Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама.

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы | Рт‑техникалық сот сараптамасы | Жол‑көлік оқиғаларының және көлік құралдарының сот сараптамасы | Жаттардың сот сараптамасы | Сот тауартану сараптамасы | Сот биологиялық сараптама | ЙҒАРЫМ | ЙҒАРЫМ | ОРЫТЫНДЫ | ТҰЖЫРЫМДАР |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА
  3. Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы.
  4. Сот‑биологиялық сараптама.
  5. Сот-баллистикалық сараптама.
  6. Сот-баллистикалық сараптама.
  7. Тарау. Қылмыстық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама

Соттарға келіп түсетін ар‑намысын, қадір‑қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талаптар санының, мәтін немесе сөз сот процесіндегі аса маңызды дәлелдемелердің қайнар көзі болып табылатын істер бойынша процестердің көбеюі сот сараптамаларының бір түрі болып табылатын филологиялық (лингвистикалық) сараптаманың өзектілігін арттырып отыр. Сараптамалардың бұл санаты даулы жағдайлар туындайтын және ауызша айтылған немесе жазылған сөзге қатысты кінарат қойылатын барлық жағдайларда, азаматтық, сол сияқты қылмыстық процесте де үлкен сұранысқа ие болуда.

Тараптың өтінімі немесе өзінің бастамасы бойынша сот филологиялық сараптама тағайындайды. Оны тағайындаудың негіздемесі мен тәртібі қолданыстағы заңдармен белгіленеді (ҚР АІЖК-нің 91-бабы).

Сараптаманың мақсаттары мен міндеттері:

- шешімін табу үшін тіл туралы ғылым саласында арнайы білімнің болуын қажет ететін мәселелер бойынша сарапшының зерттеу жүргізуі және қорытынды беруі;

- арнайы филологиялық білімнің негізінде нақты іс бойынша дәлелденуге тиіс мән‑жайларды анықтау.

Лингвистикалық сараптаманы мемлекеттік сот сарапшылары жүргізеді, сондай‑­ақ сараптама жүргізуді сот арнайы білімі бар, бірақ мемлекеттік сараптама мекемесінің қызметкері болып табылмайтын лингвистке (тіл маманына) тапсыра алады. Мемлекеттік емес сот сарапшылары ретінде ғылыми‑зерттеу институттарының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, беделді ғалымдар және әр түрлі ұйымдар мен ведомстволардың негізгі жоғары филологиялық білімі, ғылыми дәрежесі мен атақтары бар қызметкерлері әрекет етуі мүмкін.

Сот‑лингвистикалық сараптама жүргізуге қажеттілік көбінесе мына жағдайларда: қылмыстарды ашу мен тергеу (жала жабу, қорлау, ұлттық араздық, қорқытып алу, авторлық және аралас құқықтарды қорғау және т.б.), қылмыстық және азаматтық істерді сотта қарау (ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді, авторлық құқықты қорғау және т.б.), азаматтық дауларды қарау кезінде туындайды.

 



Лингвистикалық сараптама қандай жағдайларда қажет:

Филологиялық сараптама тағайындаған кезде сұрақтарды қалыптастыру:

Лингвистикалық сараптама мына басты сұраққа жауап беруге тиіс: жарияланған мәтін, жекелеген сөйлемдер, сөздер, сөз тіркестері арқылы аталған жарияланымда, жария сөйленген сөзде сөз болып отырған адамның іскерлік беделіне қандай да бір моральдық зиян немесе нұқсан келтіріле ме, сондай-ақ қарастырылып отырған мәтіннен осындай нұқсанды көруге бола ма.

Осыған қарай ар‑намысты, қадір‑қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істерді қарау кезінде (ҚР АІЖК-нің 143-бабы) сот сарапшылар алдына кем дегенде үш басты мәселені қоюға тиіс:

 

 

Сондай-ақ:

1. Егер ұсынылған материалдарда аталған тұлға туралы теріс ақпарат бар болса, бұл ақпарат азаматтың (ТАӘ) жақсы атын қаралайтын, ар-намысы мен абыройына тиісетін, оның іскерлік беделін кемсітетін деп қабылдана ма?

2. Атап көрсетілген сөйлемдерді лингвостилистикалық талдау оларда азамат (ТАӘ) қолданыстағы заңды, моральдық нормалар мен қағидаларды бұзғаны туралы нақты айтылған сөздер түрінде, сондай-ақ оның қоғамдық қызметін масқаралайтын, іскерлік және қоғамдық беделін кемсітетін нақты айтылған сөздер түрінде мәлімет бар екенін растай ма?

3. "..." (атауы) мақаласының қандай бөліктерінде "..." (атауы) заңды тұлғаның / қоғамдық ұйымның / фирманың / мекеменің іскерлік беделі туралы ақпарат бар?

4.... жарияланған мақаладағы “...” абзацының/ “...” сөйлемінің мәтінмәнінде “...” сөзі қандай мағынада қолданылған?

5. “...” жарияланымының ең елеулі әрі маңызды жанрлық, психолингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктері қандай?

6. Егер мақалада баяндалған мәлімет шындыққа сәйкес келмесе, оны талапкердің (азаматтың, “...” кәсіпорнының) іскерлік беделін қаралайтын мәлімет деп бағалауға бола ма?

7. Мақаланың (мақалалардың) мәтінінің композициялық құрылымы қандай, автор қандай көркемдік тәсілдерді қолданады және олар жарияланымның кейіпкерлерін қалай сипаттайды?

8. “...” абзацта баяндалған мәлімет фактілер туралы нақты айту болып табыла ма, егер олай болса, қандай фактілер, әлде мақала авторының ((журналистің, редакцияның) пікірі ме?

Сот үшін сарапшының қорытындысы міндетті емес және сот оны басқа дәлелдемелермен қатар бағалайды. Соттың сарапшы қорытындысын бағалауы қорытындының өзінің болмысын бағалауға негізделеді. Соттың қорытындымен келіспеуі сот шешімінде немесе ұйғарымында дәлелденуге тиіс. Сараптама өткізілетін уақытта іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға болады.

Сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, бұрын берілген қорытындының дұрыстығы немесе негізделгендігі күмән тудырған жағдайларда сот қосымша сараптама тағайындап, оны жүргізуді сол сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсыруы мүмкін. Қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымында сондай-ақ сарапшының немесе сарапшылардың бұрын берілген сараптамасына соттың келіспеуінің дәлелдері келтірілуге тиіс.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 404 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сот‑құрылыс сараптамасы| Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)