Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу

Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау | Арызды қабылдаудан бас тарту немесе оны кері қайтару | Арызды қабылдау сатысында шығарылатын сот ұйғарымдары | Тарау. Талап қою | Талап қою | Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері | Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау |


Читайте также:
  1. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  4. Lt;variant> басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  5. Lt;variant> мәжбүрлеп алып келу немесе келетіні туралы міндеттеме алу
  6. Lt;variant> оған қатысты аныпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан тұлға
  7. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек

Істі сотта талқылауға дайындау барысында іске қатысатын тұлғалардың және процестегі басқа қатысушылардың құрамы туралы мәселені шеше отырып судья АІЖК-нің 44-бабына сәйкес, тек тараптар ғана емес, сонымен қатар іске қатысушы тұлғалар да азаматтық істің қатысушылары бола алатынын есте ұстауға тиіс. Судья қойылып отырған талаптардың талапкер өз арызында атамайтын үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын-қозғамайтынын тексереді. Мысалы, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және оны тіркеу бойынша мәмілені заңсыз деп тану туралы талап қойған кезде талапкерлер мәмілені тіркеуді жүзеге асырған органдарды тең жауапкерлер ретінде көрсетпейді; немесе жер теліміне деген меншік құқығын даулаған кезде талапкерлер өздерінің талап арыздарында жер телімін иеленушімен қатар жер телімін сатып алу-сату бойынша мәміледегі тараптарды жауапкерлер ретінде тарту туралы көрсетпейді және т.с.с. бөлу кезінде сот сотқа дейінгі дайындық барысында іс сотта қаралған сәтке қарай тиісінші мүліктің, акциялардың немесе үлестердің жасалған мәмілелердің нәтижесінде үшінші тұлғаларға тиесілі екенін анықтауы мүмкін жағдайлар болады. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың мүлкіне, акционерлік қоғамдағы акцияларға немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі үлестерге деген құқықты тиісінше даулайтын үшінші тұлғалардың дербес талаптары қойылуы мүмкін.

Демек, мыналар іске қатысушы тұлғалар болып танылады:

· тараптар: талапкер мен жауапкер;

· АІЖК-нің 52, 53-баптарына, сондай-ақ нормативтік қаулының 12-тармағына сәйкес, даудың нысанасына дербес талаптар мәлімдей алатын үшінші тұлғалар. Оларды істі сотта талқылауға дайындау сатысында тараптардың бастамасы бойынша да, соттың бастамасы бойынша да іске қатысуға тартуға болмайды. Бұл тұлғалардың, егер қажет деп табатын болса, талапкерге немесе жауапкерге талап қою жолымен өзінің бастамасы бойынша іске араласуға құқығы бар. Әрине, үшінші тұлғалар бір мезгілде екі тарапқа да талап мәлімдей алады, олар процеске бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін араласады. Олар талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін көтереді (АІЖК-нің 52-бабы);

· даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін, егер іс бойынша шешім тараптардың біреуіне қатысты өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер ете алатын болса, бірінші сатыдағы сот іс бойынша шешім шығарғанға дейін талапкердің немесе жауапкердің жағында процеске араласа алатын үшінші тұлғалар. Оларды сондай-ақ тараптардың және іске қатысатын басқа тұлғалардың өтінімі бойынша немесе соттың бастамасы бойынша да іске қатысуға тартуға болады. Дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, қуыным талаптардың мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талаптан бас тарту, талапты мойындау немесе бітімгершілік келісім жасау, қарсы талап қою, сот шешімін мәжбүрлеп орындату құқығынан басқа, тараптардың іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу бойынша міндеттер көтереді (АІЖК-нің 53-бабы);

· прокурор, ол процеске тек азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәл әрі қолданылуын қадағалауды жүзеге асырушы органның өкілі ретінде ғана қатысып қоймайды, сонымен қатар АІЖК-нің 55-бабының талаптарына сәйкес, прокурордың іске қатысуының осындай қажеттігін сот таныған жағдайларда да қатысады. Сонымен қатар, мысалы, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы (АІЖК-нің 299-бабы); бала асырап алу (АІЖК-нің 317-4-бабы); заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге прокурордың наразылығын қабылдамау туралы (АІЖК-нің 287-бабы); тұлғаны ата-ана құқықтарынан айыру туралы ("Неке және отбасы туралы" Заңның 68-бабының екінші тармағы) істерді соттардың қарауы кезінде прокурордың сот отырысына қатысуы міндетті болып табылады. Судья прокурордың сот отырысына қатысуын, мысалы, прокурордың басқа тұлғалардың мүдделерін көздеп берген арыздары бойынша, соның ішінде азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы қозғалған істерді қараған кезде; тараптардың біреуі кәмелетке толмағандар, мүгедектер, әрекет қабілеті шектеулі азаматтар болған жағдайларда; тарап мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын істер бойынша; АІЖК-нің 25-28-тарауларында аталған талаптар бойынша міндетті деп тануы мүмкін. Прокурордың сот отырысына міндетті түрде қатысуы туралы істі сотта талқылауға дайындау туралы ұйғарымда көрсетіледі (нормативтік қаулыны қараңыз);

· процеске 56-шы (сотқа басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін жүгіну) және 57-баптармен (іс бойынша қорытынды беру үшін процеске мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін өзі басқару органдарының қатысуы) көзделген негіздемелер бойынша араласатын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары немесе жекелеген азаматтар. Судьяларға сот отырысына іс бойынша қорытынды беру үшін процеске мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін өзі басқару органдарының қатысуы заң актілерімен көзделген жағдайларда (нормативтік қаулыны қараңыз) олардың өкілдерін осындай қатысуға тартуға кеңес беріледі. Бұл ата-ана құқықтарынан айыру туралы, жерге қатысты даулар туралы және олар бойынша мемлекеттік органдардың немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарының өкілдерінің қорытындысы қажет болатын істер болуы мүмкін.

· сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша (осы Кодекстің 289-бабы) арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғалар, бұл істердің тізбесі шектелмеген, себебі заңмен ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.

Істі сотта қарауға дайындау барысында тараптардың құқықтық қатынастарын айқындаған кезде немесе мәселені шешкен кезде даулы немесе шешім арқылы белгіленген құқықтық қатынастағы тараптардың біреуі шығып кеткен жағдайда іс жүргізу бойынша құқықтық мирасқорлық туралы мәселе туындауы мүмкін. АІЖК-нің 166-бабының 3-тармағының іске қатысатын тұлғалардың құрамы туралы ережелерін орындай отырып, судья сондай-ақ шығып кеткен тарапты құқықтық мирасқормен ауыстыру туралы мәселені шеше алады, себебі құқықтық мирасқорлыққа процестің кез келген сатысында жол беріледі. Бұл орайда іс жүргізу бойынша құқықтық мирасқорлыққа процестің кез келген сатысында төмендегі жағдайларда жол беріледі:

· азаматтың қазасы;

· заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы;

· талаптан бас тарту;

· борышты ауыстыру;

· материалдық құқықтық қатынастағы тұлғалардың ауысуының басқа жағдайлары.

Құқықтық мирасқор процеске араласқанға дейін жасалған барлық іс-әрекеттер құқықтық мирасқор орнына келген тұлға үшін қаншалықты міндетті болса, сондай шамада ол үшін де міндетті болып табылады.

АІЖК-нің 58-бабының талаптарына сәйкес, іске қатысатын тұлғалар өздерінің істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізе алады. Осыған байланысты сотқа дейінгі дайындық жүргізу барысында өкілдің өкілеттіктерін тексерудің, оларды АІЖК-нің 58-тарауына сәйкес тиісті түрде ресімдеудің үлкен маңызы бар.

Осы мәселе бойынша соттардың кейбір қателері:

- төменде келтірілген өкілеттіктердің әрқайсысының өкіл жіберіп отырған тұлға берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс екені назардан тыс қалады:

· талап арызға қол қою;

· істі аралық сотқа беру;

· қуыным талаптардан толық немесе ішінара бас тарту;

· талапты мойындау;

· талаптың нысанасын немесе негіздемесін өзгерту;

· бітімгершілік келісім жасау;

· өкілеттіктерді басқа тұлғаға беру (қайта сеніп білдіру);

· соттың қаулысына шағым беру;

· соттың қаулысының мәжбүрлеп орындатылуын талап ету;

· сот өндірген мүлікті немесе ақшаны алу;

· - шетелдік ұйым өкілінің өкілеттіктері тиісті түрде тексерілмейді:

· сенімхатты апостильмен куәландыру туралы деректер жоқ;

· тарап ұсынған сенімхаттың ксерокөшірмесі түпнұсқасымен салыстырылып тексерілмейді, яғни өкілдің өкілеттіктері тиісті түрде тексерілмейді, содан соң сот отырысының барысында немесе жоғары сатыдағы мекемелерде шағымды қарау кезінде тек сенімхаттың түпнұсқасының жоқ екені ғана емес, сонымен бірге сотқа талап арыз берілген сәтте таратылып кеткен ұйымның осындай өкілеттіктерді беруінің мүмкін еместігі де анықталады.

Осындай заң бұзушылықтардың салдарынан сотта істі қарау кейінге қалдырылмас үшін, іске қатысуға тартылмаған тұлғалардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселенің заңсыз шешілу негіздемелері бойынша соттың шығарған шешіміне күмән келтірілмес үшін аталған жайттарды сотқа дейінгі дайындықты тиісті түрде өткізген кезде тексеруге болады.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 227 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау.| Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)