Читайте также:
|
|
Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін. Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс (АІЖК-нің 98-бабының 1,2-бөлімдері).
Қосымша сараптаманы әдетте негізгі бастапқы сараптаманы іске асырған сарапшы жүргізеді.
Сарапшының қорытындысының жеткілікті түрде айқын болмауы төмендегілердің мағынасы мен мәнін түсіндіруді көздейді: сарапшы таңдаған зерттеу әдістемесі; ол пайдаланған ғылыми-техникалық құралдар; объектілерді зерттеу кезінде анықталған нышандар; анықталған нышандарды сарапшының бағалау өлшемдері.
Егер сарапшының қорытындысына негіз болған зерттеу ұсынылған барлық объектілерді қамтымаса немесе онда қойылған сауалдарға толық жауаптар болмаса, ол жеткілікті түрде толық емес деп танылуы мүмкін. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама дәл сол негіздемелер бойынша жеткілікті түрде толық емес деп танылуы мүмкін.
Қорытындының жеткілікті түрде айқын не толық еместігін жою мақсатымен сарапшыдан жауап алынуы мүмкін, сондықтан жауап алуды жүргізу және қосымша сараптама тағайындау негіздемелерінің шектерін айқындаудың өлшемі қосымша зерттеу жүргізу қажеттігі болып табылады.
Қосымша сараптаманы заң жүзінде жеке түр етіп бөліп көрсетудің мағынасы оның үнемділігіне байланысты (мұндай жағдайларда объектіні қайтадан зерттеудің және оның қасиеттерін егжей‑тегжейлі сипаттаудың қажеті жоқ – алғашқы зерттеудің нәтижелеріне сілтеме жасау жеткілікті. Сондықтан, сараптама қорытындысының айқын және толық болмауын жою қажеттігінен басқа, сарапшының қорытындысы алынғаннан кейін осының алдындағы зерттеумен байланысты жаңа мәселелерді шешу қажеттігі пайда болған жағдайларда қосымша сараптама жүргізілуі мүмкін).
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тармақ бойынша | | | Тармақ бойынша |