Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері

Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері | Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау | Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау. | Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу |


Читайте также:
  1. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  2. Lt;variant> сотталушы сотта көрсетпе беруден бас тартса
  3. Кейстер дайындауға және СӨЖ – ге арналған тапсырмалардың тақырыптары
  4. Сотта іс қарау.
  5. Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау
  6. Тест тапсырмаларын дайындау СӨЖ дайындау кезінде қолданылады

Сотқа дейінгі дайындық егер заң актілерімен басқаша белгіленбеген болса, арыз қабылданғаннан кейін жеті күн ішінде іске асырылады. Мерзімдерді есептеу кезінде судьялар істердің жекелеген санаттары бойынша мерзімдерге қатысты АІЖК-нің мына ережелерін назарға алуға тиіс:

- жалпы мерзім – арыз сотқа қабылданған күннен бастап 7 күн (АІЖК-нің 167-бабы);

- азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы істер бойынша – осындай істі қозғау туралы судьяның ұйғарымы жергілікті газетте жарияланғаннан кейін үш ай (АІЖК-нің 298-бабы);

- көрсетушіге арналған жоғалған бағалы қағаздарға және ордерлік бағалы қағазға деген құқықты қалпына келтіру туралы істер бойынша (шақырту ісін жүргізу) – іс қозғау туралы хабарлама газетте жарияланған күннен бастап үш ай;

- азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, сайлау комиссиясы мүшелерінің АІЖК-нің 273-бабының бірінші бөліміне сәйкес сайлау құқықтарының бұзылғаны туралы дауыс беруге дейін бес күн бұрын және сайлау күні түскен арыздары бойынша істі сот арыз берілген күні дайындап қана қоймай, сонымен бірге мәні бойынша қарауға да тиіс. Даулардың осы санаты бойынша істі сотта талқылауға дайындау мерзімі ұзартуға жатпайды.

Істі сотта қарауға дайындаудың АІЖК-нің 167-бабында көрсетілген мерзімі төмендегілер жөніндегі талаптар бойынша ұзартылуға жатпайды:

- алименттер өндіріп алу туралы;

- жәбірленушінің мертігуінен немесе денсаулығын басқаша зақымдаудан келтірілген, сондай-ақ асырушысынан айырылуға байланысты зиянды өтеу туралы;

- еңбектегі құқықтық қатынастардан туындайтын барлық талаптар бойынша;

- ерекше күрделі істер бойынша, істердің басқа санаттары бойынша айрықша жағдайларда бұл мерзімді судья бір айға дейін ұзарта алады.

Айрықша жағдайлар ретінде істі сотта қарауға дайындау бойынша судья көздеген іс-әрекеттердің жеті күндік мерзімнің немесе істердің кейбір санаттары үшін заң актілерімен көзделген мерзімнің шегінде аяқталмауына мына мән-жайлар себеп болады деп түсіну керек:

· сот тапсырмасын орындау;

· сараптама тағайындау;

· азаматтардан немесе ұйымдардан дәлелдемелер сұратып алу.

Бұл тізімді түпкілікті деп тануға болмайды, сондықтан негіздемелер болған жағдайда судья осындай іс жүргізу құжатын шығару істі қараудың жалпы мерзімін ұзартпайтынына қарамастан бұл мерзімді ұзартуға міндетті. Істі сотта қарауға тағайындау туралы ұйғарым өзінің мақсатына шын мәнінде сәйкес болып, судьяның қаралған талаптардың мәні бойынша түпкілікті шешім шығара отырып, сот ісін қарауды іске асыруына ештеңе кедергі келтірмеуіне ұмтылу керек.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 185 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау| Хаттамалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)