Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Сараптама жасауға ұсынылатын объектілері сараптамалық зерттеу үшін

Йғарым | СОТ БҰЙРЫҒЫ | СОТ БҰЙРЫҒЫ | Йғарым | Ш Е Ш І М | Йғарым | Судья А.Х. Батыров | Тарау. Апелляциялық шағым беру | Тарау. Азаматтық сот ісін жүргізу кезінде сараптама тағайындау, жүргізу және оған баға беру кезіндегі іс жүргізу әрекеттері | Тармақ бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Сараптама жасауға ұсынылатын объектілері сараптамалық зерттеу үшін жарамды болуға тиіс.

Сараптамалық зерттеудің сәтті болуы сараптама жасауға ұсынылған салыстырмалы материалдардың сапасына тәуелді болады. Түзілуінің уақыты мен жағдайларына байланысты салыстырмалы материалдар еркін (аталған іске байланыссыз дайындалған үлгілер) және сынамалық (аталған іске байланысты белгіленген тәртіпте алынған үлгілер) болып бөлінеді. Еркін және сынамалық үлгілерге салыстырмалылық және өзгермеушілік сияқты талаптар қойылады. Олар сарапшыға зерттеу үшін жеткілікті мөлшерде тапсырылуға тиіс.

Егер сараптамалық зерттеу объектілерінің көлемі және қасиеттері оларды буылып-түйілген түрде беруге мүмкіндік бермесе, онда сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс (АІЖК-нің 93-бабының 2,3-бөлімі).

Кез келген сараптаманы жүргізудің елеулі шарты сарапшыға тиісті іс материалдарын беру болып табылады. Сараптама объектілері ретінде заттай дәлелдемелер, салыстырмалы үлгілер, сарапшыға қажетті ақпаратты қамтитын және сараптама нысанына жататын істің өзге материалдары болып табылады.

Әдетте сарапшылар зерттейтін объектілер – заттай дәлелдемелер мыналар болып табылады:

· адамның қолтаңбасы туралы ақпаратты қамтитын құжаттар (мәтіндер, қойған қолы, сандық жазбалар); сия, қағаз, құжаттар жасау үшін пайдаланылатын жазу аспаптары, сондай-ақ олардың ішіндегі мөрлер мен мөртабандардың және жазу машинкаларының таңбалары;

· адам, заттар, жердің учаскесі, іздер бейнеленген фотографиялық суреттер, сондай-ақ фотоматериалдар (фотоқағаз, айқындаушы және тіркеуші заттар және т. с.);

· материалдар, заттектілер, олардан жасалған бұйымдар; өсімдік және жануар текті объектілер, топырақтың (тозаңның) микробөлшектері;

· бөліктерге ажыратылған заттар, сондай-ақ бөлігі, белгілі бір ортақтығы (мысалы, шығу тегі) бойынша, олардың қай текке, түрге, топқа жататындығы немесе жеке‑дара екендігіне қарап, біртұтас нәрсені анықтау мәселесі қойылатын материалдар және олардан жасалған бұйымдар (олардың іздері, микробөлшектері);

· бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттары, жоспарлау-қаржылық, жобалау құжаттамасы.

Сараптама объектілерінің толық тізбесін беру мүмкін емес: бәрі істің нақты мән-жайларына байланысты. Салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін арнайы іріктеп алынатын, заттай дәлелдемелермен бір тектес болып табылатын объектілер де (мысалы, сия, жердің нақты учаскесінен алынған топырақ бөлшектері, боялған заттар) үлгі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Сараптамаға заттай дәлелдемелерді жібере отырып, судья сараптаманың тікелей объектісін анық белгілеп көрсетуге, оны сараптама тағайындау туралы ұйғарымда сипаттауға міндетті. Бұл өзінің алдына қойған міндетті сарапшының дұрыс түсінуіне және оны табысты шешуіне көмектеседі.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 126 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
В-тармақ бойынша| А-тармақ бойынша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)