Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Өтінімдер мәлімдеу және оларды шешу.

Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме | Істі алдын ала тыңдау сатысында қабылданатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Түсіндірме | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. А-тармағы бойынша.
  2. А-тармақ бойынша
  3. А-тармақтары бойынша
  4. А-тармақтары бойынша
  5. Б-тармағы бойынша.
  6. В-тармақ бойынша
  7. Және 5-тармақтар бойынша.

Өтінімдер мәлімдеу және оларды шешу.

1). Тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды алдыру туралы өтінімдерінің бар-жоқтығы туралы сұрай отырып, төрағалық етуші өтінімін мәлімдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшін қосымша дәлелдемелердің қажет екенін көрсетуге міндетті екендігін түсіндіруге тиіс.

Бұл жерде тек қана жаңа куәлар, сарапшылар мен мамандар, яғни қылмыстық ізге түсу органы айыптау қорытындысына қоса тіркелген тізімге енгізбеген тұлғалар туралы әңгіме болып отыр. Сот бұл сатыда сот тергеуіне әлі кіріспегендіктен, заттай дәлелдемелер мен құжаттарды алдыру туралы өтінімін мәлімдеген адамның қысқаша түсініктемесі болса жеткілікті.

Судья сондай-ақ тараптардан олардан талқылаудан дәлелдеме ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы өтінімдерінің бар-жоқтығын анықтауға міндетті.

2). Процесті неғұрлым тәртіпке келтірілген жолмен жүргізу үшін судьяға әуелі барлық мәлімделген өтінімдерді тыңдап шығуға, ал содан кейін әрбір тараптың процестің басқа қатысушыларының өтінімдері жөніндегі пікірін кезегімен анықтауға кеңес беріледі.

Мәлімделген әрбір өтінім судьяның қарауына жатады, ол оны қанағаттандыруға немесе өтінімді қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс, ол қаулы жеке шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Дегенмен, өтінімін қанағаттандырудан бас тартқан адамға сот оны одан әрі мәлімдеуге құқығы бар екендігін түсіндіруге тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес сотталушының кінәлі не кінәлі еместігі туралы мәселені шешуге және қандай да бір басқа мән-жайларды анықтауға негіздеме болатын дәлелдемелерге іс бойынша ұсынылған өзге де дәлелдемелермен жиынтықта баға берілуі тиіс болғандықтан, сот қандай да бір дәлелдеменің дәлелдеме ретінде жіберілетіні не жіберілмейтіні туралы шешім қабылдарда, мұндай шешімді істі мәні бойынша шешетін сот қаулысымен бір уақытта қабылдауға болатындығын ескеріп, асығыстыққа жол бермегені жөн.

Егер сотқа келген адамнан маман немесе куә ретінде жауап алу қажеттігі туралы тіпті тараптардың біреуі ғана өтінім білдірсе, судьяның өтінімді қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша.| Тармақ бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)