Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау

Тарау. Бұйрық шығару | Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері | Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау | Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару | Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау |


Читайте также:
  1. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  2. Lt;variant> сотталушы сотта көрсетпе беруден бас тартса
  3. Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері
  4. Кейстер дайындауға және СӨЖ – ге арналған тапсырмалардың тақырыптары
  5. Сотта іс қарау.
  6. Тарау. Қылмыстық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама
  7. Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама.

Сотта азаматтық іс қозғау бойынша іс жүргізу әрекеттерін іске асырғаннан кейін судья АІЖК-нің 16-бабының талаптарына сәйкес, істі сотта талқылауға дайындауды іске асыруға тиіс, оның мақсаты істі дер кезінде және дұрыс шешу болып табылады. Істі сотта талқылауға дайындауды іске осыдан кейін сот талқылауын жүргізуге ештеңе кедергі жасамайтындай етіп жүзеге асыру қажет.

Істерді сотта талқылауға дайындауды іске асырған кезде судьялар азаматтық іс жүргізу кодексінің ережелерін және Жоғарғы Соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Істерді сотта қарауға дайындау туралы» № 21 нормативтік қаулысын (бұдан әрі нормативтік қаулы) басшылыққа алулары қажет.

Сотқа дейінгі дайындықты жүргізу кезіндегі судьялардың қателіктері төмендегідей болып табылады:

· сотқа дейінгі дайындық мерзімдерін ұзарту үшін негіздемелер бар екеніне қарамастан, мерзімдер ұзартылмайды. Судьялар аталған жайтты мұның азаматтық істердің жекелеген санаттарын қоспағанда, істі қараудың АІЖК-нің 174-бабымен белгіленген 2 айлық жалпы мерзіміне әсер етпеуімен түсіндіреді. Ал мұндай пікірлер істерді сотқа дейін дайындау институтының негізгі мақсатына сәйкес келмейді;

· сотқа дейінгі дайындық тараптарды шақырып, талап арыздың көшірмесін 7 күн ішінде беру арқылы ресми түрде жүргізіледі.

· сотқа дейінгі дайындық туралы ұйғарымның орындалуы қамтамасыз етілмесе, сотқа дейінгі дайындықтың жүргізілмегені көрсетіле отырып іс тыңдауға тағайындалады.

· іс жүзінде сотқа дейінгі дайындық іс тыңдауға тағайындалғаннан кейін және сот отырысының кем дегенде бір күні өткен соң жүргізіледі.

· сотқа дейінгі дайындық тиісінше жүргізілмегендіктен істі тыңдаудың үнемі кейінге қалдырылуы және мерзімдердің бұзылуы.

Мұндай бұзушылықтар, сөз жоқ, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс айқындалмауына байланысты және АІЖК-нің 16-бабында көрсетілген басқа негіздемелер бойынша кейіннен соттардың шығарған шешімдері мен ұйғарымдарының күшінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.

АІЖК-нің 166-бабының талаптарына сәйкес, әр іс бойынша істі сотта талқылауға дайындаудың міндетті мақсаттары төмендегілер болып табылады:

1. істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;

2. басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындау;

3. іске қатысушы тұлғалардың және процестің басқа да қатысушыларының құрамы туралы мәселені шешу;

4. әр тарап өзінің тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау.

Істі сотта талқылауға дайындауды сот әр іс бойынша, АІЖК-нің 168-бабының талаптарына сәйкес шығарылған соттың ұйғарымы бойынша іске асырады. Мұндай дайындық соттың шешімінің немесе ұйғарымының апелляциялық немесе қадағалау тәртібінде күші жойылып, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға түскеннен кейін де іске асырылуға тиіс, себебі тек шешімнің немесе ұйғарымның күші жойылғаннан кейін ғана іс сотқа қайтадан түскен іс ретінде қаралатын болады; жоғары сатыда тұрған мекеменің нұсқауларын орындау мақсатында сот іс бойынша шындықты анықтауға, тараптардың пікірлерін және олар ұсынған дәлелдемелерді тексеруге бағытталған белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін іске асыруға тиіс. Істі сотта талқылауға дайындау туралы сот ұйғарымының қорытынды бөлімінде сот істі сотта қарауға дайындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан барлық іс жүргізу әрекеттерін көрсетуге тиіс.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 619 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері| Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)