Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары

МАЗМҰНЫ | Уақыт талап еткен кітап | Тарау. Бұйрық шығару | Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері | Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау | Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару | Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері |


Читайте также:
  1. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  2. Lt;variant>іске бірнеше талапкерлердің және жауапкерлердің қатысуы
  3. Lt;variant>сотқа талап арыз (арыз) берген тілме
  4. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
  5. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
  6. КАФЕДРА ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ ТАРАПЫНАН СТУДЕНТКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
  7. Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау

Талап арыз түскеннен кейін судья мыналарды мұқият тексеруге тиіс:

· талап арызды қабылдаудан бас тартуға себеп болатын, АІЖК-нің 153-бабымен көзделген құқықтық тыйымдар жоқ па;

· талап арызды кері қайтаруға АІЖК-нің 154-бабымен көзделген негіздемелер жоқ па;

· АІЖК-нің 155-бабына сәйкес, талап арызды қозғалыссыз қалдыру үшін негіздемелер жоқ па;

· сотқа талап қою құқығын іске асыру үшін заңмен көзделген алғышарттар, яғни, белгілі бір тұлғаның нақты бір іс бойынша талап қоюы үшін субъективті құқығының пайда болуы заңмен байланыстырылатын мән-жайлар бар ма. Сотта қорғау туралы сотқа жүгіну үшін осындай алғышарттардың болуы, сотқа жүгінудің заңмен белгіленген тәртібін сақтау қажеттігі (жоғарыдан қараңыз) судьяға белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, яғни, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығару міндетін жүктейді. Іс қозғалмаса жүгінуші субъектілердің бұзылған немесе дауланып отырған құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау мүмкін емес. Соңынан заңсыз іс-әрекеттер мен істерді қарау мерзімдерінің бұзылуын болдырмау үшін әу баста-ақ сотта істі қарау үшін негіздемелер бар екені туралы шешімді дұрыс қабылдауға ұмтылу қажет.

Талап арызды қабылдау кезінде іс жүргізу заңының барлық талаптарының қаншалықты егжей-тегжейлі орындалғанына істің сотта одан кейінгі қозғалысы тәуелді болмақ, себебі судья талап арызды өзінің өндірісіне қабылдағаннан кейін оны қозғалыссыз қалдыра алмайды. Барлық орын алған олқылықтарды судья соңынан сот ісін қарауға дайындалған кезде немесе сот ісін қарау барысында өзі түзететін болады, ал бұл істі қараудың мерзімдері мен сапасына әсер етеді, соттың одан кейінгі қызметі қиындайды. Алғышарттар бар-жоғын анықтаумен қатар судья талап арыздың нысаны мен мазмұны жағынан АІЖК-нің 150-бабының ережелеріне және АІЖК-нің 151-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес келетініне көз жеткізуге тиіс.

Сот талап қою құқығын іске асыруы үшін және арызды қабылдауы үшін төмендегі алғышарттар болуы қажет:

· даудың соттың қарауына жатуы, қойылған талаптың азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде қаралуға жататыны, АІЖК-нің 3-бабының ережелерінің сақталуы;

· дау соттың қарауына жатады, АІЖК-нің 3-бабының ережелері сақталған. Бұл орайда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, АІЖК-нің 8-бабының ережелерімен ешкімге де өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайтынын есте ұстау қажет. АІЖК-нің 7-бабына сәйкес, өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болып табылады және күші жойылуға жатады;

· пайда болған дауды аралық соттың шешуіне беру туралы тараптар арасында шарт жоқ;

· сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот шешімі немесе сот ұйғарымы жоқ;

· осы немесе басқа бір соттың өндірісінде дәл сол тараптар арасында дәл сол дау нысанасы туралы және дәл сол негіздемелер бойынша дау бойынша азаматтық іс жоқ;

· дауды сотқа дейін алдын ала шешудің істердің осы санаты үшін белгіленген тәртібі сақталған;

· арызды әрекет қабілеті жоқ тұлға берген;

· арызды мүдделі тұлғаның атынан істі жүргізуге өкілеттігі бар тұлға берген, АІЖК-нің 6-бабының ережелері сақталған;

· егер коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілеттігі бар орган, жылжымайтын мүлікке деген құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен осы затқа деген коммуналдық меншік құқығын тану туралы сотқа жүгінсе;

· арыз талап арыз сол сотқа жазбаша нысанда беріледі және онда төмендегілер көрсетілуге тиіс деп белгілейтін АІЖК-нің 150-бабының талаптарына сәйкес болса:

- арыз беріліп отырған соттың атауы;

- талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер талапкер қандай да бір ұйым болып табылса, оның орналасқан жері мен банктік деректемелері, сондай-ақ егер арызды өкілі беріп отырса, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

- жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе егер жауапкер қандай да бір ұйым болып табылса, егер олар талапкерге белгілі болса, оның орналасқан жері мен банктік деректемелері;

- талапкердің құқықтарының, бостандықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәні және оның талаптары;

- талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

- егер талап бағалануға жататын болса, талаптың бағасы (АІЖК-нің 102-бабы);

- арызға қоса тіркелген құжаттардың тізбесі;

- даудың шешілуі үшін маңызы бар басқа да мәліметтер, сондай-ақ талапкердің өтінімдері баяндалған;

- прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерде қоятын арызда мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неде екені, қандай құқықтық бұзылу негіздемесі, сондай-ақ заңға немесе басқа нормативтік құқықтық актіге сілтеме болуға тиіс. Прокурор сотқа азаматтың мүддесін білдіріп жүгінген жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюға мүмкіндігінің болмау негіздемесі көрсетілуі тиіс; арыз әрекетке қабілетсіз тұлғаның мүддесі білдіріліп берілген жағдайларды қоспағанда, арызға азаматтың сотқа талап арызбен жүгінуге келісетінін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс;

- арызға талапкер немесе талап арызға қол қою мен ұсынуға өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

· егер талап арызға төмендегілер қоса тіркелген болса, арыз АІЖК-нің 151-бабының 1-3- тармақшасының талаптарына сәйкес келеді:

- жауапкерлердің және үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмелері;

- мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат. Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекспен реттелген. Сонымен қатар судьяның АІЖК-нің 101-103-баптарын басшылыққа алғаны жөн;

- өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат (АІЖК-нің 6-бабы).

АІЖК-нің 151-бабының 1)-3) тармақтарында көзделген құжаттардан бөлек, 4, 6, 7-тармақтарға сәйкес талап арызға төмендегілерді қоса тіркеуге болады:

- талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды растайтын құжаттар, осы құжаттардың жауапкерлер мен үшінші тұлғаларға арналған көшірмелері;

- нормативтік құқықтық акт дауланатын жағдайда, оның мәтіні.

АІЖК-нің 155-бабының ережелерінде АІЖК-нің 151-бабының 4, 6-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру қажеттігі туралы талаптар жоқ. Бұл 4-тармақта талапкер өзінің талаптарының негізіне алатын мән-жайларды растайтын құжаттардың, егер осы құжаттар жауапкерлер мен үшінші тұлғаларда болмаса, құжаттардың соларға арналған көшірмелерінің ұсынылуы туралы талаптардың бар екеніне байланысты болуы мүмкін. Осы айтылған жайларды істі сотқа дейін дайындау кезінде анықтауға болады. 6-тармақта нормативтік құқықтық акт дауланатын жағдайда, талап арызға оның мәтіні қоса тіркеледі деп белгіленеді. Алайда, аталған акт белгілі бір себептер бойынша (оны алудағы қиындықтар және т.б.) талапкерде болмауы да мүмкін, сондықтан ол дәлелдемелерді сұратып алдыруға көмек көрсету туралы арызбен сотқа жүгіне алады. 7-тармақта баяндалған өтінімдер талапкердің қалауы бойынша берілуі мүмкін.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 375 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Талап қою| Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)