Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау

Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару | Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері | Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау | Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау. |


Читайте также:
  1. D. Құжат масштабын өзгерту үшін
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  4. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  5. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  6. Lt;variant>шағымданған сот актісінің заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде
  7. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары

Әр тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындай отырып, судья тараптарға олардың дәлелдемелерді сұратып алдыруға көмектесу туралы өтінім беру құқығын түсіндіруге, АІЖК-нің 66-бабының талаптарына сәйкес қосымша дәлелдемелерді көрсетуді ұсынуға міндетті. Іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың осы дәлелдемемен анықталатыны немесе жоққа шығарылатыны; дәлелдемені өз бетімен алуға кедергі келтіретін себептер және оның орналасқан жері; дәлелдемелердің тағдыры үшін және оларды болашақта көрсетудің мүмкін еместігі немесе қиындық келтіретіні үшін қауіптенуге негіздің бар-жоғын көрсетіп, негізделген өтінімдер болған жағдайда істі сотта қарауға дайындау кезінде судья төмендегілерді іске асырады:

осы өтінімді мәлімдеген тұлғаға дәлелдемені алу үшін сұрау салады. Аталған дәлелдемені сотқа дейінгі дайындық барысында тікелей сотқа ұсынуға немесе сұрау салған тұлға арқылы беріп жіберуге болады. Дәлелдемені сұратып алу туралы кез келген өтінімнің қанағаттандырылуға жата бермейтінін есте ұстау қажет. Дәлелдемелер бойынша немесе олардың бірінің екіншісіне қарағанда артықшылығы туралы өзінің пікірін білдірместен, судья сұратып алынатын дәлелдеменің іске қатысы бар-жоғын анықтауға тиіс;

· егер дәлелдемелер жинау туралы өтінім басқа қалада немесе ауданда берілген болса, жекелеген іс жүргізу әрекеттерін іске асыру үшін тиісті сотқа сот тапсырмасы жолданады (АІЖК-нің 72-бабы);

· сотқа жазбаша дәлелдемелер ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот тиісінше куәландырылған көшірмелер мен үзінділердің ұсынылуын талап ете алады немесе жазбаша дәлелдемелер сақталатын жерде оларды қарап шығуды және зерттеуді іске асыра алады (АІЖК-нің 84-бабы). Бұл орайда жылдам бүлініп кетуі мүмкін заттай дәлелдемелерді қарап шығу дереу іске асырылады және оларды қарап шығу үшін ұсынған тұлғаға қайтарылып беріледі. Заттай дәлелдемелерді қарап шығу, сақтау және билік ету тәртібі АІЖК-нің 86-90-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;

· Дәлелдемелерді қамтамасыз ету мақсатында судьяның дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы аталған арыз сол арызды берушіні және іске қатысатын басқа тұлғаларды хабардар ете және шақыра отырып сот отырысында қаралады, алайда олардың келмеуі осындай арызды қарау үшін кедергі бола алмайды (АІЖК-нің 74-76-баптары). Дәлелдемелерді қамтамасыз ету мәселелерін тек сотта іс қозғалғаннан және талап арыз қабылданғаннан кейін ғана шешуге болады. Нормативтік қаулыға сәйкес оларды қамтамасыз ету бойынша шараларды іс қай соттың өндірісіне жатса, сол сот қабылдайды. Судья ұйғарымда тараптың өтінімі бойынша істі сотта қарауға дайындау барысында қамтамасыз етілуі (нақты куәлер сұралуы, дәлелдемелерді қарап шығу және т.с.с.) мүмкін дәлелдемелерді көрсетеді. Егер судья дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау үшін негіздемелер жоқ деп тапса, онда талапты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Істі сотта талқылауға дайындау кезінде Қазақстан Республикасының басқа ауданында немесе қаласында орналасқан дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінімді судья сот тапсырмасы туралы ұйғарым шығару жолымен шешеді, ол АІЖК-нің 73-бабымен көзделген тәртіпте орындалады. Шетелдік мемлекетте орналасқан дәлелдемелерді қамтамасыз етуд немесе дәлелдемелерді сұратып алуда тарапқа жәрдем көрсетуді судья сот тапсырмасы туралы ұйғарым шығару жолымен іске асырады. Бұл ұйғарымды тиісті шетел мемлекеттің соты Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасаған "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияның" ережелеріне сәйкес немесе Қазақстан Республикасы жасаған және бекіткен басқа да халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес орындайды.

· сот отырысына куәлерді шақыру туралы мәселені шешеді;

· талапты қамтамасыз ету мақсатында судьяның талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарым шығаруға құқығы бар. Талапты қамтамасыз ету туралы арызды АІЖК-нің 15-бабының және нормативтік қаулының ережелерін ескере отырып, тараптарды шақырмастан қарауға жол беріледі. Нормативтік қаулы талапты қамтамасыз ету бойынша борышкердің мүлкіне тыйым салу сияқты шараны қабылдау кезінде тыйым жауапкерге меншік құқығы (соның ішінде ортақ, үлестік) бойынша тиесілі мүлікке және тек талапкер мәлімдеген ақшалай талаптар сомасының шектерінде ғана салынатынын судьялардың ескергені дұрыс. Басқа талаптар бойынша судьяның талапты қамтамасыз ету бойынша шара ретінде АІЖК-нің 159-бабының бірінші бөлімінің 2)-4) тармақшаларында көрсетілген шараларды қабылдауға құқығы бар.

· АІЖК-нің 165-бабына сәйкес, судьяның талапты қамтамасыз ету туралы арыз берген талапкерден талапты қамтамасыз ету шараларымен жауапкерге келтірілген ықтимал залалдарды қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қаражат немесе басқа мүлік беруін талап етуге құқығы бар. Судьяның талапты қамтамасыз ету туралы ұйғарымына мүдделеріне қатысы бар тұлғалар шағым бере алады, сондай-ақ оған АІЖК-нің 164-бабының екінші бөлімімен көзделген тәртіпте прокурор нарызылық білдіре алады.

· Сотқа дейінгі дайындық тәртібінде судьяның төмендегілерге құқығы бар:

· АІЖК-нің 91-бабына сәйкес, сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығару. Істің материалдары бойынша арнайы білімді пайдалану қажеттігі туындайтын жағдайларда дәл осы сотқа дейінгі дайындық тәртібінде сараптама жүргізу арқылы судья көп жағдайда істі болашақта қараудың уақтылылығын қамтамасыз етеді, сөзбұйдаға салуды және тараптардың сотқа тоқтаусыз шақырыла беруін болдырмайды. Сараптама тағайындау туралы мәселелені шешкен кезде судья талапкердің немесе жауапкердің сараптама тағайындау туралы өтінімі қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға тиісінше хабарлауға міндетті, алайда бұл тұлғалардың сотқа келмеуі сараптама тағайындау туралы өтінімді қарау үшін кедергі болып табылмайды. Судья сотқа келген тараптарға сарапшылардың алдына қойылуға тиісті сұрақтарды тұжырымдау құқығын түсіндіреді, алайда сарапшы жауап беруге тиісті сұрақтардың түпкілікті шеңберін сараптама тағайындау туралы ұйғарымда судья көрсетеді. Сарапшылардың шешуіне тек ғылым, техника, өнер салаларындағы арнайы білімді талап ететін сұрақтар ғана қойылады. Шешілуі соттың құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер сарапшының шешуіне қойылмайды. Егер іс үшін маңызы бар арнайы мәселені шешу үшін сараптама қажет болса, талапкердің талап арызында соттан сараптама жүргізу туралы өтінуге құқығы бар. Арызға талапкер немесе оның өкілі қол қояды, айы-күні көрсетіледі, өкіл берген арызға сенімхат немесе оның өкілеттіктерін растайтын басқа құжат қоса тіркелуге тиіс;

· судья қосымша сараптама тағайындай алады, бірақ екінші қайтара сараптама тағайындай алмайды (себебі дәлелдемелерді зерттеу, салыстырып қарау, талдау, бағалау қажет болады, ал бұған тек істі сотта қарау кезінде ғана жол беріледі);

· іске қатысуға аудармашыны тарту туралы мәселені шешу;

· талапкердің өтініші бойынша ол берген арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады;

· басқа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды. АІЖК осындай іс жүргізу әрекеттерінің тізбесін шектемейді, олардың орындалуы қойылатын талаптардың нысынасы мен негіздемесіне байланысты.

 

Зиянды өтеу туралы істі сотта талқылауға дайындау кезінде айқындалуға және анықталуға тиісті, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шамамен алынған шеңберін ұсынамыз.

Сот тарапынан міндетті түрде анықталуға жататын және заңда көзделген кез келген негіздемелер бойынша зиянды өтеу туралы даулар бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар:

· зиянның келтірілу фактісі;

· зиян келтірушінің іс-әрекеттері мен келтірілген зиянның арасындағы себептік байланыс;

· заңмен белгіленген жағдайларда кінәнің болуы;

· заңмен белгіленген жағдайларда зиян келтірушінің іс-әрекеттерінің құқыққа қайшылығы;

· зиянның мөлшері.

Мысалы, сотқа дейінгі дайындық тәртібінде зиянды өтеу үшін сот алып берген сомалардың мөлшерін өзгерту туралы істер бойынша сот зиянды өтеу үшін алып берген сомалардың мөлшерін өзгерту үшін негіздердің пайда болуы жөнінен дәлелденуге жататын мән-жайлар шеңберін айқындауға, талапкердің АІЖК-нің 65, 66-баптарының талаптарын орындауын, оның талаптарын растайтын осындай дәлелдемелерді көрсетуін ұсынуға тиіс. Осындай кейбір дәлелдемелер ретінде төмендегілер жүре алады:

- зиянды өтеу үшін сомаларды алып берген сот шешімінің көшірмесі;

- жәбірленушінің еңбек қабілетінің соттың шешімінен кейін жақсарғанын немесе төмендегенін растайтын ДЕСК немесе сот-медициналық сараптаманың қорытындылары;

- алынатын зейнетақы туралы анықтама;

- әкімшіліктің немесе кәсіподақ комитетінің зиянды өтеу үшін сот алып берген сомалардың мөлшерін ұлғайту туралы жәбірленушінің арызы бойынша қабылдаған шешімінің көшірмесі (егер қызметкердің мертігуі немесе денсаулығына зақым ол еңбек міндеттерін атқарған кезде келтірілген жағдайда).

Соттың шешімі шығарылғаннан кейін зиянды өтеуге байланысты төленетін сомаларды айқындауға әсер ететін жағдайлар өзгерген (еңбек қабілетін жоғалту дәрежесінің, төленетін зейнетақының және т.с.с. өзгеруі) жағдайда, жәбірленуші де, сондай-ақ зиян келтіруші де зиянды өтеу үшін сот алып берген сомалардың мөлшерін тиісінше ұлғайту немесе азайту туралы талап арызбен сотқа жүгіне алады.

Қылмыстық іс-әрекеттерден зардап шеккен азаматтардың емделуіне жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап арыздар бойынша төмендегілер дәлелденуге тиіс:

жауапкердің жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірудегі кінәсі, жауапкердің қасақана іс-әрекеттер үшін сотталуына негіз болған үкімнің көшірмесі оған дәлелдеме бола алады;

· жәбірленушінің емделген уақыты, жазбаша медициналық құжаттар, емдеу мекемелерінің анықтамалары оның дәлелдемесі бола алады;

· іс жүзіндегі шығыстар.

Дәлелдеуге жататын мән-жайлардың көрсетілген шеңбері зиянды өтеу туралы істердің әр түрлі санаттары бойынша түпкілікті болып табылмайды және талап арыздың нысанасы мен негіздемесіне, сондай-ақ жауапкерлердің қарсы талаптарының және қарсылықтарының негіздемелері мен нысанасына тәуелді болады.

Қалай болғанда да, АІЖК-нің 67-68-баптарының талаптарына сәйкес, судья олардың іске қатыстылығын және дәлелдеме ретінде жарамдылығын есепке ала отырып, оларды бағалауға тиіс.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу| Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)