Читайте также:
|
|
Сот ұйғарымдарын шығару бойынша АІЖК-нің 251-252-баптарымен белгіленген ережелерден басқа ұйғарымдарда төмендегі міндетті мәліметтер болуға тиіс:
· егер арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтын болса, онда ұйғарымда арыз берушінің қандай органға жүгінгені дұрыс екені көрсетілуге тиіс;
· егер іс аталған соттың соттылығына жатпаса, онда ұйғарымда арыз берушінің қандай сотқа жүгінгені дұрыс екені немесе істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатыны көрсетілуге тиіс;
· егер арызды қабылдаудан бас тартылса, өндіріп алушы төлеген мемлекеттік баж қайтарылып беріледі де бұл туралы сот ұйғарымында көрсетіледі;
· егер олқылықтарды жою мүмкіндігі берілген болса, ұйғарымда қандай олқылықтарды жою қажет екені көрсетілуге және оларды жою үшін үш күндік мерзім белгіленуге тиіс.
Соңғы жағдайда судьяның арызды қабылдауға тиіс екенін назарда ұстау керек (АІЖК-нің 144-бабы). Арызды қабылдау туралы нұсқау сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау туралы ұйғарым шығарудың қажеттігін және жоғарыда баяндалған тұжырымдардың негізделгендігін дәлелдейді деп топшылаймыз. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес белгіленген мерзімде олқылықтарды жойса, мемлекеттік бажды төлесе, арыз сотқа алғаш рет ұсынылған күні берілді деп саналады. Бұйрық беру туралы арызды қабылдау туралы ұйғарым сотқа алғаш рет арыз берілген күнмен белгіленуге тиіс.
АІЖК-нің 153, 154, 143-баптарында көрсетілген негіздемелер бойынша арызды қабылдаудан бас тарту және оны қайтару туралы, сондай-ақ олқылықтарды үш күндік мерзімде жою туралы ұйғарым орындалмаған жағдайда, судья ұйғарым шығарады. Барлық жағдайларда іс жүргізу әрекеттері арыз сотқа келіп түскен сәттен бастап үш күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Бұйрық арыз сотқа алғаш рет келіп түскен сәттен бастап үш күн өткеннен кешіктірілмей шығарылуға тиіс.
Сот бұйрығының мазмұны мен оны берудің салдары туралы «Істі қарау нәтижелері бойынша шығарылатын сот қаулылары және олардың мазмұнына қойылатын талаптар», «Атқарушылық іс жүргізу» бөлімдерін қараңыз.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару | | | Тарау. Талап қою |