Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау

МАЗМҰНЫ | Уақыт талап еткен кітап | Тарау. Бұйрық шығару | Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері |


Читайте также:
  1. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  2. Lt;variant> басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  3. Lt;variant> мәжбүрлеп алып келу немесе келетіні туралы міндеттеме алу
  4. Lt;variant> оған қатысты аныпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан тұлға
  5. Азақстан Республикасының жер қорларбасқару туралы агенттігі
  6. Айталама сараптама тағайындау туралы
  7. Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары

Жоғарыда көрсетілген мән-жайларды тексергеннен кейін судья сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім шығарады. Бұйрық беру туралы арызды қабылдау туралы ұйғарымның шығарылуы АІЖК арқылы реттелмеген. Сотта азаматтық іс қозғау туралы жалпы ережелерге, арызды қабылдаудан бас тарту мен оны кері қайтару сияқты іс жүргізу әрекеттерін көздейтін АІЖК-нің 143-бабының ережелеріне сүйене отырып судьяның арызды қабылдау және сотта бұйрық шығару ісін қозғау туралы ұйғарым шығаруы біздіңше дұрыс.

Осындай ұйғарымның болмауы шығарылған сот бұйрығының заңсыз деп танылуына әкеліп соқпайды, бірақ ұйғарым шығаруға да АІЖК нормаларымен тыйым салынбаған. Керісінше, ұйғарымның болмауы, арызды қабылдаудың осы сатысының маңыздылығына судьяның назар аудармауы, біздің ойымызша, арыздың және оған қоса тіркелген құжаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша ұқыпсыздық болып табылатын ықтимал заң бұзушылықтар тізбегіне бастау болады.

Арызды қабылдаумен қатар, АІЖК-нің 13-бабының ережелерін және Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1989 жылғы 22 желтоқсандағы «Соттардың сот ісін жүргізу тілі туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» № 12 қаулысының екінші тармағын ескере отырып, сот ісін жүргізу тілін айқындау қажет деп есептейміз, аталған құжатта азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тілі талап арыз қабылданған кезде айқындалады. Сонымен қатар, сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдау туралы ұйғарымда оның АІЖК-нің 140-142-баптарының талаптарына сәйкестігі туралы мәлімет болуға тиіс. Сот ұйғарымында осындай деректердің болуы судья АІЖК-нің 13-бабының барлық талаптарын орындады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді, ал судьяға АІЖК-нің ережелерін дәл сақтауы турасында өзін өзі бақылауға мүмкіндік береді.

Сот бұйрығын шығару мерзімі АІЖК-нің 145-бабы бойынша арыз сотқа түскен күннен бастап үш күн деп белгіленгенін ескере отырып, бұйрықты шығарар алдындағы арызды қабылдау туралы ұйғарымды судья осы мерзімнен бұрын, бірақ белгіленген үш күннің ішінде шығаруға тиіс.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 175 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері| Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)