Читайте также: |
|
(Істі сотта талқылауға дайындау туралы)
2005 жылғы 4 наурыз Астана қаласы
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы М.В.Иванова Петров Валерий Владимировичтің Сидорова Виктория Константиновнаға мәмілені күшінде жоқ деп тану туралы талап арызын қарап төмендегіні
анықтады:
Талапкердің талаптары неке бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылар арасында мүліктің бөлінбегеніне негізделген. Некені бұзу туралы шешімнен тараптардың арасында мүлік бойынша даудың жоқтығы байқалады.
Талап арыз АІЖК-нің 150-бабының талаптарына сәйкес келеді, оны қабылдамай қоюға негіздемелер жоқ..
Істің мән-жайларын есепке ала отырып, оны сот талқылауына дайындау тәртібінде бірқатар іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру қажет.
АІЖК-нің 16-тарауын басшылыққа алып судья
ұйғарды:
1. Тараптар 2005 жылғы 10 наурызда әңгімеге шақырылсын, оларға АІЖК-нің 47-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілсін (оларды түсіндіруге болады).
2. Талапкерге істің мәні – мәлімделген талаптардың нысанасы және даудың туындау негіздемесі бойынша сұрақтар қойылсын, бұл туралы қосымша дәлелдемелер көрсету ұсынылсын.
3. Жауапкерге талап арыздың көшірмесі тапсырылсын, оған істің мәні бойынша сұрақтар қойылсын. Егер қойылған талаптың нысанасы мен негіздемелері бойынша қарсылық болса, жауапкерге өзінің қарсылықтарын негіздейтін дәлелдемелер көрсету ұсынылсын; жауапкерден жазбаша түсініктеме немесе қарсылық сұратып алынсын.
4. Үшінші тұлға ретінде жауапкердің жағында іске қатысу үшін Сарыарқа ауданының Жылжымалы мүлікті тіркеу орталығы, нотариаттық кеңсе, сатып алушы В.А.Кондратьев тартылсын, оларға талап арыздың көшірмесі тапсырылсын, өздерінің уәждерін негіздейтін дәлелдемелермен бірге жазбаша түсініктемелер немесе қарсылықтар беруі ұсынылсын.
5.Талапкердің куәлер.... сотқа шақыру туралы өтінімі қанағаттандырылсын.
6.Талапкердің бөлінуге жататын заттардың бірі – автомашинаның құны туралы анықтаманы «Меркур» автоорталығынан сұратып алу туралы; пәтер жоспарының және оның құны туралы анықтаманың көшірмесін Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі орталықтан сұратып алу; жасалған мәміле туралы құжаттардың түпнұсқаларын нотариаттық кеңседен сұратып алу туралы өтінімі қанағаттандырылсын және сұратулар жіберілсін.
7. Істің көлемі жағынан айтарлықтай дайындықты талап ететін ерекше күрделілігін ескере отырып, істі сотта талқылауға дайындау мерзімі 1 ай деп белгіленсін.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 146 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
СОТ БҰЙРЫҒЫ | | | Ш Е Ш І М |