Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша

Судья А.Х. Батыров | Тарау. Апелляциялық шағым беру | Тарау. Азаматтық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері | Тармақ бойынша | В-тармақ бойынша | Тармақ бойынша | А-тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелеріне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды (АІЖК-нің 98-бабының 3,4,5,6-бөлімдері).

Қайталама сараптама үшін сараптама тағайындау туралы ұйғарым негіз болады. Қайталама сараптама тағайындау себептері егжей-тегжейлі дәлелденуге тиіс. Атап айтқанда, алғашқы сараптаманы жүргізген сарапшының берген қорытындысының дұрыс емес және негізсіз деп танылған немесе оған күмән туғызатын ережелерін, сондай‑ақ сарапшы тұжырымдарының шынайылығына күмән келтіруге негіз болған істің мән‑жайларын көрсету; сарапшы анықтаған нақты деректердің іс бойынша басқа дәлелдемемен қарама‑қайшылығы нақты неде екендігін түсіндіру қажет.

Қайталама сараптамалар әдетте басқа сарапшыға немесе құрамына бастапқы қорытындыны берген сарапшы да кіретін сарапшылар комиссиясына тапсырылады.

Қорытындының негізделмегендігі сарапшының тұжырымдары жүргізілген зерттеудің нәтижелеріне толық немесе ішінара негізделмеген немесе зерттеу шындықпен жанаспайтын бастапқы деректерге құрылған дегенді білдіреді.

Қорытындының дұрыстығына күмән келтіру мына себептерден: қорытындының іс материалдарына қайшы келуінен; сарапшының бірнеше тұжырымының арасында өзара қарама‑қайшылық болуынан; қорытындының көрінеу жалған екендігін судьяның анықтауынан; сараптаманы тағайындау және жасау кезінде іс жүргізу заңын елеулі бұзушылық болғандығы анықталуынан туындауы мүмкін.

Қайталама сараптама қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен судья келіспеушілік білдірген жағдайда да тағайындалуы мүмкін.

Сарапшының тұжырымдарымен келіспеушілік болған жағдайда қайталама сараптама тағайындау міндетті емес.

Қайталама сараптамалардың талдамалы деректері көрсетіп отырғандай, соттардың өз қаулыларында қайталама сараптама тағайындаудың себептерін көрсетпеуі, қаулыларын негіздемеуі жиі орын алады. Қаулыда: қорытынды «іс материалдарына қарама‑қайшы келеді», «тұжырымдары күмән туғызады», «сенімді емес» және т. с. ғана көрсетумен шектелу жиі кездеседі.

Біздің пікірімізше, алғашқы қорытындыға қатысты қаулыда қамтылатын сын ескертпелер оның мәні бойынша дұрыс еместігін білдірмейді. Қорытындының істің мән‑жайларына қайшы келуі, сарапшының мәні бойынша дұрыс қорытындыларының негізсіздігі олардың ақиқаттығына күмән туғызуы мүмкін.

Қайталама сараптамалардың барысында жалпы міндеттерден басқа, алғашқыларын тексеру жүзеге асырылады.

Қайталама сараптама тағайындау кезінде судья зерттеліп отырған объектілердің жойылуы немесе елеулі өзгеруі салдарынан қайталама сараптама жүргізудің іс жүзінде мүмкін болатындығын анықтайды.


 

 
 
 
 
 

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 101 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша| Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)