Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сот отырысы.

Талап қою құқығын іске асырудың алғышарттары | Талап қою құқығын іске асыруға арналған алғышарттардың болмауының салдарлары | Талап арызды қабылдау | Судьяның талап арыз алынғаннан кейінгі іс-әрекеттері | Тарау. Істі сотта талқылауға дайындау | Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау. | Іске қатысатын тұлғалардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу | Р тарап өзінің талаптары мен тұжырымдарын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді айқындау | Істі сотта талқылауға дайындау мерзімдері | Хаттамалар |


АІЖК-нің 175-бабына сәйкес, азаматтық істі талқылау сот отырысында іске асырылады.

Азаматтық процестегі сот отырысы АІЖК-мен белгіленген сотта іс қараудың іс жүргізу нысаны болып табылады.

Осы екі іс жүргізу ұғымдарының арасында тығыз байланыс бар. Сонымен қатар олар бір бірінен едәуір ерекшеленеді, себебі арақатынасы мазмұн (сот талқылауы) және нысан (сот отырысы) ретінде айқындалады.

Азаматтық істі қарау бір емес, бірнеше сот отырыстарында (істі қарау кейінге қалдырылған жағдайда) іске асырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, сот отырысы тек азаматтық істі қарау үшін ғана емес, түрлі іс жүргізу мәселелерін, мысалы, сот шығындарына, салынған айыппұлды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелерді шешу, талапты қамтамасыз ету үшін және т.б. байланысты да өткізіледі.

Сот отырысы регламенттелген, бұл азаматтық процесте белгілі бір артықшылықтар жасайды, ол мынадай қызметтерді атқарады:

· істің мән-жайларының толық анықталу, құқықтық нормалардың дұрыс қолданылу және әділ шешім шығару кепілдіктерінің бірі ретінде жүреді;

· істі қарауға мүдделі тұлғалардың белсенді түрде қатысуын қамтамасыз етеді;

· процеске қатысушылардың құқықтарының және азаматтық іс жүргізу принциптерінің іске асырылуына кепілдік береді;

· нақты іс бойынша іс жүргізуге жариялылық сипат береді;

· түрлі талаптарды қарау кезінде біркелкі іс жүргізу әрекеттерін орнықтырады.

Айқын көрінетін оң сипатына қарамастан, сот отырысының дамыған іс жүргізу нысанының кемшіліктері де бар, себебі ол сот отырысын тым қолапайсыз етеді, бұл белгілі бір дәрежеде судьялардың жұмысын күрделілендіре түседі, тараптарды өкілдердің қымбат құқықтық көмегін іздеуге мәжбүр етеді. Сондықтан заң шығарушы АІЖК-ге сот бұйрығын енгізу жолымен бірқатар арыздарды сотта талқылаудан ішінара бас тартты және істерді сырттай қараудың жеңілдетілген тәртібін орнатты.

Азаматтық іс мәні бойынша талқыланатын сот отырысының тәртібі азаматтық процестің басқа мәселелерін шешетін, мысалы, сот шешімін түзету туралы (АІЖК-нің 230-232-баптары), іс жүргізу мерзімдерін қалпына келтіру туралы (АІЖК-нің 128-бабы), жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот қаулыларын қайта қарау туралы (АІЖК-нің 408-бабы), сот тапсырмасын орындау туралы (АІЖК-нің 73-бабы) арыздарды қарайтын сот отырыстарының рәсімінен өзгешеленеді.

Азаматтық істі талқылау шешім немесе ұйғарым (іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) шығарумен аяқталады, ал сот отырысы істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарыммен аяқталуы мүмкін. Бұл сотта іс қарау сот отырысына қарағанда ұзағырақ уақыт алады дегенді білдіреді.

Сотта іс қарау заңмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады және сот отырысы нысанында бейнеленеді.

Сот азаматтық істерді азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ұстана отырып қарайды және шешеді.

Азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттарда судья жеке дара қарайды (АІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігі).

Істі бірінші сатыдағы сотта қарау тәртібі АІЖК-нің «Сотта іс қарау» деп аталатын 17-тарауында егжей-тегжейлі реттелген. Жекелеген санаттардағы істерді қарау мен шешудің арнайы ережелері АІЖК-нің 25-39-баптарында көзделеді.

Сотта іс қараудың тәртібі – бұл соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процестің басқа қатысушыларының заңмен көзделген нысандарда істі мәні бойынша шешуге бағытталған іс-әрекеттер жасауының реттілігі, сондай-ақ азаматтық істерді қарау кезіндегі заңмен белгіленген тәртіп.

АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот отырысын басқаруды төрағалық етуші жүзеге асырады. Төрағалық етушінің міндеттерін судья атқарады.

Соттың беделі мен оның тәрбиелік ықпалы төрағалық етушінің мінез-құлқына байланысты болады. Сотқа және заңға деген құрмет басқалармен қатар судьяның мәселелерді шешудегі байсалды әрі салмақты іс-әрекеті; судья қолданатын құқықтық терминологияның дәлдігі; сұрақтарды қысқаша тұжырымдау, күмәнді және жетектеуші сұрақтар қойылуына жол бермеу; судьяның біркелкі, байсалды дауыс ырғағы; тараптарға бірдей қарауы; процеске қатысушыларға қатысты салмақты, кішіпейіл әрі ізгі қарым-қатынасы; киімі мен сыртқы пішінінің ресмилігі әрі ұқыптылығы сияқты факторлар ықпалымен де қалыптасады.

Төрағалық етушінің сот отырысына жетекшілік етуде өзінің құқығын асыра пайдалануға құқығы жоқ.

Сот отырысына жетекшілік ету отырыстың бүкіл барысын басқару дегенді білдіреді. Төрағалық етуші отырыс барысында төмендегілерді қамтамасыз етуге міндетті:

· істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау;

· іс жүргізу әрекеттерін жасаудың кезектілігі мен тәртібін сақтау;

· процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруы және олардың іс жүргізу міндеттерін орындауы;

· процестің тәрбиелік ықпалы.

Сонымен қатар төрағалық етушіге қаралып жатқан іске қатысы жоқтың барлығын сот талқылауынан шығарып тастау (АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігі), және сот отырысында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау (АІЖК-нің 176-бабының 3-бөлігі) міндеті жүктеледі.

Төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылардың барлығы (прокурор, адвокат – іс жөніндегі өкіл және т.с.с.) үшін, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті болып табылады (АІЖК-нің 176-бабының 3-бөлігі).

Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылықтар сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді (АІЖК-нің 176-бабының 3-бөлігі).

Сот іс қарау рәсімі заңмен көзделген, ол сот отырысындағы қатаң тәртіп орнатылуын, сот отырысының арнайы жабдықталған үй-жайда – сот отырысы залында өткізілуін қамтиды. Бұл орайда судья отырысты үстіне мантия киіп өткізеді (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арнаулы киім нысаны – мантия үлгісін, сипаттамасын және тиесілілік нормасын бекіту туралы» 11.07.1998 жылғы №4009 Жарлығы).

АІЖК-нің 178-бабына сәйкес сот отырысындағы тәртіп төмендегіні білдіреді:

· судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады.

Өз кезегінде төрағалық етуші сот отырысы залына үнсіз және тыныш кіреді де, судья үстеліне өтеді және оның қасында тұрып сот отырысы залында отырған адамдармен сәлемдеседі, содан соң олардың барлығының отыруына ұсыныс жасайды да барлығымен бірге өзі де отырады.

Үстел басында төрағалық етуші өзіне ыңғайлы, сот отырысы залында отырған адамдарды сыйламайтындай түр көрсетпейтін қалыпта (шалқаймау, ауа-райына және басқа жағдайларға көңілі толмайтынын айтпау, таранбау, айнаға қаранбау және сағатқа қарамау және т.б.) отыруға тиіс.

Егер отырған адамдардың біреуі судьяға орнынан тұрмастан сөйлесе, оған ақыл айтпастан сотқа түрегеп тұрып сөйлеуге міндетті екенін кішіпейілдікпен есіне салу керек. Мысалы, «Кешіріңіз, сот отырысында сотқа түрегеп тұрып сөйлейді».

Төрағалық етуші іске қатысушы тұлғалардың барлығына «Сіз» деп сөйлейді, бұл орайда тұлғаларды аты мен әкесінің аты бойынша атау міндетті емес, тегі бойынша атаған жеткілікті және сұрақ қойған кезде немесе белгілі жайттар туралы айтып беруді ұсынған кезде «рахым етіңіз» деген сөздерді қолданбау керек. Жауап алған және сұрақ қойған кезде ақыл үйрететін дауыс ырғағына және кінә қою мен ақыл айтуға жол бермеу қажет. Өз тәжірибесінен мысалдар келтіруге және талқыланып отырған даудың мәнінен ауытқуға болмайды.

· Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот отырысы залында отырған жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды (1-бөлім);

· процеске қатысушылар судьяға жүгінгенде және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтқанда түрегеп тұрады. Осы ережеден ауытқуға тек төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі (2-бөлім).

Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залында отырған барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті (АІЖК-нің 178-бабының 3-бөлігі).

 

АІЖК-нің 176-бабымен сот отырысындағы тәртіпті бұзушыларға қолданылатын шаралар көзделген.

Істі талқылау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды.

Тәртіпті екінші рет бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта істі талқылаудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады.

Іске қатыспайтын және істі талқылау кезінде қатысып отырған азаматтар тәртіпті екінші рет бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.

Сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 513-бабының 1-тармағына сәйкес, тікелей істі сотта талқылау барысында әкімшілік жаза белгілеуге соттың құқығы бар.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, материалдарды тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

Істі талқылау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып жіберіп, істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

Сот отырысы залындағы тәртіп бұзушыларға қатысты шаралар қолдану жөніндегі судьяның іс-әрекеттері сот отырысының хаттамасында бейнеленуге тиіс. Бұл талап АІЖК-нің 256-бабының 2-бөлігінің 7-тармақшасынан туындайды, оған сәйкес сот отырысының хаттамасында төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында сот шығарған ұйғарымдар көрсетіледі. Сот отырысының хаттамасында сонымен бір мезгілде тәртіп бұзудың сипаты, тәртіп бұзылған уақыт және тәртіпті бұзған адам туралы мәлімет көрсетіледі.

ӘҚБтК-нің 578-бабының 2-тармағына сәйкес, азаматтық істі қарау барысында соттың әкімшілік жаза белгілеу тәртібі АІЖК-нің ережелерімен айқындалады.

АІЖК-нің талаптарына сәйкес, мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын сот төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында сот іске қатысушы адамдарға, процестің басқа да қатысушыларына, жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына сот ісін шешуге араласқаны, судьяға қатысты қоқан-лоққы жасағаны, судьяны қорлағаны, сот қаулыларын орындамағаны, сотты құрметтемегені, сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, судьяның, соттың жеке ұйғарымы (қаулысы, ұсынысы) бойынша шаралар қолданбағаны және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін қолданады. АІЖК-нің (179-бабы) ережелері бойынша тәртіп бұзушыларға ескерту, сот отырысы залынан шығарып жіберу және басқа да шаралар қолданылуы мүмкін, бірақ бұл орайда АІЖК-нің 179-бабының 4-бөлігіне сәйкес, соттың сот отырысы залында тәртіп бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға ӘҚБтК-мен белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдануға құқығы бар.

Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі талқылау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі талқылау барысында киноға және суретке түсіруге, бейнетаспаға жазуға, тікелей радио және телехабар жүргізуге соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана жол беріледі. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін (АІЖК-нің 19-бабының 8-бөлігі).

Судьяның және сот отырысы залында отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі талқылау кезінде қатысқысы келетін адамдарды тексеруді іске асыру, соның ішінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, жеке өздерін тексеру және олар алып келген заттарды тексеру туралы өкім ете алады (АІЖК-нің 20-бабы).

Сот отырысы басталғанға дейін сот істі талқылауды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешеді: сот құрамын белгілейді; сот отырысы залын айқындайды; қажетті жабдықты тексереді және орнатады; сот отырысы хатшысының, сот приставының орнында бар-жоғын нақтылайды; процеске қатысушылардың келгенін алдын ала тексеру жүзеге асырылады.

Сот отырысы әдетте дайындық бөлімінен; істі мәні бойынша қарау; сот жарыссөздері және басталған процеске араласқан прокурордың істің тұтас мәні бойынша қорытындысы; шешімді (ұйғарымды) қабылдау және жариялау бөлімдерінен тұрады.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1070 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сотта іс қарау.| Сот отырысының дайындық бөлімі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)