Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сот‑құрылыс сараптамасы.

Б‑тармағы бойынша | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Тарау. Қылмыстық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама | Пайымдау | схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны |


Читайте также:
  1. Психологиялық‑криминалистикалық сот сараптамасы.
  2. Сот құрылыс сараптамасы.
  3. Сот‑құрылыс сараптамасы
  4. Сот‑тауартану сараптамасы.

Сот‑құрылыс сараптамасының нысаны құрылыс объектілерін жобалау, салу, іске пайдалану және жөндеу процесін сипаттайтын, сондай‑ақ құрылыс‑техникалық және жобалау‑сметалық құжаттаманың мазмұны болып табылатын деректерді, атап айтқанда: құрылыс салу жобаларының ғылыми‑техникалық және экономикалық негізділігін; құрылыс салу барысында техникалық жобалардағы техникалық қате есептеуді, кемшіліктерді анықтау мүмкіндігін; техникалық жобалардың бұзылуымен және болған салдардың (құрылыс объектілері сапасының төмен болуы, апат, қайғылы оқиғаның болуы) арасындағы себепті байланысты; іс жүзінде орындалған құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарының көлемі мен сипатын және олардың дұрыс есептелгендігін; белгіленген нормалар мен жобаларға сәйкес құрылыс материалдарын жұмсаудың құны мен көлемін, сондай‑ақ қосымша құрылыс материалдарының артық жұмсалуын және оларды есептеудің негізділігін; құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарының сапасын; қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдардың жарамдылығын; ғимараттар мен құрылыстар салу кезінде құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылуын; өндірістік құрылыс саласында еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын; ғимараттар мен құрылыстарды іске пайдалану кезінде құрылыс және іске пайдалану нормативтерінің бұзылуын; құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасындағы өзара есеп айырысудың дұрыстығын; орындалған құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарының дұрыстығын; жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын; үйді мұрагерлердің арасында бөлудің мүмкіндігін және жолдарын; жер пайдалану тәртібін анықтаумен байланысты істің мән‑жайлары болып табылады.

Сот‑құрылыс сараптамасының объектілері мыналар болып табылады: өнеркәсіптік және әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған ғимараттар мен құрылыстар; жылу, желдету, сумен қамсыздандыру мен канализацияның инженерлік желілері; жеке меншік үй құрылыстары; көп қабатты үйлердегі пәтерлер; жеке меншік үйлердің жер учаскелері; саяжай учаскелері; құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарын жасау үшін белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау‑сметалық құжаттама; орындалған құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарын қабылдаудың және олардың құнының актілері (№2 және №3 нысандар), құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарын жасау кезінде сапасыз жасалған және қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдарын бақылап өлшеу, тексеру актілері; құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстары бойынша материалдық-техникалық есептілік; атқарушылық техникалық құжаттама (жұмыстар журналы, авторлық қадағалау журналдары, арнайы түсіру жұмыстары, жабық жұмыстарға жасалған актілер); құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарын жасау жөніндегі жасасқан шарттар; инженерлік-геологиялық зерттеулер қорытындысы; құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарын қолданыстағы құрылыс нормативтері мен ережелеріне (ҚНмЕ) сәйкес жасалуына тапсырыс беруші тарапынан техникалық қадағалау жасау материалдары; жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар (жерді өмірлік мұра етіп алу туралы актілер, техникалық түгендеу бюросы (ТТБ), УОРН және ЦОРН берген техникалық төлқұжаттар және т. с.); жеке тұрғын үй қорындағы жеке меншік үйлердің техникалық төлқұжаттары; тексеріліп отырған объектілердегі құрылыс‑дәнекерлеу және жөндеу‑құрылыс жұмыстарын жасау кезінде болған қайғылы оқиғаларды және апаттардың техникалық себептерін тексеру актілері, арнайы ведомстволық тексерулердің актілері.

Қажет болған жағдайда сарапшыға сондай‑ақ қызметкерлердің кәсіби даярлығы туралы деректер, қабылдап алу сынақтарының, жабдықты техникалық қараудың актілері, құрылыс жұмыстарын жасау кезінде өңделетін шикізат туралы мәліметтер және сараптама нысанына жататын істің басқа да материалдары беріледі.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 216 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сот-баллистикалық сараптама.| Сараптама тағайындау туралы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)