейтін жергілікті қолданушылардан осы pecypcтарды қорғау қызметін атқарады. Сонымен қатар, желі бойынша жалпы папкаға қосылатын өзге де қолданушы-лардан қорғауғаболады. Байқағанымыздай, бұл жағдай-да қолданушыларға ресурстарға енуді шектеудің екі механизмі есер етеді: біріншісі - желілік, одан кейін - жергілікті, файлдық. Сондыңтан қорытындылық ену мүмкіншілігі ең төменгі желілік және файлдық мүмкіншіліктер түрінде аныңталады. Мүнда желіде жүмыс істейтін колданушының ресурстарға енудің қорытындылық желілік мүмкіншіліктері, ену мүмкіншілігінің тізімінде ең жоғарғы мүмкіншілік түрінде есептелінетінін айта кету керек, себебі колданушы тізімде көрсе-тілген бірнеше топтың мүшесі болуы мүмкін. Сондай-ақ, NTFS мүмкіншілігінде де: қолданушы енуді басқару тізімінде көрсетілген ең жоғарғы мүмкіншілікке ие болады, тек кана No Access (енуге болмайды) мүмкіншілігі басңа мүмкіншіліктерді жойып жібере алады.

NTFS мүмкіншілігі сақтандырудың жоғарғы түрлілігін қамтамасыз етеді: папкадағы әрбір файлдарға өзінің мүмкіншіліктерін орнатуға болады. Мысалы, бір қолданушыға файлдың құрамын өзгертуге және санауға мүмкіндік берсе, екінші қолданушыға тек қана санауға, ал үшінші қолданушыға мүлдем енуге рұқсат берілмеуі мүмкін. Айта кету керек, ACL тізімінде мүмкіншіліктерді міндетті түрде орнату қажет және жеке қолдану-шыларды тіркеу жазбасын емес, қолданушылар тобын тіркеу жазбаларын қолдану керек.

Сонымен, әрбір файлдык объектте өзінің енуді басқару тізімі болады. Бұл тізім файлдың объектісі бар каталогтық басқару тізімінен артық. Бастапқы каталогқа сәйкес файл-каталог қарапайым файлға қарағанда, контейнерлік типтегі объект болып келеді, яғни онын, құрамында бірнеше файлдық объект болуы мүмкін. Жаңа файлдық объект құру кезінде, ол NTFS мүмкіншілігін игереді. Сондықтан файлдық объектілерді көшіру кезінде олар аталық мүмкіншіліктерге сейкес келетін мүмкіншіліктерге ие болады. Сонда да, файлдар мен каталогтарды бір диск шегінде орындарын алмастыру кезінде, енуді басқару тізімі өзгермейді. Бұл жағдай оңай түсіндіріледі. Енуді басқару тізімі файлдық объектінің деректер ағымының бірі болып табылады және оған ену каталогтың элементі арқылы жүзеге асады. Сондықтан да файлдың орны жайында ақпараттын, өзгеруі файлдың деректер ағымына әсер етпеуі тиіс. Егер файлды (ката­лог асты) NTFS-тің бір дискісінен екіншісіне орын ауыстырған кезде, жаңа дискіде каталогтың жаңа элементтері күрылып, олар өздері қүрылған контейнердің ену мүмкіншілігіне ие болады. Бұл өте маңызды жағдай және NTFS мүмкіншілігімен жүмыс істеу кезінде естен шығармау керек.

ACL тізімі жайында жоғарыда айтып өттік. Олар көп объектілерде болуы мүмкін. NTFS-тағы әрбір файлдың объектіде негізінен екі тізім болады. Біріншісі - DACL (Discretionary ACL - енуді басқарудын. дискрециондық тізімі). Тек осы тізім файдық объектілерге енуді шектеу ді бейнелейді, яғни топтар мен қолданушылар, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген амалдарды анықтайды. Бұл тізімді берілген файлдық объекттің мүмкіншілігін (change permissions) өзгертуге мүмкіндігі бар кез келген колданушы өзгерте алады. Әдетте мүндай мүмкіншілік Р ерпімен белгіленеді (permissions сөзінен).

Екінші тізім - SACL (System ACL - енуді басқарудың жүйелі тізімі). Бұл тізім тек аудитқа арналған, және оны тек кана өкімшілік қүрып, өзгерте алады. Алғашында SACL тізімі бос болады, бірақ оны толтыруға болады. Файлдық объектке жүргізілетін амалдардың кайсысы сетті орындалды немесе істен шыққанына байланысты әкімшілік тізімді толвырады.

NTFS рұқсатын қолдану

NTFS рұқсатын қолданушылар мен топтардың тіркеу жазбаларына меншіктелсе, ену мүмкіншілігі - жалпы желілік ресурстарға меншіктеледі. Қолданушы рұқсатты өз бетімен немесе рұқсаттары бар бір немесе бірнеше топтың мүшесі ретінде ала алады. NTFS рұқсаттарын каталогта қолдану жалпы ресурстарға ену мүмкіндігін ңолданумен үқсас. Каталогқа немесе файлға мүмкіншілікті басқару нүсқаушы арқылы жүреді. Ол үшін объектті тышқанның оң батырмасымен шертіп, контекстілік менюден Properties командасын таңдап, ашыл-ған терезеде Security (қауіпсіздік) қосымшасына өту керек. Мүнда үш бөлім бар. Біріншісі, Permissions (жоғарғы) (рұқсат) батырмасы бар, көруге және/немесе өзгертуге, яғни DACL тізімін басқаруға мүмкіндік бе­реди Екіншісі Audit (аудит) батырмасы (ортаншы) SACL тізімін басқаруға арналған. Ең соңғы (төменгі) Owner (иесі) батырмасы файлдық объектіні көруге және неме­се иесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, NTFS рұқсатын командалық жолдың интерфейсі арқылы орнатуға және немесе өзгертуге болады.

Ол үшін, мына команда қолданылады:

CACLS Имя Файла [/T] [/E] [/C] [/G Имя Пользовате­ля: доступ]

[/R Имя Пользователя [...]] [/P Имя Пользователя: дос­туп [...]]

[/D Имя Пользователя [...]]

мұндағы,

• Имя Файла - енуді басқару тізімі бар файл атауы;

• /T - ағымды каталогта және барлық каталог астындағы көрсетілген файл үшін енуді басқару тізімін ауыстьфу;

• /Е - енуді басқару тізімін ауыстыру орнына өзгерту;

• /С - енуге рұқсат болмаған кездегі қателіктің орындалуын жалғастыру;

• /G Имя Пользователя: доступ - көрсетілген қолданушылар үшін рұқсаттарды анықтау, мұндағы доступ өлшемі:

• R - оқу

• С - өзгерту (жазба)

• Ғ - толық енуге тең.

• /R Имя Пользователя - қолданушы үшін сұраныс рұқсаттылығы (тек /Е кілтімен бірге)

• [/P Имя Пользователя: доступ - көрсетілген қолданушыға берілген рұқсаттардың ауысуы, оның өлшемі мынаған тең:

• N - берілмеген

• R - оқу

• С - өзгеріс (жазба)

• Ғ - толық ену

• /D Имя Пользователя - көрсетілген қолданушыға енуге рұқсат жоқ.

Бірнеше файлдарды белгілеп алу үшін арнайы белгілер қолданылады. Командада бірнеше қолданушыларды көрсетуге болады.

Әр файлдық объектіде өзінің иесі мен құраушысы бар. NTFS томында файл немесе папка құраған қолданушы осы файл немесе папканың иесі болып табылады. Файлдың немесе папканың иесі өзінде сәйкес рұқсаты болмаса, да өзінің файлы мен пакасына енуге рұқсатты енгізуге және өзгертуге мүмкіндігі бар. Егер бұл қолданушы Administrators (әкімшілік) тобының мүшесі болса, Administrators тобының барлығы ие болып шығады.

UNIX операциялық жүйенің файлдары

Файлдар түрлілігі. UNIX ОЖ – де файл ұғымы сыртқы жады құрылығыларында болатын кәдімгі файлдар мен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әмбебап абстракция болып табылады; сыртқы жады құрылғыларынан айрықша құрылғылармен; басқа процестермен динамикалық генерацияланатын ақпаратпен, т.б. Бұл мүмкіндіктерді ұстану үшін UNIX ОЖ файлды жүйенің біртекті әдіспен файлдардың бірнеше типтерін ұстанады, олардың негізгілері кәдімгі (егер күнделікті болса) файлдар файлдық жүйе ұстанатын сыртқы жады құрылғыларындағы блоктар жиыны болып табылады. Осындай файлдар мәтінді ақпаратты сияқты екілік ақпаратты да қамтиды. Файлдық жүйе қолданушы жүйе деңгейінде кәдімгі файлды ұстануды байттар кезегі сияқты қамтамасыз етеіп кәдімгі файлдарға қандайда бір құүрылымды жазбайды.

Операциялық жүйенің өз компоннттерімен интерпритациялауға тиісті кейбір файлдар үшін UNIXөлшенген құрылымды ұстанады. Осындай файлдардың маңызды мысалдары объектілі және орындалатын файлдар болып табылады. Бұл файлдардың құрылымдары компилияторлармен, байланыс редакторымен және жүктегіштермен орындалады. Бірақ бұл құрылым файлдық жүйеге белгісіз. Ол үшін осындай файлдар кәдімгі файлдар болып табылады.

Кәдімгі файлдардың болуы иерархиялық файлдық жүйелерді құру үшін жеткілікті емес. Файлдар атауларын сәйкестендіретін каталогтар немесе олардың физикалық сипаттамасы бар каталогтар қажет. Каталогтар сыртқы жадыда кәдімгі файлда сияқты сақтанатын бірақ құрылымы файлдық жүйенің өзімен ұстанаттын файлдардың ерекше түрі болып табылады.

Каталог - файлының құрылым күрделі емес. Негізінде, каталог - әр элементті екі жолдан тұратын кесте: оның файлдық жүйесіндегі берілген файлдың і- торабының нөмері және осы нөмірмен байланысты файл атауы.

Арнайы файлдар деректерді сақтамайды. Олар физикалық сыртқы құрылғылардың файлдық жүйе атауларына көрсету механизімін қамтамасыз етеді. Жүйемен ұстанатын әр құрылғыға ең аз дегенде бір арнайы файл жатады. Арнайы файлдар mknod жүйел ішақырудың орындалуы кезінде жасалады, әр арнайы файлға сәйкес құрылғының драйвері деп аталатын бағдарламалқы жасақтаманың бір бөлігі сәйкес келеді. Арнайы файлға байланысты оқуды немесе жазуды орындаған кезде бағдарламалық коды қолданушы мен сәйкес физикалық құрылғы процесі арасында деректерді жіберуге жауап беретін сәйкес драйвердің тура шақырылкы болады. Сонымен бірге арнайы файлдар атаулары кәдімгі файлдар атауларын қолдануға болатын барлық жерде қолдануға болады.

Арнайы файлдардың екі түрі болады: блоктық және таңбалық.

Блоктық арнайы файлдар 512,1024,4096, немесе 8192 байттар размерлі деректер байтының блоктарымен ауысу болатын сыртқы құылғыларды елестетеді. Осындай құрылғылардың мысалы ретінде магниттік дискілерді атауға болады. Файлдық жүйелер ылғида блоктық құрылғыларда орналасады, сондықтан mount бұйрығында белгілі бір блоктық құрылғы аталады.

Таңбалық арнайы файлдар тең размерлі деректер блогімен ауысуды талап етпейтін сырқы құрылғыларға ұқсайды. Осындай құрылғылардың мысалы ретінде теминалдарды (сонымен бірге жүүйелі консоль), тізбект құрылғылар, магнитті таспалардың кейбір түрлерін қарастыруға болады. Кейбір таңбалы арнайы файлдар магнитті дискіге ұқсайды.

Блокты құрылғылармен деректерді ауыстырған кезде жүйе деректерді ішкі жүйелі кэште буферлейді. Белгілі бір уақыт интервалынан кейін жүйе «өзгерген» меткасы бар буферлерді «лақтырады». Негізгі қиындық компьютер кездейсоқ өшкен кезде жүйелі кештің ішіндегісі жойылу мүмкіндігі болып табылады. Онда сыртқы блоктық файлдар түсінбеушілік жағдайында қалуы мүмкін.

Таңбалы арнайы файлдармен ауысу жүйелі буферлеуді қолданбай тікелей жүргізіледі.

1- деңгей тапсырмалары:

Тапсырма:

1. rm Файлды немесе директорияны жою әрекетін Unix операциялық жүйеде жүзеге асырыңыз.

Команда форматы: rm [-fri] файл... -i - әр жою кезінде нақтылауды сұрап отыру -r - ішкі каталогпен бірге жою -f - нақтылауды сұрамай, бірден жою Ескерту: Бос директорияны жою үшін келесі команданы қолдануға болады: rmdir директория...Бос емес директорияны жою үшін келесі команданы қолдануға болады: rm -r директория

2. mkdir командасы арқылы директория құрыңыз.

Директорияны құру үшін mkdir командасы пайдаланылады. Команда форматы: mkdir диреткория_аты...

3. chmod Файлға ену құқығын өзгерту.

chmod командасы файлға ену құқығын (атрибуттарын) өзгертеді. Файлға орындалу құқығын беру: chmod u+x file1басқа қолданушыларға файлды өзгетуге құқық беру: chmod a+w file1

2- деңгей тапсырмалары:

1.Командаларды пайдаланып операциялық жүйе туралы ақпараттарды көрсетіңіз.
  1. uname -a
  2. ls /proc
  3. who
  4. mount
  5. df -h
  6. ps aux
  7. ps aux | grep -v user
  8. pstree
  9. top

Тапсырмалар:

2. Запустим длительную команду, например find / > files.txt и приостановим её выполнение с помощью нажатия Ctrl - Z. При этом процессу посылается сигнал SIGSTOP.

Тәжірибелік жұмыс № 13,14,15

Курс тақырыбы: 1.4. Желі конфигурациясын орнату

Сабақ тақырыбы: Желі конфигурациясының орнатылуы және өзгертілуі. Жүйенің күн, уақыт, индексті түйіндер сипаттамаларын орнату Жүйеде тіркелу (init, getty, login, командалық интерпретаторлар)

Желілік арақатынастың базалық механизмдері

UNIX операциялық жүйесі жасалғаннан бастап желілік операциялық жүйе болады.

Ағындар (Streams). UNIX ең бірінші нұсқаларында коммуникациондық құралдар таңбалы кіріс/шығысқа негізделген, өйткені біріншіден ақпараттық негіздер модем мен терминалдар болып табылады. Осындай құралдар салыстырмалы баяу болғандықтан алғашқы нұсқаларында бағдарламалық жасақтаманың модульдігі жайында ойлауға керегі жоқ болады.

TCP/IP(Transmission Control Protocol),SNA(IBM’s System Network Architecture), OSI (Open Systems Internetworking), X.25 сияқтыкөп деңгейлі хаттамаларға негізделген желілік құралдарды құрудың кейбір ортақ негізінің талап етілуі түсінікті болады.

Көп жағдайда бұл қиындық құрылғылар драйверлері мен комуникациялық хаттамалардың жасалуы үшін иілгіш және модульді мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін (STREAMS) ағындар механизімін шығарып жасаған AT&T компаниясымен шешіледі.

Streams желілік шақырулар мен ішкі желілерді және ядро ресурстарынан тұратын жалпы мақсаттағы өзара байланысқан құралдар жиыны болып табылады. Бірігіп бұл құралдар ядро ішіндегі, сонымен қатар ядролар және құрылғылардың сәйкес драйверлерінің арасында қатынастық сервистердің жасалу мен жұмыс істеудінің иілгіш және дамыған мүмкіндіктерін ұсынып үлгілі таңбалы кіріс/шығыс интерфейсін қамтамасыз етеді. Бірақ ағын механизімі қандай да бір нақты желі архитектурасын және нақты хаттамаларды міндетті етпейді. Құрылғының кез келген драйфері open, close, read, write және ioctl амалдардың стандартты жиынымен файлды жүйенің арнайы файлымен ұсынылады. Қолданбалы процесс open желілік шақыруымен қолданып ағынды құрылғыны ашұан кезде ядроны драйвермен ағын аты байланыстырады. Осыдан кейін қолданбалы процесс ағын атымен құрылғының кәдімгі драйвері секілді байланысады. Басқа сөзбен айтқанда, ағын атауы ағынды драйверге қатысты қолданбалы процесспен жасалатын барлық желілік шақырулардың өңделуіне жауап беретін. Егер процесс жазуды құрылғыға орындаса, ағын атауы деректерді құрылғы драйверіне кему бағытымен жібереді. Керісінше құрылғыдан оқу кезінде құрылғы драйвері деректерді ағын атына өсу бағытымен жібереді.

UNIX жүйесімен байланысу үшін сізге қажет:


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 633 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Командалар| Терминал

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.096 сек.)