Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау.

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері | Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау | Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару | Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері |


Читайте также:
  1. D. Құжат масштабын өзгерту үшін
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  4. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  5. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  6. Lt;variant>шағымданған сот актісінің заңды күшіне енген күнінен бастап бір жыл ішінде
  7. Бір моль нақты газ үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

Судья талап арыздың және оған қоса тіркелген, талапкердің талаптарын негіздейтін құжаттардың көшірмесін жауапкерге почта арқылы жібереді немесе өзіне тапсырады және оған өзі белгілеген мерзімде талап арызға жауап (қарсылық) беруді, өзінің жауабын (қарсылығын) негіздеу үшін дәлелдемелер келтіруді ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі дайындықты іске асыру туралы ұйғарымда көрсетіледі. Жауапкер талап арызды және оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмесін тапсыру үшін сотқа шақырылуы мүмкін немесе бұл құжаттар оған сот кеңсесі арқылы почтамен жіберіледі. Жауапкердің пікірі мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді (АІЖК-нің 169-бабы).

Істі сотта талқылауға дайындау тәртібінде судья істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылап, төмендегілерді іске асыра алады:

· талапкерге мәлімделген талаптарының нысанасы бойынша сауалдар қою;

· одан жауапкер тарапынан болуы мүмкін қарсы пікір туралы анықтап білу;

· егер талаптардың нысанасы мен негіздемелерін, істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау барысында қажеттілік туындаған жағдайда, қосымша дәлелдемелерді көрсетуді ұсынады (АІЖК-нің 171-бабы);

· АІЖК-нің 16-бабымен белгіленген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, олар төмендегілерді көздейді:

- істің материалдарымен танысу, олардан үзінді алу және көшірмелерін жасау құқығы;

- наразылық білдіру;

- дәлелдемелер келтіру және оларды зерттеуге қатысу;

- іске қатысатын басқа тұлғаларға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қою;

- өтінімдер, соның ішінде қосымша дәлелдемелерді сұратып алдыру туралы өтінімдер мәлімдеу;

- сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беру;

- сот процесі барысында пайда болатын барлық мәселелер бойынша өзінің пікірлерін білдіру;

- іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен пікірлеріне қарсылық білдіру;

- сот пікірталасына қатысу;

- сот отырысының хаттамасымен танысу және оған қатысты жазбаша ескертулер беру;

- соттың шешімдері мен ұйғарымдарына шағым беру;

- азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалану;

- өзіне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалану.

Қажетті жағдайларда судья:

· жауапкерді шақыртады, оған істің мән-жайлары бойынша сұрақтар қояды;

· талапқа қарсы қандай қарсылықтары бар екенін анықтайды;

· жауапкердің қарсылықтары қандай дәлелдемелермен расталатынын анықтайды;

· ерекше күрделі істер бойынша жауапкерге іс бойынша жазбаша түсіндірмелер беруді ұсынады (АІЖК-нің 171-бабы);

· АІЖК-нің 47-бабымен белгіленген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді (жоғарыдан қараңыз).

Сонымен қатар судья тараптарға өздерінің мәлімделген талаптарын негіздеу үшін дәлелдемелер келтіру бойынша міндеттерін орындамауы азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен көзделген салдарларға әкеп соғатынын түсіндіреді.

Мүліктік даулар бойынша судья тараптарға төмендегіні түсіндіреді:

· осындай дауларды аралық сотқа беру құқығы бар екенін;

· осы іс жүргізу әрекетін жасау тәртібі, яғни тараптардың бұл туралы келісімінің болуы;

· осындай келісімді жасаудың салдары, яғни дәл осы талаптар бойынша сотқа жүгінудің мүмкін еместігі.

Тараптардың әңгімеге бір мезгілде шақырылғаны дұрыс, бұл белгілі бір дәрежеде іс жүргізу уақытын үнемдеуге жағдай жасайды, себебі тараптардың әр түрлі уақытқа шақырылуы және қосымша құжаттарды сұратып алдыру туралы өтінім бере отырып ықтимал қарсылықтардың анықталуы немесе тараптармен түрлі уақытта өткізілген әңгіме барысында басқа мәліметтердің берілуі сотқа дейінгі дайындық мерзімін ұзаққа созуы мүмкін. Екі тараппен де бір мезгілде әңгіме өткізу барысында судьяның ашықтығы, анықтығы мен бейтараптығы туралы дәлелдейтін осындай іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы судья мен тараптардың іс жүргізуден тыс қарым-қатынастарының пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарады, сотқа деген сенімді арттырады, тараптардың шынайы теңдігін қамтамасыз етеді.

АІЖК-нің 170-бабының ережелері бойынша жазбаша түсініктемелерді тек күрделі істер бойынша сұратып алдыру мүмкіндігі белгіленетін болса да, тараптармен өткізілген әңгіменің нәтижелері бойынша судьяға іс бойынша жауапкердің жазбаша түсіндірмелер беруін ұсынуы жөнінде кеңес береміз. Сол сияқты талапкерге де жауапкердің талаптың нысанасына немесе негіздемелеріне, істі қарау нәтижесіне әсер ететін қарсылықтарына немесе түсіндірмелеріне қатысты түсіндірмелер беруін ұсынған дұрыс. Осындай тұжырымның негізділігі, сотқа дейінгі дайындық барысында есепке алынбайтын ықтимал күрделі жағдайларды әрқашан да айқындау қиын, мысалы, жауапкер кейіннен дәлелді себепсіз сот отырысына келмей қалуы мүмкін, басқа да күтпеген мән-жайлар орын алуы мүмкін. Сотқа дейінгі дайындық барысында тараптардың жазбаша түсіндірмелер, нақтыламалар беру, оларды соңынан тиісті түрде талапкердің «талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгерту, немесе талаптарды толықтыру немесе нақтылау» деп, ал жауапкердің «талаптарға қарсы қарсылық немесе қарсы талап» деп тиісті түрде ресімдеуінің тараптардың іс-әрекеттерінің дәйектілігін және талаптарының негізділігін бағалау кезінде маңызға ие болуы мүмкін.

Сотқа дейінгі дайындықты іске асыру барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылағаннан кейін талапкер талабының нысанасын немесе негіздемесін өзгерте алады. Мұндай әрекеттерге сот шешім шығарғанға дейін де АІЖК нормалары бойынша рұқсат етіледі. Сотқа дейінгі дайындық сатысында шешім қабылдау үшін судья төмендегіні назарда ұстауға тиіс:

· талаптың негіздемесі мен нысанасын бір мезгілде өзгертуге жол берілмейді, себебі аталған жайт жаңа талаптың қойылуы туралы дәлелдейді;

· талапкердың талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқығы бар;

· талаптардың мөлшерін көбейту немесе азайту;

· талаптан бас тарту;

· талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талаптардың мөлшерін көбейту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша арыз беру жолымен іске асырылады;

· соттың өз бастамасы бойынша талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы бар (АІЖК-нің 49-бабы).

Нормативтік құқыққа сәйкес, егер істі сотта талқылауға дайындау кезінде талапкердің берілген арыздан туындайтын, сол жауапкерге немесе басқа жауапкерлерге талаптары бар екені, ал жауапкердің талапкерге қарсы талаптары бар екені анықталса, онда судья талапкердің қосымша талап қою, ал жауапкердің қарсы талап қою құқығын түсіндіруге тиіс. Тараптардың тең құқылығы қағидасына сәйкес жауапкердің өзіне қойылған талаптардан қорғануға құқығы бар. Жауапкердің қорғану құралдары талапқа қарсы дау айту, қарсы талап болып табылады.

Қарсы дау – жауапкердің талапты материалдық құқықтық және іс жүргізу жағынан жоққа шығаратын пікірлері. Материалдық құқықтық қарсылық – бұл талапкер келтірген құқықтық жайттарға негізделген талаптарды мәні жағынан жоққа шығару. Жауапкер талаптың негізсіз екендігін көрсетіп, талапқа негіз болған жайттарды мойындамайды немесе жоққа шығарады, ұсынылған дәлелдемелердің жалған екендігін көрсетеді. Іс жүргізу қарсылығы – сот ісін жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкелуі мүмкін іс жүргізу нормаларының бұзылу жайттарын (мысалы, істі аралық сотқа беру туралы шарттың болуы) жауапкердің көрсетуі болып табылады.

Егер қарсы талап АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға, яғни төмендегілерге сай келсе, судья бір сот ісін жүргізуде талапкердің арызымен бірге қарау үшін жауапкерден қарсы талап арыз қабылдайды:

· қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;

· қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюды толық немесе ішінара қанағаттандыруды жоққа шығарса;

· қарсы және алғашқы талаптар арасында өзара байланыс болса және оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе. Сонымен қатар қарсы талапты қабылдау нәтижесінде іс жүргізуде үнемдеуге қол жеткізіледі, іс бойынша талаптың нысанасы немесе негіздемелері бойынша байланысты қарама-қайшы шешімдер шығару мүмкіндігі жоққа шығарылады.

Қарсы талап АІЖК-нің 150-бабымен көзделген талап қою туралы жалпы ережелер бойынша қойылады, қарсы талаптар бойынша да міндетті түрде мемлекеттік баж төленеді. Талап арызды қабылдау туралы судья талапты қабылдау туралы ұйғарым шығарады. Қарсы талапты процестің сот шешім қабылдағанға дейінгі кез келген сатысында мәлімдеуге болады.

Назар аударылуға тиісті маңызды тұс істі қарау мерзімін есептеу болып табылады. Іс жүргізу туралы заңның талаптарына сәйкес мерзімдерді есептеу талап қойылған кезде жаңадан басталмайды. Жауапкердің қарсы талапты уақтылы қоюы сотқа дейінгі дайындықтың қаншалықты дұрыс жүргізілуіне, екі тараптың да теңдігінің құқықтық кепілдігі қаншалықты қамтамасыз етілгеніне тәуелді болады. Егер судья істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде АІЖК-нің 166, 170-баптарының ережелерінің дәл орындалуын қамтамасыз етпесе, онда жауапкердің қарсы талапты сот шешім шығарғанға дейін сотта істі қарау сатысында қоюы істің кейінге қалдырылуына, қосымша дәлелдемелер жинауға, түптің түбінде істі қараудың іс жүргізу мерзімдерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.

Егер өзінің мазмұны бойынша қарсы талап АІЖК-нің 157-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АІЖК-нің 154-бабының негізінде қарсы арызды кері қайтару туралы ұйғарым шығарады (нормативтік қаулыны қараңыз).

 

Істі қарау кезінде басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындау.

Істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде судья істі қарау кезінде басшылыққа алынуға тиіс заңды және тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындайды. Іс бойынша дәлелдеу нысанасын құрайтын жайттардың шеңберін тараптардың қарым-қатынастарының сипатын анықтау мен осы қарым-қатынастарды реттейтін заң нормаларын айқындау кезінде анықтауға болады. Судья жауапкер тиісті жауапкер болып табылатынын-табылмайтынын, тең жауапкерлерді, тең талапкерлерді немесе басқа тұлғаларды уақтылы тарту үшін судьяның шара қабылдауға тиіс-тиіс еместігін анықтауы қажет. Істі сотта талқылауға дайындау кезеңінде талапкердің талапты тиісті емес жауапкерге қойғаны анықталуы мүмкін. Мысалы, егер талапкер автокөлікті басқару кезінде жол-көлік оқиғасын жасаған ықтимал жауапкерге талап қоятын болса. Мұндай жағдайларда сотқа дейінгі дайындық барысында судья істі тоқтатпастан, талапкердің өтінімі бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға құқылы. Тиісті емес жауапкер ауыстырылғаннан кейін сотқа дейінгі дайындық басынан бастап іске асырылады (АІЖК-нің 51-бабы).

Сот басшылыққа алуға тиіс заңдарды айқындай отырып, түрлі дауларды қарау кезінде Азаматтық кодекстің ережелерімен қатар нақты даулы құқықтық қарым-қатынастарға қатысты құқықтық базаны реттейтін басқа да бірқатар нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс екенін судья есте ұстағаны жөн. Мысалы, зиянды өтеу туралы дауларды қараған кезде тек Азаматтық кодекстің зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелерді реттейтін ережелерін ғана емес, сондай-ақ жекелеген жағдайларда Қылмыстық кодекстің, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Кеден кодексінің, тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына байланысты зиянды өтеуді көздейтін бірқатар арнайы заңдардың, қоршаған ортаны қорғау туралы, еңбек қорғау, балалардың мүддесін қорғау бойынша және т.б. заңдар ережелерін, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын, Жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты оларға жарақат арқылы немесе денсаулығының басқаша зақымдалуы арқылы келтірілген нұқсанды барлық меншік құқығындағы ұйымдардың өтеуі туралы ережені, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды немесе қызметкерлердің денсаулығының басқаша түрде зақымдануын тексеру мен есепке алу ережелерін де басшылыққа алғаны дұрыс.

Кейде түрлі құқықтық нормаларды қолдануға болатын бір азаматтық істің аясында бірнеше талап қойылған кезде, сот ісін жүргізудің бірнеше нысанында қаралған кезде, мысалы, еңбек кітапшасының кімге тиесілі екенін анықтау туралы ерекше іс жүргізу тәртібімен немесе еңбек келісім-шарты бойынша еңбекақыны өндіріп алу туралы талап арызды талап қою ісін жүргізу тәртібімен қараған кезде, тараптардың құқықтық қарым-қатынастарын айқындай отырып, судьяның талаптарды бөлу туралы мәселені шешуге құқығы бар. Ал талапкер осындай талаптарды бір өндірісте қоя отырып, олар жеке басына қатысты немесе басқа мәліметтердің бұрмалауына байланысты өзіне қатыстылығы анықталатын, сондай-ақ еңбек кітапшасында көрсетілген қатынастарының негізінде жалақы өндіру бір ғана зат – еңбек кітапшасына байланысты деп есептейді. Бұл орайда бөлек істер ресімделеді және түрлі тіркеу нөмірлері беріледі, талаптарды бөлу туралы ұйғарымның көшірмесі екінші іске де қоса тігіледі. Аталған талаптарды бөлек өндірісте қарау осындай талаптарды қоюдың іс жүргізу негіздеріне, оларды қарау тәртібіне, пайда болған азаматтық іс жүргізу бойынша құқықтық қарым-қатынас субъектілері шеңберінің әр түрлі болуына, сондай-ақ істі шешу кезінде түрлі құқық нормаларының қолданылуына байланысты қажет. Осы орайда – некені бұзу туралы талап қою сипатындағы талаптың алимент өндіріп алу туралы талаппен бірге бір өндірісте мәлімделетінін келтіруге болады. Соңғы талап тараптарды шақырмастан үш күндік мерзім ішінде қаралады, ал бірінші талап бойынша тараптарға татуласуы үшін уақыт берілуіне байланысты іс бойынша талқылау кейінге қалдырылады.

Егер соттың өндірісінде, мысалы, бір процесте сол тараптар немесе талапкер мен жауапкердің жағында тең қатысушылар қатысатын, талап қоюдың сол ұқсас еңбекақы өндіріп алу туралы негіздемелері мен нысаналары бойынша қызметкерлердің ұйымға, кәсіпорынға немесе кәсіпорынның, ұйымның материалдық зиянды өтеу туралы қызметкерлерге қойған талабы бойынша бірнеше біртекті істер бар екені анықталса, онда істі ұтымды жүргізу, заң практикасын біркелкі қолдану, тараптарды шақыруға байланысты сот шығындарын азайту және т.с.с. мақсатында судья істерді бір өндіріске біріктіре алады, бұл туралы тиісті ұйғарым шығарады, істерге бір тіркеу нөмірі беріледі және барлық талаптар бірге қаралады.

Баяндалған жай нормативтік қаулыға да сәйкес келеді, онда сипаты бойынша өзара байланысты және дәлелдемелері ортақ барлық талаптарды бір өндірісте әлдеқайда жылдам әрі дұрыс шешуге мүмкіндік болған жағдайларда ғана оларды бір өндіріске біріктіруге жол беріледі деп белгіленген. Егер талапкер бір арызға біріктірген бірнеше талапты судья бөлек қарау қажет деп тапса, осындай талаптарды бір бірінен ажыратуға болады.

Осы орайда судья талапкерлердің немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші талапқа қатысты процесте дербес әрекет ететіні туралы АІЖК-нің 50-бабының ережелерін назарда ұстауға тиіс. Тараптар істі жүргізуді тиісінше талапкерлердің біреуіне немесе тиісінше талапкерлердің немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

Талаптарды біріктіру немесе ажырату бойынша іс-әрекеттерді судья АІЖК-нің 171-бабының төмендегілерді көздейтін ережелеріне сәйкес жүзеге асырады:

· егер талапкер біріктірген талаптарды бөлек қарау мақсатқа көбірек сай болса, судья сол талаптардың біреуін немесе бірнешеуін бөліп алады;

· бірнеше талапкерге немесе бірнеше жауапкерге талап қойылған жағдайда, егер судья талаптарды бөлек қарауды дұрыс деп тапса, оның сол талаптардың біреуін немесе бірнешеуін бөліп алуға құқығы бар;

· аталған соттың қарауында бір талапкердің түрлі жауапкерлерге немесе түрлі талапкерлердің бір жауапкерге талабы бойынша сол тараптар қатысатын бірнеше біркелкі істер бар екенін анықтаған соң осындай талаптарды біріктіруді қажет деп таныса, осы істерді бірге қарау үшін оларды бір өндіріске біріктіруге құқығы бар.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 324 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау| Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)