Читайте также: |
|
Бухгалтерлік сот‑сараптамалық зерттеудің нысаны шаруашылық операциялары туралы деректерді, сондай‑ақ бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесінде олардың дұрыс көрсетілуін анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: есепке алудың алғашқы құжаттардында, бухгалтерлік регистрлерде және есеп беруде көрсетілген шаруашылық операциялар туралы деректердегі есептік сәйкессіздіктер, есептік алшақтықтың шамасы, олардың пайда болу механизмі, сондай‑ақ бұзушылықты анықтау үшін жауапты адамдар қатары; тауарлық‑материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, сату операцияларының құжат жүзінде ресімделуі және бухгалтерлік есеп шоттарында олардың көрсетілуі, қаржы қаражаттарының түсуі мен кетуін зерттеумен байланысты мән‑жайлар; шаруашылық құралдары мен операциялар есебін жүргізу тәртібінің арнайы ережелерге сәйкестігі (сәйкессіздігі), кем, артық болғаны, шаруашылық құралдарын негізсіз жұмсау және т. с. айғақтайтын деректерді бухгалтерлік есепте табуды қиындататын мән‑жайлар.
Сот‑бухгалтерлік сараптаманың объектілері бухгалтерлік есеп құжаттары болып табылады, оларды былайша жіктеуге болады: бухгалтерлік есептің алғашқы құжаттары (жүкқұжаттары, өзіндік құжаттар, шоттар, шот-фактуралар және т. с.); бухгалтерлік есептің салалас құжаттары (тауарлық және қаржылық есеп беру және т. с.); бухгалтерлік есеп регистрлері (кітаптар, журнал-ордерлер, ведомостар, табуляграммалар және т. с.); бухгалтерлік есеп беру құжаттары.
Бухгалтерлік құжаттардан басқа, құжаттарға жасалған ревизиялар және сараптама нысанына жататын істің өзге де материалдары сараптамалық зерттеудің нысаны болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 253 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жол‑көлік оқиғасының мән‑жайларын сот‑сараптамалық зерттеу. | | | Сот‑тауартану сараптамасы. |