Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Б-тармағы бойынша

Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Ылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | А-тармақтары бойынша | А-тармақтары бойынша | Тармақ бойынша. | БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА | Тармақ бойынша |


Читайте также:
  1. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  2. Lt;variant> прокурордың істің негізі бойынша қорытынды беру үшін іс жүргізуіне қатысуы
  3. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  4. А-тармағы бойынша.
  5. А-тармақ бойынша
  6. А-тармақтары бойынша
  7. А-тармақтары бойынша

Кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау үшін әр түрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған кезде тағайындалады және оны әр түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізеді.

Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай тұжырымға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлігіне қол қояды.

Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ тұжырымды (тұжырымдарды) баяндайды. Ортақ тұжырымды (тұжырымдарды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана баяндап, оған қол қояды. Егер комиссияның немесе оның бір бөлігінің түпкілікті тұжырымына сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер негіздеме болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа мүшелерінің тұжырымымен сәйкес келмеген сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды (ҚІЖК-нің 249-бабының 4-бөлігі).

Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ судьяның қаулысына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы дербес шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы (ҚІЖК-нің 250-бабы).

Кешенді сараптама сот сараптамаларының әр түрлері үшін салалас (шекаралас) болып табылатын, сараптау білімінің бір ғана саласының негізінде шешілуі мүмкін емес мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Кешенді сараптама жүргізуге, әдетте, сараптамалардың әр түрлерінің мамандары қатысады және нақты сараптаманың әдістемесін бірлесіп анықтайды.

Криминалистикалық әдебиетте және сараптама тәжірибесінде әр түрлі терминдерді кездестіруге болады, мысалы «сол бір заттай дәлелдемелерге қатысты жүргізілетін сараптамалар кешені», «кешенді сараптамалық зерттеу», «кешенді сараптама». Бірақ бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.

Осы орайда кең тараған қате – кешенді сараптама ретінде сол бір ғана заттай дәлелдемелерге қатысты жүргізілетін әр түрлі сараптамалар кешенін түсіну. Бір түрлі сараптама шеңберінде жүргізілетін кешенді зерттеулер кешенді сараптама деп қате ұғынылатыны жиі кездеседі, әсіресе олардың біріншісі және екіншісі комиссиялық түрде орындалса. Алайда сараптама объектілерінің ортақтығы да, сарапшылардың саны да, тіпті олардың мамандықтары әр түрлі болса да, кешенді сараптаманың маңызды белгілері болып табылмайды.

Сараптамалық зерттеулердің кешенділігі мына белгілерімен сипатталады:

· қандай да бір ғана ғылымдағы білімді қолдану жолымен шешілуі мүмкін емес мәселені шешу үшін салалас ғылымдардағы алуан түрлі арнайы білімдердің (деректердің, әдістердің) пайдаланылуы (кешенді сараптама);

· әр түрлі сараптамалардың (жеке сараптамалар қатары) міндеттерін шешу мақсатымен объектінің (өзара байланысты объектілердің) әр түрлі қасиеттерінің бір уақытта (қатар) немесе рет-ретімен зерттелуі.

Сот сараптамаларының алуан түрлеріне жататын мәселелерді шешу үшін әрқайсысы өзінің құзыреті шегінде әрекет ететін әр түрлі мамандықтағы сарапшылардың сол бір заттай дәлелдемелерді бірлесіп зерттемей және алынған нәтижеге бірлесіп баға бермей, яғни сараптамалар кешенін жүргізіп отырған зерттеуі де кешенді сараптамаға жатпайды.

Кешенді сараптаманың, кез келген басқа сараптама сияқты, өзінің заты, зерттеудің өзіндік объектілері мен әдістемелері бар. Олар алдарына қойылған мәселелер салалас болып табылатын сараптамалар түрлерінің деректері мен әдістерін синтездеу жолымен жасалады және оларды әр түрлі мамандықтардың сарапшылары ортақ бағдарлама бойынша іс жүзіне асырады.

Ең жиі жүргізілетіні – оқ атқаннан кейін адамның киімі мен денесінде қалған іздерді кешенді медициналық-криминалистикалық зерттеу, оның алдына қойылатын мәселелер: оқ атудың қашықтығы қандай болғанын, денеге зақым келтірудің саны мен кезектілігін, атудың бағытын, оқ атылған сәтте жәбірленушінің, қарудың және атқан адамның өзара орналасуын, жәбірленушінің өзіне-өзі оқ ату мүмкіндігін анықтау. Денедегі және киімдегі басқа іздерді кешенді медициналық-криминалистикалық зерттеу барысында мыналарды: зақым келтіру үшін қолданылған нақты құралдарды; қарудың нысанын, өлшемін және сипатын; бассалу кезінде жәбірленуші мен оқ атқан адамның жағдайын (қалпын); жәбірленушіге соққы берілген оқиға болған орынды, оқиға кезінде бассалған адамдардың және жәбірленушілердің орын ауыстыру бағыты мен тәсілін; нақты қандай адамның тістерінің (тіс протезінің) іздері қалғанын, тістеп, із қалдырған кездегі жәбірленуші мен сезіктінің жағдайын (қалпын) анықтау мүмкін болады.

Кешенді сот-медициналық, трасологиялық және автотехникалық зерттеулер жиі жүргізіледі. Бұл арқылы соқтығысу кезінде көлік құралында отырған адамдарға келген дене жарақаттарын, киімде, аяқ киімде, көлік құралының бөлшектерінде қалған іздерді ескере отырып, адамды қағып кеткен көлік құралының тұрпатын, үлгісін, маркасын; кімнің рульде отырғанын; жәбірленушінің оқиға кезіндегі жағдайын анықтауға болады.

Кешенді сараптама – бұл салалас міндеттерді шешу үшін сараптамалық зерттеудің біртұтас бағдарламасын бірлесіп белгілеген, әр түрлі арнайы білімдердің негізінде әр түрлі мамандықтағы бірнеше сарапшы және әрқайсысы өзінің құзыреті шегінде жүргізетін зерттеу.

Комиссиялық сараптама – бұл күрделі көлемдегі немесе іс бойынша маңызы бар міндеттерді шешу үшін білімнің бір саласының негізінде бір мамандықтағы (маманданудағы) бірнеше сарапшы жүргізетін зерттеу.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша| Тармақ бойынша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)