Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сот‑биологиялық сараптама.

Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы | Сот-баллистикалық сараптама. | Жол‑көлік оқиғасының мән‑жайларын сот‑сараптамалық зерттеу. | Бухгалтерлік сот‑сараптамалық зерттеу. | Сот‑тауартану сараптамасы. | Сот құрылыс сараптамасы. | Имараттар мен құрылыстарды құрылыс‑экономикалық сот‑сараптамалық зерттеу. |


Читайте также:
  1. Сот-баллистикалық сараптама.
  2. Сот-баллистикалық сараптама.
  3. Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама.

Сот‑биологиялық сараптаманың нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: жануарлардан немесе өсімдіктерден шыққан, зерттеу үстіндегі объектіні анықтау және оны белгілі бір таксо­номиялық топтарға (топқа, тұқымға, текке, түрге) жатқызу; салыстырылып отырған объектілердің жалпы қай текке (топқа) жататындығы; салыстырылып отырған объектілердің шығу тегінің ортақ екендігі; өсімдіктен немесе жануардан шыққан нақты объектінің ұқсастығы (объектінің бір бөлігінің тұтасқа жататындығы); объектінің және қылмыс оқиғасының арасындағы себеп‑салдарлық байланыстар; объектінің және зерттеліп отырған оқиғаның арасындағы уақыт бойынша байланыстар (даму фазасы, сатысы).

Биологиялық сараптаманың объектілері мыналар болып табылады: өсімдіктер немесе олардың бөлшектері, өсімдіктер тіршілігінің өнімдері, өсімдік шикізатын өңдеу өнімдері, жануарлар организмдері, олардың бөлшектері, жануарлар тіршілігінің өнімдері, жануарлардан алынған шикізатты өңдеу өнімдері, оқиға орнының материалдық ахуалы, сондай‑ақ сараптама нысанына жататын қылмыстық іс материалдары.

Сараптамалық зерттеу объектілеріне төмендегілер жатады:

1.Организмдер және олардың қалдықтары: бүтін өсімдіктер және олардың бөліктері – сабағы, жапырағы, тамыры, гүлдері, тұқымы, тозаңы, қабығы; тұтас жануарлар немесе олардың жекелеген бөліктері – шашы, терісі, сүйектері, мүйізі; құстар және олардың қауырсын жабындысы; балықтар, олардың сүйекті скелеті, қабыршақтары мен уылдырығы; ересек насекомдар, олардың личинкалары, хитинді скеле­тінің бөліктері; өсімдіктердің немесе жануарлардың зерттеліп отырған оқиғаға еш байланыссыз тіршілік ететін табиғи жиынтықтары.

2.Организмдердің тіршілігі мен қызметінің өнімдері: жануарларда – нәжіс, ішкі секреция органдарынан бөлініп шығатын заттар немесе органдардың өзі, өт іркілетін қалта және тастар, жыныс бездері және олардан бөлінетін секрет (бұғылардың шапшып ағызуы); өсімдіктерде – өрмекшінің торы, кокондар, прополис, бал және басқалар; өсімдіктерде – шайыр, сүт шырыны, тозаң, крахмал, жемістер.

3.Адамның өндірістік қызметіне, сол сияқты қылмыс жасаған адамдардың нақты әрекеттерінің механизміне байланысты пайда болған биологиялық объектілердің жасанды жиынтықтары: ағаштан, өсімдік шикізатынын жасалған бұйымдар, үгінділер, пішен, сүрлем және құрамажем массалары, астық қоймаларындағы астық, темекі шикізаты және темекі бұйымдары, қағаз өнімідері және т. б.; өңделген тері және теріден жасалған бұйымдар, жүн, аң терілері, ішік тігуге арналған қой терісі шикізаты, мүйіз және сүйек шикізатынан жасалған бұйымдар және т. б.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Имараттар мен құрылыстарды құрылыс‑техникалық сот‑сараптамалық зерттеу.| Психологиялық‑криминалистикалық сот сараптамасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)