Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психологиялық‑криминалистикалық сот сараптамасы.

Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Сот сараптамасының қысқаша сипаттамасы | Сот-баллистикалық сараптама. | Жол‑көлік оқиғасының мән‑жайларын сот‑сараптамалық зерттеу. | Бухгалтерлік сот‑сараптамалық зерттеу. | Сот‑тауартану сараптамасы. | Сот құрылыс сараптамасы. | Имараттар мен құрылыстарды құрылыс‑экономикалық сот‑сараптамалық зерттеу. | Имараттар мен құрылыстарды құрылыс‑техникалық сот‑сараптамалық зерттеу. |


Читайте также:
  1. Сот құрылыс сараптамасы.
  2. Сот‑құрылыс сараптамасы.
  3. Сот‑тауартану сараптамасы.

Психологиялық‑криминалистикалық сот сараптамасының нысаны мына жайттарды анықтауға байланысты істің мән-жайлары болып табылады: адамның психофизиологиялық жай‑күйін өзгерту мақсатымен оған ықпал ету фактісі; адамның белгілі бір әрекеттерді жасау кезіндегі жай‑күйі; адамның әрекет жасау барысында немесе біреудің оған ықпал етуінің нәтижесінде оның психофизиологиялық жай‑күйінің өзгеру фактісі.

Сараптаманың объектілері әр түрлі техникалық құралдарды пайдаланып жазылып алынған, адамның өзі әрекет жасау кезінде немесе оған қатысты әрекет жасалып жатқан кездегі оның физиологиялық және психо­логиялық (эмоциялық, санаткерлік, ерік‑жігер) жай‑күйін көрсететін ақпаратты; адамның жай‑күйінің өзгеруіне әкеле алатын ақпаратты; салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілерді; сараптама нысанына жататын іс материалдарын қамтитын заттар болып табылады.

Адамның әрекеттеріне, мінез‑құлқына, жай‑күйіне баға беру мәселелерін шешетін психологиялық‑криминалистикалық сот сараптамасының объектілері кино‑, бейнежазбалар, сондай‑ақ адамдардың әрекеттер жасау динамикасында бір адамды немесе адамдар тобын жадында сақтап қалған суреттеулер болып табылады.

Мазмұны адамның жай‑күйін өзгертетін объектілерге адамның физиологиялық және (немесе) психологиялық жай‑күйінің өзгеруіне алып келетін ақпаратты сақтап қалатын заттар; порнографиялық мазмұндағы заттар; қатыгездік пен зорлық‑зомбылық культын насихаттайтын заттар; қорлау сипатындағы ақпаратты қамтитын заттар жатады.

Адамның жай‑күйінің өзгеруіне ықпалдасатын ақпарат екі топ объектілерден тұрады: сөз тұрпатындағы ақпаратты қамтитын заттар: кітаптар, журналдар, газеттер, мақалалар, хаттар және т. б..; көзбен көретін (визуалдық) ақпаратты қамтитын заттар: кинобейнематериалдар, репродукция, фотосурет, слайдтар, суреттер, мүсіндер, компьютерлік бағдарламалар және т. с.

Мағыналық мазмұны белгілі бір әрекеттерді адамның өзі жасап отырған немесе олар оған қатысты жасалған кездегі оның жай‑күйін, оның жай‑күйінің өзгеру процесін және фактісін көрсететін объектілерге осы әрекеттерді жасау кезіндегі адамның (адамдар тобының) әрекеттері, оның (олардың) жай‑күйі, сондай‑ақ адамның немесе адамдар тобының физиологиялық және психологиялық жай‑күйінің өзгеру фактісі – қабылдаудың өзгеруі, мінез‑құлқының өзгеруі және т. с. жазылып алынған заттар жатады: кино‑, бейнешеберханалар базасында кәсіби деңгейде немесе әуесқойлық кино‑, бейнетүсіру арқылы жасалған кино, бейнематериалдар; жедел‑іздестіру шараларын және тергеу амалдарын тіркеу болып табылатын кино-, бейнематериалдар; адамның жеке өзі жасаған немесе оған қатысты өзге адам (өзге адамдар) жасаған әрекеттерді егжей‑тегжейлі сөзбе‑сөз немесе стенографиялық сипаттауды қамтитын қолжазба, баспа материалдары.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 343 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сот‑биологиялық сараптама.| Сараптамасын тағайындау туралы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)