Читайте также: |
|
Сараптамалық зерттеудің нысаны ЖКО ахуалдарына қарап анықталады, олар мынадай болуы мүмкін: жүріп келе жатқан көлік құралдарының соқтығысуы, көлік құралының қозғалыссыз тұрған объектіні қағып кетуі, көлік құралының жаяу жүргіншіні қағып кетуі, көлік құралының тартып кетуі, аударылуы.
Зерттеулер мына жайттарды анықтау мақсатында жүргізіледі: ЖКО-ға қатысушылардың қалыптасқан жол‑көлік жағдайындағы әрекеттерінің Жол жүрудің және көлік құралын іске пайдаланудың қауіпсіздігі ережесінің техникалық талаптарына сай екендігі, нақты қалыптасқан жағдайды ескеріп оқиғаның механизмі; жүргізушіде ЖКО болдырмауға техникалық мүмкіндігінің болғаны не болмағаны.
Қылмыстық іс материалдары – оқиға орнын және көлік құралын қарау хаттамалары, тергеу экспериментінің хаттамалары, көлік құралының жай‑күйіне сараптама жасаудың нәтижесінде берілген қорытынды және т. с. сараптаманың объектілері болып табылады.
Көлік‑трасологиялық сот‑сараптамалық зерттеу.
Көлік‑трасологиялық сараптаманың нысаны ЖКО барысында іздердің пайда болу механизміне, сондай‑ақ аталған оқиға элементтерінің механизміне қатысты мән‑жайларды анықтау болып табылады.
Зерттеу объектілері көлік құралдары және олардың бөліктері, киім және аяқ киім, сондай‑ақ сараптама нысанына жататын қылмыстық іс материалдары болып табылады.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 279 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сот-баллистикалық сараптама. | | | Бухгалтерлік сот‑сараптамалық зерттеу. |