Читайте также:
|
|
Сот жарыссөздерінде істің дәлелдемелері мен мән-жайларын зерттеудің қорытындысы шығарылады. Іске қатысушы адамдар істің қандай мән-жайлары қандай дәлелдемелердің негізінде анықталғаны, қандай дәлелдемелер шынайы болып табылатыны, қандай мән-жайлардың дәлелдемелермен расталмағаны, қандай заңның қолданылуға тиіс екені, даулы құқықтық қатынастың мазмұны қандай екені және істі қалай шешкен дұрыс болатыны туралы өздерінің пікірлерін айтады.
Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады (АІЖК-нің 211-бабының 1-бөлігі).
Сот жарыссөздерінде тұлғалардың сөз сөйлеу тәртібі заңмен қатаң реттелінген (АІЖК-нің 211-бабының 2 және 3-бөлімі).
· алдымен талапкер және оның өкілі сөз сөйлейді;
· содан соң жауапкер және оның өкілі сөз сөйлейді;
· даудың нысанасы бойынша дербес талаптар мәлімдейтін үшінші тұлға мен оның өкілі процесте тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді;
· даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптар мәлімдемейтін үшінші тұлға мен оның өкілі талапкерден немесе іске өзі жақтасып қатысатын жауапкерден кейін сөз сөйлейді;
· прокурор, сондай-ақ өздерінің бастамасы бойынша АІЖК-нің 8-бабының 1-ші және 2-бөлімінің, 55-бабының 3-бөлігінің және 56-бөлімінің негізінде азаматтық іс қозғалған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, ұйымның өкілдері немесе азамат сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді.
Сот жарыссөздерінің барлық қатысушылары сөз сөйлегеннен кейін олар екінші рет шығып сөйлей алады, яғни заң оларға басқа қатысушылардың сөздерінде айтылғанға байланысты қайтадан сөйлеуге құқық береді. Бұл орайда тұлғаның істің мәні бойынша жаңа (қосымша) көзқарас (пікір) білдіруге құқығы бар. Реплика құқығын пайдалану кезектілігі әдетте тұлғалардың сот жарыссөздерінде шығып сөйлеу кезектілігіне сәйкес келеді.
Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның өкілі иеленеді (АІЖК-нің 212-бабы).
Сот жарыссөздерінде шығып сөйлегеннен кейін сот басқа тұлғалардың бастамасы бойынша басталған процеске қатысатын прокурордың қорытындысын тыңдайды. АІЖК-нің 213-бабымен іс бойынша тарап болып табылмайтын және АІЖК-нің 55-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурордың сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды беруі көзделеді.
Егер сот жарыссөздеріне қатысушылар мен прокурордың бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді істің мәні бойынша қарау аяқталмай тұрып өз мәлімдемелерінде көрсетпесе, сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ (АІЖК-нің 214-бабының 1-бөлігі).
Сот егер сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады (АІЖК-нің 214-бабының 2-бөлігі). Осындай ұйғарымды шығару істі мәні бойынша қайта қарауға оралу дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда істің мән-жайларын зерттеу мен дәлелдемелерді тексеру жалпы тәртіпте іске асырылады. Істі мәні бойынша екінші қайтара қарағаннан кейін сот жарыссөздерін, қатысушылардың және өзінің бастамасынсыз басталған процеске араласқан прокурордың қорытындысын сот тағы бір рет тыңдайды.
Істі мәні бойынша қарағаннан кейін қайталама сот жарыссөздері жалпы тәртіпте жүргізіледі (АІЖК-нің 214-бабының 2-бөлігі).
Сот отырысында азаматтық істі талқылаудың соңғы бөлігі шешім шығару мен жариялау болып табылады (сот қаулыларының 4-тарауын қараңыз).
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 849 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Істі мәні бойынша қарау | | | Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың ерекшеліктері. |