Читайте также: |
|
Мынадай жағдайларда судья қаулы шығарып, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді толығымен немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға құқылы (ҚІЖК-нің 304-бабы):
- сотталушы соттан жасырынып кетсе;
- айыпталушыны шетелдік мемлекеттердің беруі туралы мәселенің шешілуіне байланысты айыпталушының іске қатысуының нақты мүмкіндіктері болмаған жағдайда;
- айыпталушы жүйкесінің заңда көзделген тәртіпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы жағдайында;
- айыпталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болса;
- сот аталған қылмыстық істе қолданылуға тиіс заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Конституцияға қайшы деп тану үшін оның адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын шектейтіндігі туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне ұсыным жасаса;
- қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін тежеусіз күштің әрекеті жағдайында:
- сотта қылмыстық іс бойынша іс жүргізу, егер жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендігіне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде іссапарда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра алмаған жағдайда.
Сот отырысын тағайындау сатысында іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздемелерінің тізбесі толық болып табылады және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды.
Егер іс бойынша бірнеше адам тартылса, онда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру мәселесін судья айыпталушының жасырынып кетуі ақиқатты анықтауды қиындатпайтынын ескеріп шешеді. Бұл сауалға оң жауап берілген жағдайда жасырынып кеткен айыпталушыға қатысты іс жеке іс жүргізуге бөлінеді. Сауалға теріс жауап берілген жағдайда барлық айыпталушыларға қатысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Жасырынып кеткен айыпталушыға қатысты тоқтатыла тұратын істі судья прокурорға қайтарады.
Бұған мынадай жағдайлар жатпайды:
- ауырлығы шағын қылмыс бойынша айып тағылған сотталушы қылмыстық істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінім берсе;
- сотталушы елден тысқары жерлерде жүрсе және сотқа келуден жалтарса;
- ҚІЖК-нің 50-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген негіздемелер бар болған жағдайда сот осы мән-жайлар жойылғанға дейін бір немесе бірнеше сотталушыға қатысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады және басқа сотталушыларға қатысты сот талқылауын жалғастырады.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға негіздеме болған жағдайлар жойылғаннан кейін судья іс бойынша іс жүргізуді жаңарту және істі тыңдауға тағайындау туралы қаулы шығарады.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
А-тармағы бойынша. | | | Г-тармағы бойынша |