Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының

Тармақ бойынша | А-тармақтары бойынша | А-тармақтары бойынша | Тармақ бойынша. | БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | Б-тармағы бойынша | Тармақ бойынша | Б‑тармағы бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қойған қолы аталған органның мөрімен куәландырылады. Сараптаманы лицензия негізінде сот сараптамасы қызметін жүзеге асыратын адам жүргізген жағдайда, сарапшының қойған қолы оның жеке мөрімен куәландырылады.

Сарапшының қорытындысында мына жайттар көрсетілуге тиіс: сараптаманы қашан, қайда, кім (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі), қандай негізде жасады; көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны туралы ескертілгені жөнінде сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгі; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысып отырғаны және қандай түсініктеме бергені; сарапшының қылмыстық істің қандай материалдарын пайдаланғаны; қандай объектілерге сараптау жасалғандығы; қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістердің қолданылғаны және олардың қаншалықты дәрежеде сенімді екендігі; қойылған сауалдарға берілетін негізделген жауаптар. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, бірақ олар бойынша өзіне сауалдар қойылмаған мән‑жайларды анықтаса, ол өзінің қорытындысында оларды көрсетуге құқылы.

Егер сарапшының алдына қойылған мәселелер оның арнайы білімінің аясынан тыс болса не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз және орындалуы мүмкін болмаса, не ғылым мен сараптама тәжірибесінің жайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтін болса – қорытындыда қойылған сұрақтардың барлығына немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс (ҚІЖК‑нің 252‑бабы).

Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қосымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды (ҚІЖК‑нің 251‑бабы).

Сотта жүргізілетін сараптама – бұл дербес іс жүргізу әрекеті. Егер тіпті алдын ала тергеу кезінде қорытынды берген сарапшы осы сараптаманы орындауға шақырылған болса да сарапшының сотта берген қорытындысы жаңа қорытынды ретінде қарастырылады.

Сарапшының сотта берген қорытындысын алдын ала тергеу кезінде жасалған сараптамаға қатысты қайталама немесе қосымша қорытынды ретінде қарастыруға болмайды.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша| Тармақ бойынша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)