Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТҰЖЫРЫМДАР

Сот биологиялық сараптама | Сот‑құрылыс сараптамасы | Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама. | Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес | ЙҒАРЫМ | ЙҒАРЫМ | Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады. | Схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны | Схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері | Схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз келіп түскен жағдайдағы судьяның іс жүргізушілік әрекеттері |


Азаматша М.В. Васильеваның жарияланымының талапкер арызында атап көрсетілген үзінділеріне талдау жасау барысында алынған деректерге сүйене отырып, төмендегілерді атап өткен жөн: 1) Азаматша М.В.Васильеваның жарияланымында стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер, сондай‑ақ сөздерді дұрыс қолданбау жағдайлары көптеп кездеседі. Мәтінде осы қателердің болуы оны қабылдауды және түсінуді қиындатып қана қоймай, көп жағдайда автор, яғни азаматша М.В. Васильева айтқысы келген ойға мүлдем қарама‑қарсы мағына береді. Азаматша М. В. Васильева жарияланымының мәтіні газет жарияланымдарына қойылатын талаптарға сай келмейді. «Ауыл айнасы» газетінің редакциясы тексерілмеген және стилистикалық жағынан редакцияланбаған бұл мәтінді елеулі редакциялық түзеу жасамай басуға жібермеуге тиіс еді.

2) Овечий кумалак деген сөздер салыстыру мағынасындағы құрылмаларды құру ережесін бұзудың салдарынан писатель деген сөзбен тікелей ара қатынасқа түспейді. Жарияланымда келтірілген один овечий кумалак может испортить целый казан молока деген мақал осы үзіндінің мәтін мәнінде азамат К. Абдрахмановтың ар‑намысы мен қадір‑қасиетін масқаралайтын, оның тұлғасына қорлап баға беру болып табылмайды.

Мне очень горько за таких бездарных редакторов деген сөйлем бағалап пайымдау болып табылады. Адамның бойындағы қасиеттерге (бұл жағдайда – кәсіби) негативті баға беруді білдіре отырып, Мне очень горько за таких бездарных редакторов деген сөйлемде қорлау элементі жоқ, себебі ол орыс тіліндегі қорлау мағынасы бар сөздер қатарына жатпайды. Бағалап пайымдау ретінде бұл сөйлем жарияланым авторының пікірін хабарлайды.

Гнусные статьи деген сөздер азамат К. Абдрахмановтың тұлғасына емес, оның жазған мақаласына негативті баға беруді білдіреді. Осылайша, гнусная статья деген сөздер талапкер азамат К. Абдрахмановтың ар‑намысы мен қадір‑қасиетін масқаралайтын, оның тұлғасына қорлап баға беру болып табылмайды.

3) Қарастырылып отырған үзінділерде журналист К. Абдрахмановтың кәсіби қызметі туралы жағымсыз ақпарат қамтылған.

Жарияланымда мыналар туралы хабарланады: 1) мақаланы жазған журналист (яғни азамат К.Абдрахманов) халықтың гүл өсіру кәсібін білмейді; 2) азамат К. Абдрахмановтың жазған мақаласы орыс тілді халықты қатты қорлауға шақырады. Екі жағдайда да бұл ақпарат пікір айту нысанында берілген.

Бірінші жағдайда ол бездарные редакторы (яғни «таланты жоқ, дарынсыз») деп аталған адамдар тобына енгізілген, басқа жағдайда оның гнусные (яғни «жиіркеніш сезімін туғызатын, жексұрын») санатына жатқызылған мақаласының сапасына баға беріледі. Екі жағдайда да ақпарат бағалап пайымдау нысанында берілген. Қарастырылып отырған үзінділерде азамат К. Абдрахмановтың кәсіби қызметіне тым теріс баға беріледі. Мұндай ақпарат газет оқырмандарында журналист К. Абдрахмановтың таланты жоқ және ол жиіркеніш сезімін туғызатын, жексұрын мақалалар жазады деген пікірдің қалыптасуына ықпалдасады. Мұндай ақпарат журналистің кәсіби ар‑намысына тиеді және оның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.

 

Сарапшы:

филология ғылымдарының докторы, доцент Ж. Г.Амирова


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОРЫТЫНДЫ| Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)