Читайте также:
|
|
Алматы қаласы 2004 жылғы 27 сәуір
Сарапшы – Абай атындағы ҚазҰПУ филология факультеті орыс және жалпы тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Амирова Жанна Ғалымқызы (мамандығы бойыша жұмыс стажы – 28 жыл) Абдрахманов Қыдырғали деген азаматтың ар‑намысын, қадір‑қасиеті мен іскерлік беделін қорғау жөнінде «Ауыл айнасы» газетіне және М. В. Васильеваға талабы бойынша азаматтық іс материалдарына филологиялық-психолингвистикалық зерттеу жүргізді.
Осы зерттеу «Әділ сөз» сөз қорғау халықаралық қоры жанындағы ақпараттық даулар бойынша тәуелсіз сараптама қоғамдық орталығының жетекшісі Г.Х.Аженованың тапсырмасы бойынша жүргізілді.
ҚР АІЖК‑нің 92‑бабында көзделген сарапшының құқықтары мен міндеттері маған түсіндірілді. ҚР ҚК‑нің 352‑бабы бойынша көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны туралы маған ақпарат берілді.
Сарапшыға мынадай материалдар берілді:
1) азамат К. Абдрахмановтың талап арызының көшірмесі;
2) «Ауыл айнасы» газетінің 2004 жылғы 10 қаңтардағы 2 (7661) санында жарық көрген М. В. Васильеваның «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» («Жастық үнi» газетінің редакторына жолдаған теріске шығару жөніндегі ашық хаты)» /«Статья вызывает возмущение и обиду (открытое письмо-опровержение к редакторы газеты «Жастық үнi»)/ жарияланымының ксерокөшірмесі (түпнұсқаның орфографиясы сақталған);
3) Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы № 2 сотының (төрағалық етуші судья Л. Ұ. Ұстағалиева, хатшысы А. Нұрымов) К.Абдрахмановтың ар‑намысын, қадір‑қасиеті мен іскерлік беделін қорғау туралы азаматтық іс бойынша филологиялық сараптама тағайындау туралы 2004 жылғы 26 ақпандағы ұйғарымы.
Сарапшылардың алдына 10 сұрақ қойылды. Алғашқы сегіз сұрақ (1-8) «Жастық үні» газетінде К. Абдрахмановтың қазақ тілінде жарияланған «Гүлді де біреу гүл дейді-ау» мақаласына қатысты. Бұл сұрақтар профессор, филология ғылымдарының докторы, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Қалиев Ғабдулла Қалиұлы (1, 2, 4, 5, 6, 7, 8‑сұрақтар) және профессор, политология докторы Ыбыраева Ғалия Жүнісқызы (3‑сұрақ) жүргізген жеке зерттеуде қарастырылған.
Төмендегі қорытынды азаматша М. В. Васильеваның «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» жарияланымына қатысты соңғы екі сұраққа (9-шы және 10-шы) жауап береді.
Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданы № 2 сотының ұйғарымында сарапшы мамандар қажет болғанда соттың белгілеген сұрақтарын түзей, нақтылай және толықтыра алатыны атап көрсетілген. Соттың берген материалдарымен (азамат К. Абдрахмановтың талап арызымен және азаматша М. В. Васильеваның жарияланымы мәтінімен) танысып шығып, сұрақтар тізіміне келесідей қосымша бір сұрақ енгізу қажет деп есептейміз: «Азаматша М. В. Васильеваның «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» («Жастық үні» газетінің редакторына жолданған жоққа шығару ашық хаты)» деп аталатын жарияланымының мәтіні басуға жарамды материалдарға қойылатын талаптарға сай келеді ме?» (оны 9. 1 деп белгілейік). Осы сұраққа жауап берудің қарастырылып отырған жарияланымдағы талапкер дау келтірген пікірлердің пайда болу себептерін, олардың сипатын, мазмұнының бағытталуын және оның экспрессивтік бояуын анықтау үшін маңызы бар. Осы сұрақтың филологиялық сараптама үшін маңыздылығы оны бірінші кезекте қарастыруды қажет етеді.
Сонымен, ұсынылған қорытындыда мынадай сұрақтар қарастырылады:
9.1. Азаматша М. В. Васильеваның «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» («Жастық үні» газетінің редакторына жолданған жоққа шығару ашық хаты)» /«Статья вызывает возмущение и обиду (открытое письмо-опровержение к редакторы газеты «Жастық үнi»)/ деп аталатын жарияланымының мәтіні (түпнұсқаның орфографиясы сақталған) басуға жарамды материалдарға қойылатын талаптарға сай келеді ме?
9.2. «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» материалының мәтін мәнінде азамат К. Абдрахмановтың ар‑намысына, қадір‑қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін пікір айту бар ма?
10. «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» газет мақаласының дау келтірілген үзінділерінде журналист К. Абдрахмановтың іскерлік беделіне тиетін ақпарат қамтылған ба? Бұл ақпараттың сипаты қандай? Бұл ақпарат қандай нысанда берілген?
Осы Қорытынды келесідей ережелерге негізделеді:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Пленумының «Азаматтардың және заңды тұлғалардың ар‑намысын, қадір‑қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы заңдарды сот тәжірибесінде қолдану туралы» № 6 қаулысы (немесе ҚР Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 15 мамырдағы Пленумының № 5 қаулысы редакциясында) бойынша:
1. «Ар‑намыс – адамның қоғамдық бағалануы, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің шамасы».
2. «Қадір‑қасиет – адамның өзінің бойындағы қасиеттеріне, қабілетіне, дүниеге көзқарасына, өзінің қоғамдағы маңызына іштей баға беруі».
3. «Іскерлік бедел – адамның іскерлік (өндірістік, кәсіптік) қадір‑қасиетіне қоғамдық пікірде тұрақты оң баға берілуі».
4. «Заңдарды, қоғамдағы моральдық қағидаларды сақтау тұрғысында азаматтың немесе ұйымның қоғамдық пікірдегі немесе жеке азаматтардың пікіріндегі ар‑намысы мен қадір‑қасиетін кемітетін, шындыққа сай келмейтін мәліметтер масқаралаушы мәліметтер болып табылады (мысалы, опасыз іс жасағаны, еңбек ұжымындағы, отбасындағы лайықсыз мінез‑құлқы туралы мәліметтер; өндірістік‑шаруашылық қызметін, беделін масқаралайтын мәліметтер және т. с.). Сонымен қатар жұмыстағы, қоғамдық орындағы, ұжымдағы, тұрмыстағы кемшіліктерге шындыққа сай келетін сын айтылған мәліметтерді теріске шығару туралы талаптар негізді деп таныла алмайды».
Филологиялық сараптама жүргізу кезінде 2001 жылғы ақпанда Мәскеуде құрылған Құжаттамалық және ақпараттық даулар жөніндегі сарапшы‑лингвистер гильдиясы (ҚАДСЛ ‑ ГЛЭДИС) әзірлеген ережелер мен кеңестерді басшылыққа аламыз.
ГЛЭДИС әзірлемелері бойынша филологиялық сараптама жүргізу кезінде мәліметтер, пікір, қорлау ұғымдарының заң тәжірибесіне сәйкестендірілген келесідей анықтамаларына сүйену қажет:
1. Мәліметтер деп фактілер туралы пікір айту түсініледі. Егер мәліметтер адамның қызметімен байланысты нақты фактілерге негізделмеген, бағалап пайымдау болып келсе (яғни қандай да бір адамның пікір айтуы болып келсе), олар масқаралаушы болып табылмайды: баға беру - әр адамның ішкі нанымының ісі /қараңыз: Цена слова, 2001, 134‑бет/.
2. Заң ғылымдарының докторы А. Р. Ратинов былай деп жазады: «Пікір – бұл бір нәрсеге баға беруді, бір нәрсеге деген қатынасты, бір нәрсеге көзқарасты білдіретін пайымдау. Өзінің мәнісі бойынша пікірлер ақиқатты немесе жалған бола алмайды, олардың шындыққа сай келуі немесе сай келмеуі мүмкін емес. Олар құнды немесе зиянды болуы мүмкін. Дұрыс немесе дұрыс емес, негізделген немесе негізделмеген, нанымды немесе даулы болуы мүмкін. Айтқан идеялары мен пікірлері, бағалап пайымдауы үшін жарияланым иесі жауапкершілік көтермейді, өйткені Конституция бойынша әркімнің өз ойын білдіру бостандығына құқығы бар... Сондықтан идеяларды, пікірлерді және баға беруді шындыққа сай келмейтіндер ретінде соттың шешімімен теріске шығару мүмкін емес. Оларға пікірталас тәртібімен, яғни дәл сол бұқаралық ақпарат құралында жауап беру (реплика, түсіндірме беру) тәртібімен дау келтіріледі» /қараңыз: Цена слова, 2002, 211‑бет/.
3. Қорлау – бұл басқа адамның ар‑намысы мен қадір‑қасиетін арсыз түрде кемсіту (арсыз түрде деп заңда балағат сөздер, ым, әдепсіз, арсыз әрекеттер және т. б. түсініледі) /қараңыз: Цена слова, 2002, 120‑бет/.
Ұсынылған материалды лингвистикалық зерттеу нәтижесінде қойылған сұрақтарға берілетін жауаптарды түйіндейтін төмендегідей тұжырым жасауға болады:
9.1‑сұрақ: Азаматша М. В. Васильеваның «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» («Жастық үні» газетінің редакторына жолданған жоққа шығару ашық хаты)» /«Статья вызывает возмущение и обиду (открытое письмо-опровержение к редакторы газеты «Жастық үнi»)/ деп аталатын жарияланымының мәтіні (түпнұсқаның орфографиясы сақталған) басуға жол берілетін материалдарға қойылатын талаптарға сай келеді ме?
Көпшілікке тарайтын мерзімді басылымдардың (газет және журнал) беттерінде жариялауға жарамды кез келген материал белгілі бір талаптарға сай келуге тиіс, олардың бастысы – тілдің шыншыл, түсінікті, айқын, мәнерлі болуы. Кәсіпқой журналист тілдің мағыналық дәлдігіне және мәнерлілігіне жету үшін тілді еркін меңгеруге, оқырмандардың тіл мәдениетін жоғарылатуға ықпалдасуға міндетті. Газет жарияланымдарының өзіндік ерекшелігі бар жанры кәсіпқой журналистердің қаламынан шықпаған, білім деңгейі әр түрлі басқа мамандықтардың өкілдері жазған хаттар болып табылады. Мұндай материалдарда әдеби тіл нормаларын бұзу (сөздерді дұрыс қолданбау, грамматикалық, стилистикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер) жиі кездеседі, олар мағынаның дәл болмауына әкелуі мүмкін және мәтінді түсінуді қиындатады. Газеттің шығуы үшін жауап беретін редактор мұндай материалдарды жарияламас бұрын, мәтінді тексеруге және онда табылған қателерді түзеуге міндетті. Кейбір жағдайларда редакция оқырман хатының немесе арызының түпнұсқа мәтінін сақтайды, бірақ бұл орайда міндетті түрде ескертпе жасайды (мысалы: «Жарияланымда автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған»). Тексерілмеген (грамматикасы, орфографиясы және пунктуациясы жағынан) және редакцияланбаған мәтіндерді осындай ескертпе жасамай газет беттерінде жариялауға жол беруге болмайды. Қазіргі заманғы әдеби тіл нормаларын өрескел бұзатын мәтіннің газет беттерінде жариялануы редакцияның кәсіби деңгейінің төмен екендігін және оның оқырмандар қауымын қадірлемейтіндігін көрсетеді.
М. В. Васильеваның талдау жасалып отырған «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» атты жарияланымы редакцияланбаған, редакцияның қажетті ескертпесі берілмеген дәл осындай мәтіннің айқын үлгісі болып табылады. Жарияланым мәтінінде орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық және стилистикалық қателер көп кездеседі. Мысалы, жарияланым тақырыбының өзінде «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады («Жастық үні» газетінің редакторына жолданған жоққа шығару ашық хаты /«Статья вызывает возмущение и обиду (открытое письмо-опровержение к редакторы газеты «Жастық Үні»/ грамматикалық (сөздің грамматикалық нысаны дұрыс емес) және пунктуациялық қателер бар. Редактор сөзі нысанының дұрыс қолданылмауы (орыс тілінде к редактору дегеннің орнына к редакторы деп жазылған, мүмкін бұл ‑ к редакции) мағынаның бұрмалануына әкеп соғады: осы теріске шығару хаты кімге жолданған - «Жастық Үні» газетінің редакторына ма, әлде редакциясына ма? Дәл осы жерде тақырыпшадан кейін қойылуға тиіс екінші, жабылатын жақша жоқ. Тақырып мынадай нысанда болуға тиіс еді: Статья вызывает возмущение и обиду (открытое письмо-опроверженне к редактору газеты «Жастық Үні»). Ал мәтіннің бірінші сөйлемінде бірнеше өрескел грамматикалық (зат есімдердің септік жалғаулары дұрыс қолданылмаған) және пунктуациялық қате жіберілген, олар да мәтінді қабылдауды, оның мағынасын түсінуді қиындатады: «Словами национального казахского классика Беймбет / Бейимбета деп жазылу керек / Майлина, / үтірдің қойылуы дұрыс емес / я хочу начать свое открытое письмо-опровержение на небольшой, но вопиюще несправедливый напечатанный на первой страницы / странице деп жазылу керек / газеты «Жастық Уны» / Үнi деп жазылу керек / статьи за № 19 от 17 декабря 2003 года". Сөздер ретінің дұрыс болмауының нәтижесінде сөйлемнің мағынасы бұрмаланып кеткен: № 19 от 17 декабря 2003 года деген сөздер «Жастык Үні» газетіне емес, мақалаға қатысты болып кеткен. Осыдан кейін Б. Майлиннің шығармасынан келтірілуге тиіс цитата («Словами национального казахского классика Беймбет Майлина, я хочу начать свое открытое письмо-опровержение...) мүлдем жоқ. Мәтінде жоқ осы цитатаға үшінші абзацтағы мына сөйлемде тағы да сілтеме жасалады: «Как сказано в выше указанных стихах, основная часть русскоязычного населения корнями прикипевшая к Жалпакталской земле пережившая с казахским народом победы и поражения, никогда не думавшая оскорбить народ с которым живет веками». Дәл осы жерде де бірқатар қателіктерге жол берілген (сөйлемдегі есімшелі орамдарды бөлектейтін үтірлер жоқ; с которым живет веками деген бағыныңқы сөйлемнің алдында үтір қойылмаған; грамматикалық тұрғыда сөйлем дұрыс құрылмаған, онда жіктеу етістіктерінің орнына есімшелер қолданылған (основная частъ русскоязычного населения корнями прикипевшая к Жалпакталской земле пережившая с казахским народом победы и поражения, никогда не думавшая оскорбить народ). Орыс тілінің грамматикалық және стилистикалық нормаларына сәйкес, бұл сөйлем басқаша құрылуға тиіс еді, мысалы: «Как сказано в выше указанных стихах, основная частъ русскоязычного населения, корнями прикипевшая к Жалпакталской земле, пережившая с казахским народом победы и поражения, никогда не думала оскорбить народ, с которым живет веками»). Цитатаның жоқтығы газет оқырмандарын адастырады, сөйлемдердің мағынасын күңгірттендіреді.
Талдау жасалып отырған материалда стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателіктердің көптігі соншалық, оларды атап көрсету және талдау баспалық мәтіннің 50‑ден астам бетін алып кетуі мүмкін, өйткені бұл үшін орта мектепте оқытылатын орыс тілінің бүкіл курсын қысқаша баяндап шығу және жарияланым авторы жіберген грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателіктерді бірнеше рет атау қажет болады. Көп жағдайда жарияланым авторы дұрыс қолданбаған әдеби орыс тілі сөздерінің мағынасын түсіндіру және осындай қолданудың нәтижесінде туындайтын мазмұнды тұжырымдау қажет. Сондықтан жарияланым авторына тән бірнеше қатені келтіріп, олардың тұтас мәтінді қабылдауға және түсінуге қалай әсер ететінін көрсетейік.
• «Ведь добрым, одаренным людям приемлемо замечать прекрасно воодушевлявшее на хорошие дела во благо родной земли». Бұл жерде приемлемо сөзінің және прекрасно воодушевлявшее деген сөз тіркесінің дұрыс қолданылмауынан бұл сөйлемнің мағынасы түсініксіз. Приемлемо деген сөз «қабылдауға болатын, келісуге болатын» дегенді білдіреді. Прекрасно воодушевлявшее сөз тіркесі зат есімді айқындауға тиіс, бірақ сөйлемде зат есім жоқ (нечто прекрасно воодушевлявшее?). Осылайша, бұл сөйлемнің мағынасы мынаған келіп саяды: «добрым одаренным людям можно согласиться замечать нечто прекрасно воодушевлявшее на хорошие дела».
• «Смешно, знаеш ли ты что цветов смерти не бывает, есть цветок имеющий название- бессмертник, который у нас не растет, кстати очень лечебный no своим свойствам» және одан кейін «известно ли тебе К.Карабалаулы, что как - назвал «цветы смерти» посажены в цветниках вдоль проспекта Достык-Дружба города Уральска, говоря о невнимании руководителей акимата и их незнании цветоводства ты задеваешь и оскорбляешь цветоводов и руководителей города Уральска, посадивших эти цветы в областном центре». Бұл сөйлемде орфографиялық және пунктуациялық қателерден басқа (знаеш дегеннің орнына знаешь деп жазылу керек, название-бессмертннк орнына название «бессмертник» болу керек, бағыныңқы сөйлемдердің алдына қойылуға тиіс что и как деген сөздердің алдына үтір қойылмаған және т. б.), сөйлемнің құрылуы мүлдем дұрыс емес, ойдың мазмұнын нақтылайтын қажетті тыныс белгілері жоқ, осының бәрі келтірілген сөйлемдердің жалпы мағынасын мүлдем түсініксіз етеді. Мысалы, келтірілген сөйлемдердің екіншісінде «ты задеваешь и оскорбляешь цветоводов и руководителей города Уралъска, посадивших эти цветы в областном центре» деген сөздер Оралдағы даңғылдың бойындағы гүлдерді гүл өсірушілер мен қала басшылары өсіреді деген мағынадағы хабарлама болып ұғынылады. Бұдан басқа, осы келтірілген сөйлемде «знаеш ли ты что цветов смерти не бывает…, известно ли тебе К.Карабалаулы»деген тіркес қолданылған, қазіргі заманғы орыс тілінде газетке ашық хат сияқты үлгінің мәтін мәнінде бұл осы есімдікпен аталған адамды сыйламауды, оған менсінбей қарауды білдіреді.
• «Редактор газеты допустил не первичные нападки в сторону христьян проживающих в п. Жалпактал, до этого оскорбил Акимата...развив на этой почве неординарную статью». Бұл үзіндіде орфографиялық (христьян дегеннің орнына христиан деп жазылу керек) және пунктуациялық қателерден басқа (проживающих в п. Жалпактал деген есімшелі орамды бөлектеу үшін қажетті үтірлердің қойылмауы) сөздер мен сөз тіркестері дұрыс қолданылмаған (не первичные нападки в сторону дегеннің орнына не первые выпады в сторону деп жазылу керек). Первичный сөзі «бастапқы, алғашқы»; неординарный - «көрнекті, таңғаларлық, әдеттен тыс»; развить - «біртіндеп күшейтіп, елеулі мөлшерге жеткізу» деген мағына береді /қараңыз: Словарь русского языка. В 4-х томах/. Акимата деген сөз (бас әріптен жазылған және орыс тілінде жанды зат есімдерге тән табыс септігінде берілген, салыстырып көріңіз: винить, обидеть (увидеть) кого? - что? человек а - стол) адамның аты ретінде ұғынылады. Нәтижесінде осы келтірілген үзіндінің мәні «газет редакторы Жалпақтал кентінде тұратын христиандарға бастапқы, алғашқы емес шүйлігуге жол берді, бұған дейін соның өзі таңғажайып, көрнекті мақала жазу арқылы Акимат деген адамды қорлаған» дегенге келіп саяды («редактор газеты допустил не исходные, не первоначальные нападки на христиан, проживающих в п. Жалпактал, до этого он же оскорбил человека по имени Акимат тем, что довел до значительных размеров необыкновенную, выдающуюся статью»).
Сөйтіп, азаматша М.В.Васильеваның жарияланымында стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер көп, бұл оның емленің негізгі ережелерін және көптеген әдеби сөздердің мағынасын білмейтінін айғақтайды. Мәтінде осы қателердің болуы оны қабылдауды және түсінуді қиындатып қана қоймай, көп жағдайда автор, яғни азаматша М. В. Васильева айтқысы келген ойына мүлдем қарама‑қарсы мағына береді (осының алдындағы абзацта берілген оның мәтінінен үзіндінің «аудармасын» қараңыз). «Ауыл айнасы» газетінің редакциясы тексерілмеген және стилистикалық жағынан редакцияланбаған, газет жарияланымдарына қойылатын талаптарға мүлдем сай келмейтін бұл мәтінді басуға жібермеуге тиіс еді. Газет беттерінде осындай мәтінге орын берілуі редакцияның өз ісіне салғырт қарайтындығының салдары, оқырмандарына сыйламаушылық білдіруі болып табылады.
Мағынаның бұрмалануына әкеп соғатын грамматикалық, орфографиялық және стилистикалық қателерді талдау көрсетіп отырғандай, соттың ұйғарымымен маманның алдына қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде зерттеліп отырған мәтіннің грамматикалық және стилистикалық «сапасын» және онда туындайтын мағыналық бұрмалауды ескеру қажет. Кейбір жағдайларда жазылғанның мағынасын және стилистикалық реңін түсіну үшін азаматша М.Васильеваның сөйлемдерін «қайта құрастыруға» тура келеді.
9.2‑сұрақ: «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» жарияланымының мәтін мәнінде азамат К. Абдрахмановтың ар‑намысын, қадір‑қасиетін, іскерлік беделін масқаралайтын сөздер бар ма?
Азамат К. Абдрахмановтың талап арызында азаматша М. Васильеваның «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» атты жарияланымынан төмендегідей үзінділер атап көрсетілген, талапкердің пікірінше, мына сөздер оның ар‑намысын, қадір‑қасиетін, іскерлік беделін масқаралайды:
• «Статья основана на незнании обыкновенного народного цветоводства, призывающая к резкому оскорблению русскоязычного населения»;
• «Тогда как один овечий кумалак может испортить целый казан молока, так и этот писатель из казуса природы развил целое повествование о христианском кресте перед зданием акимата»;
•«Мне оченъ горько за таких бездарных редакторов, пo которым могут судить обо всех жителях Жалпактала»;
•«Писъмо закончу словами великого Абая, который из прошедшей эпохи как бы предвидел такие гнусные статьи».
2-үзінді бірінші сұраққа тікелей қатысты. 1, 3 және 4-үзіндіде журналист К. Абдрахмановтың кәсіби қасиеттері туралы әңгіме болып отыр. Екінші үзіндіні талдай отырып, төмендегілерді атап өту қажет.
Өзінің мақаласында М. Васильева қазақтың «бір құмалақ бір қазан майды шірітеді» деген мақалын қолданады, мағынасы бойынша оған орыстың «ложка дегтя портит бочку меда» мақалы сәйкес келеді, бұл дегеніміз: Болмашы ғана, бірақ жағымсыз ұсақ‑түйек нәрсе жақсының бәрін құртады (іс, көңіл‑күй, әсер және т. с.) /қараңыз: Словарь русских пословиц и поговорок. Под ред. В. П. Жукова. М., 1967, 212‑бет/. Публицистикалық шығармаларда мақал‑мәтелдердің қолданылуы дәстүрге айналғаны белгілі, бұл «мәнерлілікті күшейту,... ойдың өткірлігі үшін керек» /қараңыз.: Розенталь Д. Э. Практическая стилистика русского языка. М, 1974, 104‑бет/. Мақаланың мәтін мәнінде бұл мақал сабақтас құрмалас сөйлемнің бірінші бөлігі ретінде қолданылған «Тогда как один овечий кумалак может испортитъ целый казан молока, так и этот писатель из казуса природы развил целое повествование о христианском кресте перед зданием акимата», бұл жерде ол сөйлемнің салыстыру мағынасындағы бағыныңқы бөлігі болып табылады /қараңыз: Русская грамматика. Т. 2. Синтаксис. М., 1980, 602‑бет/. Мұндай сөйлемдерде «екі жағдай объективтік ұқсастығы немесе үйлестігі негізінде немесе субъективтік жағдайлардың негізінде бір‑біріне ұқсастырылады» /бұл да сонда, 602‑бет/. Атап өтетін бір жайт, азаматша М. Васильеваның мәтінінде сөйлемнің құрылымы өрескел бұзылған. Екі жағдайдың келтірілуі бір‑біріне ұқсас құрылмалар арқылы берілуге тиіс, оларда әдетте жекелеген сөздер мен тіркестер қайталанады. Мысалы: Эти простые слова упали вчера в его душу, как падает с высоты камень на зеркальную поверхность воды (В. Короленко). Мұндай құрылмада екі жағдай және ара қатынасы белгіленетін екі ұғым метафора арқылы салыстырылады: құмалақ – жақсы затты бұзатын жағымсыз ұсақ‑түйек нәрсе және әкімдік ғимаратының алдындағы христиандық крест туралы әңгіме немесе өзінің әңгімесі арқылы бір нәрсені бұзатын жазушы. Алайда азаматша М. Васильеваның жарияланымындағы салыстыру құрылмасының екінші бөлігі мына сөйлеммен берілген «так и этот писатель из казуса природы развил целое повествование о христианском кресте перед зданием акимата», мұның өзі салыстырудың логикасын бұзып отыр (бұл жерде салыстырып отырған ұғымдардың объективтік ұқсастығын білдіретін қайталанатын сөздер жоқ, сөйлемдер құрылмасының ұқсастығы да жоқ). Мұндай құрылмада овечий кумалак тіркесі писателъ сөзімен тікелей ара қатынаста бола алмайды. Тұтас алғанда, сөйлем бағалап пайымдау болып келеді. Демек, онда келтірілген один овечий кумалак может испортить целый казан молока деген мақал мақаланың осы үзіндісі мәтін мәнінде талапкер азамат К. Абдрахмановтың ар‑намысы мен қадір‑қасиетін масқаралайтын, тұлғасына қорлап баға беру болып табылмайды.
10‑сұрақ. «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» газет мақаласының дау келтіріліп отырған үзінділері журналист К. Абдрахмановтың кәсіби қызметін қозғайтын ақпаратты қамтиды ма? Бұл ақпараттың сипаты қандай? Бұл ақпарат қандай нысанда берілген?
Қарастырылып отырған үзінділерде журналист К. Абдрахмановтың кәсіби қызметі туралы ақпарат бар. Бұл ақпарат мына үзінділерде қамтылған:
«Статья основана на незнании обыкновенного народного цветоводства, призывающая к резкому оскорблению русскоязычного населения»;
«Мне оченъ горько за таких бездарных редакторов, пo которым могут
судить обо всех жителях Жалпактала»;
«Письмо закончу словами великого Абая, который из прошедшей эпохи
как бы предвидел такие гнусные статьи».
«Статья основана на незнании обыкновенного народного цветоводства, призывающая к резкому оскорблению русскоязычного населения» деп жазылған бірінші үзіндіде: мақаланы жазған журналистің (яғни азамат К. Абдрахмановтың) халықтың гүл өсіру кәсібін білмейтіндігі; 2) азамат К. Абдрахмановтың жазған мақаласы орыс тілді халықты қатты қорлауға шақыратыны хабарланады. Екі жағдайда да бұл ақпарат пікір айту нысанында берілген.
«Мне очень горько за таких бездарных редакторов, по которым могут судить обо всех жителях Жалпактала» деп жазылған екінші үзіндіде: «горько за таких бездарных редакторов» деген тіркес бар, оны тұтас сөйлемнің мәтін мәнінде қарастырған жөн.
Бұл сөйлем анықтауышты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем болып табылады. Сөйлемнің басыңқы бөлігі Мне очень горъко за таких бездарных редакторов бір құрамды жақсыз сөйлем нысанында берілген, онда субъектіден (бұл жағдайда пікірдің авторы азаматша М. Васильевадан) тәуелсіз пайда болатын және болатын жай‑күй (мне очень горько) туралы хабарланады /қараңыз: Современный русский язык, Алматы, 2002, 472‑бет және Бабайцева В. В. Односоставные предложения в современном русском языке. М., 1968, 53‑бет/, яғни сыртқы факторлардың ықпалымен автордың кешетін жай‑күйі туралы хабарланады. Сөздіктердегі мәлімет бойынша, горько сөзі /қараңыз: Словарь русского языка. В 4-х томах. Т. 1, М., 1981 және пайдаланылған әдебиеттер тізімінде келтірілген орыс тілінің басқа да түсіндірме сөздіктері/ «біреудің басындағы күйініш сезімі, езгі жай‑күй, көңіл‑күй туралы» хабарлайды.
За демеулігі «сезім, уайым туғызатын адамды көрсету үшін» қолданылады /бұл да сонда/. Автор пікірінде (азаматша М. Васильевада) күйініш сезімін, езгі жай‑күйін туғызатын осындай адам ретінде сөйлемде адамдар тобы көрсетіледі (горько за таких бездарных редакторов), сөйлемде бұл редактор сөзінің көпше түрімен берілген (атау септігі - редакторы, ілік септігі - редакторов). Демек, бұл үзіндідегі бездарные редакторы тіркесі нақты бір адамға емес, адамдар тобына қатысты болып отыр.
Бездарные редакторы тіркесінде қолданылған бездарный сын есімі қазіргі заманғы орыс тілінде негативті (теріс) баға беруді білдірсе де, инвективтік (қорлаушы) лексика қатарына жатпайды. Бездарный деген сөз «таланты жоқ, дарынсыз» дегенді білдіреді /қараңыз: Словарь русского языка. В 4-х томах. Т. 1 және басқа сөздіктер/, редакторы деген зат есімге берілген бағалаушы эпитет болып табылады. Эпитет - бұл заттың өзіне сай келетін қасиетін атап көрсету, оған көркемдік мәнерлілік беру мақсатымен заттың атауына қосылатын анықтауыш. Сөйтіп, Мне очень горько за таких бездарных редакторов деген сөйлем бағалап пайымдау болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, көпше түрде берілген бездарные редакторы тіркесі түгелдей бір адамға емес, адамдар тобына қатысты. Сонымен бірге, жалпы «Мақала ашу‑ыза мен реніш туғызады» жарияланымының мысалынан шығатыны, азамат К. Абдрахманов бездарные редакторы деп аталатын осы адамдар тобына енгізіледі. Бұдан басқа, Мне очень горько за таких бездарных редакторов деген сөйлем бағалап пайымдаудан хабар береді, жарияланым авторының (азаматша М. Васильеваның) пікірін білдіреді.
«Письмо закончу словами великого А6ая, который из прошедшей эпохи как бы предвидел такие гнусные статьи» деп жазылған үшінші үзіндіде: азаматша М. Васильева гнусные статьи тіркесін қолданады, онда азамат К. Абдрахмановтың мәтін мәні бойынша гнусные деп аталатын объектілер тобына жатқызылған жарияланымына жалпы баға беріледі. Қазіргі заманғы әдеби орыс тілінде гнусный сөзінің «жиіркеніш сезімін туғызатын, жексұрын» деген мағынасы бар /қараңыз: Словарь русского языка. В 4-х томах. Т. 1 және басқа сөздіктер/ және оған айқын білінетін негативті экспрессивтік реңі тән. Азаматша М. Васильева мақаласының жалпы мәтін мәнінен келіп шығатындай, азамат К. Абдрахмановтың жарияланымын ол «жиіркеніш сезімін туғызатын, жексұрын» материалдар санатына жатқызады. Жоғарыда келтірілген сөйлемдегі гнусный сын есімі статья деген толықтауышқа берілген анықтама болып келеді және негативті баға беруді білдіретін эпитет болып табылады. Демек, негативті баға азамат К. Абдрахманов тұлғасына емес, оның жазған мақаласына беріліп отыр.
Осылайша, екінші («Мне очень горько за таких бездарных редакторов, пo которым могут судить обо всех жителях Жалпактала») және үшінші («ІІисьмо закончу словами великого Абая, который из прошедшей эпохи как бы предвидел такие гнусные статьи») үзінділердегі бездарные редакторы және гнусные статьи (осы мысалдардың жоғарыда келтірілген талдауын қараңыз) деген сөздерде журналист К. Абдрахмановтың кәсіби қызметі туралы ақпарат берілген. Бірінші жағдайда ол бездарные редакторы (яғни «таланты жоқ, дарынсыз») деп аталған адамдар тобына енгізілген, басқа жағдайда оның гнусные (яғни «жиіркеніш сезімін туғызатын, жексұрын») санатына жатқызылған мақаласының сапасына баға беріледі. Екі жағдайда да ақпарат бағалап пайымдау нысанында берілген. Қарастырылып отырған үзінділерде азамат К. Абдрахмановтың кәсіби қызметіне тым теріс баға беріледі. Осының нәтижесінде газет оқырмандарында журналист К. Абдрахмановтың таланты жоқ және ол жиіркеніш сезімін туғызатын, жексұрын мақалалар жазады деген пікір қалыптасады. Мұндай ақпарат журналистің кәсіби ар‑намысына тиеді және оның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЙҒАРЫМ | | | ТҰЖЫРЫМДАР |