Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері.

Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау | Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау. | Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу | Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау | Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері | Хаттамалар | Сотта іс қарау. | Сот отырысы. | Сот отырысының дайындық бөлімі. | Істі мәні бойынша қарау |


Читайте также:
  1. Lt;variant> Қылмыстық іс жүргізу кодексін
  2. Lt;variant> басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  3. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  4. Lt;variant>іс жүргізу құқықтарын адал пайдалану
  5. Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес
  6. Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеуді ұйымдастыруда бақылау әдісін жүргізудің технологиясы туралы түсіндіру.

Сырттай іс жүргізу тәртібінің ерекшелігі АІЖК-нің 260 және 261-бабының мазмұнынан туындайды. Сот отырысына тек бір ғана тарап – талапкер қатысады, ал жауапкер істі талқылауға қатыспайды.

Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін осылайша жеңілдету сот отырысында шығып сөйлемейтін, өтінім мәлімдемейтін, талапкердің айтқандарына дау айтпайтын және т.с.с. жауапкердің жоқ болуымен байланысты. Сонымен қатар талапкердің сотқа келмеуі мұндай іс жүргізу салдарын тудырмайды.

Сонымен, сырттай іс жүргізу жауапкер болмаған кезде талап бойынша сот отырысын өткізу мен шешім қабылдаудың заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.

Яғни, сырттай іс жүргізу, егер жауапкер келмеуінің дәлелді себептері туралы хабарламаса және өзі жоқта істі қарау туралы өтініш айтпаса мүмкін болады. Сырттай іс жүргізу тараптар айтысатын азаматтық сот ісін жүргізуден тыс жағдай болып табылады. Тек талаптарды қарау мен шешу ғана сырттай бола алады. Ерекше іс жүргізу және жария құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын істер бойынша іс жүргізу сырттай іс жүргізу ретінде реттелмеген.

Азаматтық істі сырттай іс жүргізу ережелері бойынша талқылаған кезде заңмен төрт міндетті шарт көзделеді:

- жауапкерге сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлануға тиіс;

- жауапкер сотқа дәлелді себептерсіз келмесе және өзі жоқта істі қарау туралы өтініш айтпаса;

- егер талапкер істі жауапкер жоқ болғанда сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге келіссе;

- талапкер талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгертпесе, қуыным талаптардың мөлшері көбейтілмеген болса.

Аталған шарттардың кез келгені сақталмаған жағдайда сырттай іс жүргізуге жол берілмейді.

Сырттай шешім шығаруға процеске бірнеше қатысушылар қатысып, барлық қатысушылар сот отырысына дәлелсіз себептермен келмей қалған кезде де жол беріледі.

Сот отырысы басталған кезде судья келген талапкерге істі әдеттегі тәртіпте немесе сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылауға деген оның құқығын түсіндіреді, яғни, талапкерге өзінің қуыным талабын талқылаудың тәртібін таңдау құқығы беріледі. Алайда аталған таңдау құқығы тек жауапкер сотқа келмей қалған жағдайда ғана жүзеге асырыла алады.

Талапкер келіскен жағдайда, одан тиісті арызды алып, сот аталған талапты сырттай талқылау туралы ұйғарым шығарады. Егер талапкер істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, онда сот істің қаралуын кейінге қалдыруға және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жіберуге тиіс.

Талапкер сырттай іс жүргізуде талаптың нысанасын және негіздемесін өзгерте алмайды және қуыным талаптардың мөлшерін көбейте алмайды.

Талапкер сырттай іс жүргізуде істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткісі келген, сондай-ақ қуыным талаптардың мөлшерін көбейткісі келген жағдайларда судья істі талқылауды кейінге қалдыруға және сот отырысына жауапкерді тағы да шақыруға міндетті.

Сырттай іс жүргізуде, аталған ерекшеліктерді қоспағанда, сот отырысы сайыстық сот ісін жүргізу кезіндегідей құрылады. Сот істің мән-жайларын зерттеуде істегі бар дәлелдемелермен шектеулі болады, себебі ол екі тараптың да дәлелдері мен өтінімдерін ескергенмен, бұл негізінен талапкердің дәлелдері болады. Жауапкердің істегі дәлелдемелік материалдары құжат немесе зат түрінде болады.

Өткізілген сот отырысы заң бойынша сырттай шешім деп аталатын шешім шығарумен аяқталады (АІЖК-нің 261-бабы).

Азаматтық процестегі сырттай іс жүргізудің мәні қуыным талаптарды жауапкер болмаған кезде қарау мен шешуде жатады, ол тәртіпке бағынбайтын борышкерге қатысты өзінше бір азаматтық іс жүргізу шектемесі болып табылады.

Сондықтан кез келген жағдайда істі сырттай талқылау мүмкіндігі жауапкердің шақыру бойынша сотқа келіп, сайыстық сот ісін жүргізуде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін белсенді түрде қорғауына қозғау салуға тиіс.

Сайыстық сот ісін жүргізуде де, сырттай іс жүргізуде де сот азаматтар мен ұйымдар азаматтық процесте талапкерлер, жауапкерлер немесе үшінші тұлғалар болып шыға ма, жоқ па, одан тәуелсіз, олардың бұзылған немесе дауланатын құқықтарын қорғауға тиіс. Осы мақсатқа жету үшін сот істің шынайы мән-жайларын анықтауға, дауласушы тараптардың қайсысыныкі дұрыс, ал қайсысы кінәлі екенін айқындауға және дәлелденген фактілерге және құқық нормаларына сәйкес заңды әрі негізделген шешім қабылдауға міндетті.

АІЖК-де сондай-ақ сырттай іс жүргізуде жауапкердің заңды мүдделерін қамтамасыз етудің арнайы іс жүргізу құралдары көзделген. Атап айтқанда, оларға жауапкерге сот талап арыздың көшірмесін салып жіберген кезде талапкер мәлімдеген құқықтық талап туралы оған хабарлайтынын жатқызуға болады.

Сондай-ақ жауапкерге сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады. Сондықтан барлық жағдайларда да жауапкер сотқа өзінің жазбаша қарсылықтарын, өтінімдерін, ой-пікірлері мен дәлелдерін ұсыну мүмкіндігінен айырылмайды және егер олар ұсынылған болса, сот оларды сөзсіз талдауға және істі қарау барысында ескеруге тиіс.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 985 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы| Тарау. Сот қаулылары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)