Читайте также: |
|
Сот‑баллистикалық сараптаманың нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: заттарды атыс қаруына, оқ‑дәріге жатқызу фактісі; атыс қаруының нақты данасының дұрыс жұмыс істейтіндігі (істемейтіндігі) және қарудың атуға жарамдылығы фактісі; қаруды жасау тәсілін немесе оның жай‑күйін өзгерту фактісі; қарудың түрі, моделі, маркасы, калибрі; қарудың жеке ұқсастығы; оқ‑дәрінің ұқсастығы; қару бөліктерінің оның нақты данасының бөліктері екендігі; атыс қаруы мен оқ‑дәріні пайдалану арқылы жасалған істер бойынша қылмыстық оқиға механизмінің элементтері.
Мыналар сот‑баллистикалық сараптаманың объектілері болып табылады: жалпы атыс қаруы және оның жеке бөліктері; оқ‑дәрі – оқ, картечь, бытыра, гильзалар, тығындар, төсемдер, капсюльдер; газ қаруы; қару мен оқ‑дәрінің ықпалын қайтаратын заттар, – атылған снарядтар (оқ, бытыра, картечь), гильзалар, тығындар, төсемдер, сондай‑ақ жәбірленушінің киіміндегі және оқиға орнындағы заттардағы зақымдану (ойылып кеткен жерлер, тайқып барып тиген соққы іздері); атыс қаруын және патрондарды жабдықтау құрауыштарын жасау үшін пайдаланылатын аспаптар; оқиға орнындағы заттық ахуал элементтері; сараптама нысанына жататын ақпаратты қамтитын іс материалдары; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер.
Сот‑баллистикалық сараптама объектілерінің көп түрлілігін ескергенде оны мына шағын түрлерге бөлуге болады: қарудың (оның бөліктерінің) сараптамасы; оқ‑дәрі сараптамасы; оқ атудың іздері мен мән‑жайларының сараптамасы; газды қарудың сараптамасы.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы | | | Жол‑көлік оқиғасының мән‑жайларын сот‑сараптамалық зерттеу. |