Читайте также:
|
|
ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігінде және 38-бабының 1-бөлігінде көрсетілген негіздемелер болғанда, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, судья істі қысқартуы мүмкін (ҚІЖК-нің 307-бабы).
Басты сот талқылауына дейін судья заңда көрсетілген кез келген негіздеме бойынша істі қысқартуға құқылы. Іс толығымен немесе ішінара, немесе кейбір айыпталушыларға қатысты қысқартылуы мүмкін. Судья сондай-ақ айыптаудың жекелеген эпизодтарын алып тастауға құқылы.
Істі рақымшылық жасау бойынша немесе қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімдерінің өтуіне байланысты қысқарту кезінде іс бойынша айыпталушының осы мәселеге қатыстылығын анықтау қажет. Айыпталушы тарапынан қарсылық болмаған жағдайда ғана іс осы негіздемелер бойынша қысқартылуы мүмкін.
Істі қысқарту туралы қаулыда істің қысқартылу негіздемесі көрсетілуге және қажетті дәлелдемелері келтірілуге тиіс.
Егер қысқартылған іс бойынша азаматтық талап берілген болса және оны қамтамасыз ету шаралары қолданылған болса, судья азаматтық талапкерге көрсетілген шаралардың жойылатындығын түсіндіреді, ал ол азаматтық іс жүргізу тәртібінде талап қоюды қамтамасыз ету туралы талап арыз және өтінім беруге құқылы.
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қылмыстық жауапқа тартылған адамға, сондай-ақ жәбірленушіге беріледі.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Б-тармағы бойынша. | | | Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме |