Читайте также:
|
|
Талап арыздар соттың кеңсесіне түседі және оны жеке беруге, басқа тұлғалар арқылы беруге немесе почта арқылы жолдауға болады. Олар талап арыздың түскені туралы онда мөртаңба қойылып, тиісті түрде тіркеледі, содан соң сотта белгіленген тәртіпке сәйкес:
· компьютерлік тарату;
· аумаққа жатуын есепке ала отырып;
· мамандандыру бойынша;
· жүктеме бойынша таратылады (Аудандық соттарда іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Почта (немесе басқа байланыс) арқылы түскен талап арызды қабылдау кезінде құжаттарға хат-хабардың жіберілген күні көрсетілген конвертті де қосып қойған дұрыс. Сонда арызды қабылдау туралы ұйғарымда көрсетілген күннің дұрыстығы туралы соңынан күмән туындамайды. Кейбір жағдайларда арыз берген субъектілер талап арыздарын тікелей сот кеңсесіне тапсырады. Мұндай жағдайларда кеңсе қызметкері талап арызға өтініш берген адамның қол қойғанын, қосымшаның талап арызда көрсетілген қосымшаға сәйкес келетінін, талап арыздағы күннің ол сотқа берілген күнге сәйкес келетінін тексеруі қажет. Қосымшада көрсетілген қандай да бір құжаттардың жоқ екені туралы акт жасалуға тиіс. Егер күн-ай бойынша алшақтақ болса, кеңсе қызметкеріне өтініш жасаушыға күн-айды түзетуді ұсыну, бұл орайда түзетілген жазуды екінші қайтара қолтаңбасымен куәландыру қиындық келтірмейді. Мұндай нақтылау судьяның іс жүргізу әрекеттерін заңмен белгіленген мерзімдерде орындаған-орындамағанын кейіннен айқындау үшін маңызды. Бұл орайда кеңсе қызметкерінің өз бетімен судьяның атынан, өтініш жасаушы субъектіге арыздың мәтініне қандай да бір басқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасауға, қандай да бір құжаттарды көрсетуді талап етуге құқығы жоқ. Азаматтық іс жүргізу заңымен мұндай іс-әрекеттерді тек судья ғана жүзеге асыра алатыны анық реттелген.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 582 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | | | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері |