Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері

Сот‑құрылыс сараптамасы | Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама. | Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес | ЙҒАРЫМ | ЙҒАРЫМ | ОРЫТЫНДЫ | ТҰЖЫРЫМДАР | Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері | Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады. | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. Lt;variant> басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  2. Конденсатордан кейінгі, «құбырдағы құбыр» типіндегі жылу алмастырғыш аппаратының есебі
  3. Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттатор мен зерттелінушінің өзара қарым қатынастық әрекеттерінің ерекшеліктері турал білім беру.
  4. Расчетная схема. Расчетное усилие
  5. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдау
  6. Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудың іс жүргізу ерекшеліктері
  7. Сот бұйрығының мазмұны

Сот бұйрығын шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді (АІЖК-нің 147-бабының 1-бөлігі).

*Осыған ұқсас ережелер Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» Заңының 24-бабының 5-тармағында баяндалған, онда лизинг алушы сот бұйрығының көшірмесін алған күннен кейін он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдаланып, лизинг затын талап ету бойынша мәлімделген талапқа бұйрық шығарған сотқа қарсылық жіберуге құқылы, делінген.

**Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 16-тармағының ережелері бойынша, егер борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде сотқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын жіберсе, онда судья олардың мазмұнына қарамастан, сот бұйрығын бұзу туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер борышкер осындай қарсылықтарды беру мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алса, онда осы мерзім АІЖК-нің 128-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін. Егер бұзылған сот бұйрығы орындауға жіберілсе немесе орындау үшін өндіріп алушыға берілсе, онда сот мұндай сот бұйрығын кері қайтарып алады.

***Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлімдеген талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі шығарылғаннан кейін үш күннен кешіктірмей тараптарға жіберіледі (АІЖК-нің 148-бабының 1-бөлігі).

Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарым шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды (АІЖК-нің 148-бабының 2-бөлігі). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 20-тармағының 1) тармақшасында былай деп нақтыланады: сот бұйрықтарына апелляциялық тәртіппен шағым беруге (наразылық келтіруге) болмайды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 28-тармағында мынадай түсіндірме берілген: АІЖК-нің 385-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген шешіміне, ұйғарымына, қаулысы мен сот бұйрығына апелляциялық шағым беруге құқылы тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар істі қадағалау тәртібімен қарауға уәкілетті сотқа тікелей шағымдануы мүмкін. АІЖК-нің 391-бабының 3-бөлігінің мағынасы бойынша, іске қатыстырылмаған адамдар, олардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе осы актілермен шешілген жағдайда ғана аталған сот актілеріне шағымдануға құқылы.

****Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады (АІЖК-нің 149-бабының 4-бөлігі).

*****Жергілікті бюджеттің кірісіне борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауына жіберіледі (АІЖК-нің 149-бабының 3-бөлігі).

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2003 жылғы 28 ақпандағы № 46-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген соттарында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 114-тармағы бойынша, сот бұйрығын шығару кезінде судья оның көшірмесін тапсыру туралы хабарлап, борышкерге дереу жібереді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмелері ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі. Егер белгіленген мерзім ішінде аудандық сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, аудандық сот өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді. Өндіріп алушының өтінімі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауына жіберілуі мүмкін. Жергілікті бюджеттің кірісіне борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауына жіберіледі. Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады.

Сонымен қатар, мына жағдайларды ескерген жөн:

- АК-нің 741-бабы бойынша заңды тұлғалардың және азаматтардың банктердегі ақшаларын олардың келісімінсіз алу соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе шешімінің, сот бұйрығының негізінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң актісінде көзделген жағдайларда жасалуы мүмкін;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Заңының (ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 09.07.03 ж. № 482-I Заңдары арқылы енгізілген өзгертулермен) 94-бабы бойынша, вексель бойынша төлеушінің мүлкінен өндіріп алу сот бұйрығының немесе сот шешімінің негізінде ғана жүргізіледі;

- Қазақстан Республикасының «Төлемдер және ақша аудару туралы» Заңының (28.12.98 ж. № 336-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 13.03.03 ж. № 394-II; 05.05.03 ж. № 409-II; 08.05.03 ж. № 411-II; 09.07.03 ж. № 482-II заңдарына сәйкес енгізілген өзгертулермен) 15-бабы бойынша ақша аударушының келісімінсіз ақшаны инкассо тәртібімен алу туралы өкім соттардың ақша өндіріп алу туралы шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары мен қаулылары немесе сот бұйрығының негізінде табыс етіледі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге арналған бюджетті орындау және есептілік (кезеңдік және жылдық) нысандарын жүргізу жөніндегі қаржы процедуралары ережелерінің 135-тармағы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 1999 жылғы 14 сәуірдегі № 151 «Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің атқару құжаттарын орындау тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығының (ҚР Қаржы министрінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 226 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен) 2-тармағы бойынша, ақша аударушының келісімінсіз ақшаны инкассо тәртібімен алу туралы өкім атқару парақтарының немесе соттардың ақша өндіріп алу туралы шешімдері, үкімдері, ұйғарымдары мен қаулылары бойынша берілетін бұйрықтардың немесе сот бұйрығының негізінде табыс етіледі.

 


 

17-схема. Атқару құжатын орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 9-бабы)

*Атқару құжаттарын орындау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы өтінім беру құқығы тек қана өндіріп алушыда не оның құқықтық мирасқорында бар.

Өткізіп алынған мерзім атқару парағын және сот бұйрығын, яғни сот актілерінің негізінде берілген атқару құжаттарын орындауға беру үшін ғана қалпына келтірілуі мүмкін.

Қалған атқару құжаттары бойынша өткізіп алынған мерзiм қалпына келтiруге жатпайды (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 9-бабының 3-бөлігі ).

Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінімді сот АІЖК-нің 128-бабының ережелері бойынша қарайды. Сот бұл өтінімді мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешуі үшін кедергі болып табылмайды.
Өтінімді қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады. Соттың өткізіп алынған іс жүргізу мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.


18-схема. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (неемес әрекетсіздігіне) дау айту туралы (АІЖК-нің 27-тарауы)

АІЖК-нің 27-тарауында көзделген тәртіпте, атап айтқанда, жергілікті атқару органының жиналыс, митингі, шеру, пикет немесе демонстрация өткізуге тыйым салу туралы шешіміне; мемлекеттік уәкілетті органның адамды репатриант, мәжбүрлі көшіп келуші, босқын деп танудан бас тарту туралы шешіміне; жол органдарының көлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе жабу жөніндегі әрекеттеріне; салық органдарының заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банктердегі шоттарынан салық бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі әрекеттеріне; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Сот әкімшілерінің атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға болады.

*Конституциялық Кеңестің құзыры (ҚР Конституциясының 71-бабы):

1. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес дау туған жағдайда: 1) Республика Президентінің; 2) Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы; 3) республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді.

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес: 1) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды; 2) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.

3. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес: 1) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді; 2) Парламент республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы тиісті шешім қабылдағанға дейін, республика Президентін қызметінен кетіру туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін – белгіленген конституциялық процедуралардың сақталуы туралы қорытындылар береді.

4. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, соттың Конституцияның 78-бабына сәйкес қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституцияда баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тауып, оны конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуін қарайды; 2) Конституцияның 53-бабының 11) тармақшасы бойынша Конституциялық Кеңес конституциялық іс жүргізу практикасын қорытудың нәтижесі бойынша республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайын Парламентке жолдау жасайды.

**АІЖК-нің 27-тарауының ережелері бойынша сотта қарауға жатпайтындар:

1) талап бойынша іс жүргізу, айрықша іс жүргізу тәртібімен немесе АІЖК-нің 25, 26, 28, 29-тарауларында көзделген ережелер бойынша қаралуы тиіс арыздар, сондай-ақ АІЖК-нің 279-бабының 2-бөлігінде көрсетілген шешімдер;

2) азаматтық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік іс жүргізу заңдарында сотта іс қараудың өзге тәртібі көзделген сот, судья, прокурор, тергеуші, анықтаушының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы арыздар.

Азаматтық-құқықтық, еңбек, тұрғын үй, отбасы және басқа да жеке құқықтық қатынастар субъектілерінің арасындағы даулар айрықша талап қою емес, талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Атап айтқанда, ішкі істер органдарының, салық және кеден органдары қызметкерлерінің осы органдар басшыларының тәртіптік жаза қолдану немесе қызметтен босату туралы бұйрықтарын заңсыз деп тану туралы арыздары; акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктерінің органдары қабылдаған осы ұйымдардың акционерлері мен қатысушыларының мүдделеріне қайшы келетін шешімдеріне дау айту туралы арыздары; конкурстық, тендерлік комиссиялардың, конкурстық басқарушылардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы арыздар талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 10 «Соттардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғаларлың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы).

 

 

19-схема. Сот орындаушысының әрекеттерiне шағым беру*

 

 

*Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 87-бабында сот орындаушысының әрекеттеріне шағым беру құқығы көзделген. Заң шығарушылар сот орындаушысының әрекеттеріне шағым беруді атқару әрекеттерін жасау кезінде өндіріп алушының және борышкердің құқықтарын қорғаудың құқықтық құралы ретінде қарастырады.

**Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 86-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы бойынша сот орындаушысы заңда белгіленген тәртіппен орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулы шығаруға құқылы.

Сот орындаушысының әрекеттері қаулы түрінде, соның ішінде аға сот орындаушысы бекіткен акт, қарар, хат немесе өзге нысанда ресімделуі мүмкін.

Аталған Заңда сот орындаушысының әрекеттеріне берілген шағымдарды қараудың тәртібі анықталмаған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 10 «Соттардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысында (1-тармақ 2) тармақша) АІЖК-нің 27-тарауында көзделген тәртіппен сот орындаушысының атқару құжатын орындау туралы шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекет жасаудан бас тартуына дау айтуға болатыны түсіндірілген.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағында сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөнiндегi немесе сондай әрекеттердi жасаудан бас тарту жөнiндегi әрекеттерiне өндiрiп алушы немесе борышкер шағым беруi мүмкiн деп түсіндірілген. Бұл жағдайда аталған Заңның 87-бабы бойынша шағым сот орындаушысының әрекет жасаған күннен немесе әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбай, аталған адамдарға ол жөнiнде белгiлi болған күннен бастап он күн iшiнде сот орындаушысының қызмет ететiн учаскесiндегi аудандық сотқа берiледi. АІЖК-нің 3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, басқа тұлғалар шағымды АІЖК-нің 280-бабының 1-бөлігінде көзделген мерзімде бере алады.

 

 


20-схема. Істі апелляциялық сатыдағы сотта жүргізген кезде сот актісінің орындалуын тоқтата тұру (АІЖК-нің 343-бабы)

наразылық келтірген прокурордың өтінімі бойынша  

 

*АІЖК-нің 238-бабына сәйкес шығарылған сот шешімін дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым беру, жеке наразылық келтіру мұндай ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады. Сонымен қатар, соттың шешімін дереу орындауды қолданудан бас тарту туралы сот ұйғарымына сот шешімінен бөлек шағымдануға, наразылық келтіруге болмайды (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының 28-бабы).


21-схема. Қадағалау сатысында іс жүргізу кезінде сот актісінің орындалуын тоқтата тұру (АІЖК-нің 396-бабы)*

 

 

*АІЖК-нің 396-бабында аталған лауазымды адамдар істі соттан сұратқан кезде, заңды күшіне енген сот актісінің орындалуын қадағалау шағымын берген адамның осы туралы өтінімі болған жағдайда ғана тоқтата тұруы мүмкін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 33-тармағы).


22-схема. Сот шешімінің орындалуын қайта бұру* (АІЖК-нің 240-1-бабы)

 

*Бұзылған шешімді орындау орын алған іс бойынша жаңа шешім шығарған сот жауапкердің жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұру туралы мәселені қарайды және бұл мәселені жаңа шешіммен шешеді (АІЖК-нің 240-2-бабының 1-бөлігі).

Егер сот істі жаңадан қараған кезде бұзылған шешім бойынша орындауды қайта бұру мәселесін шешпесе, жауапкердің шешімнің орындалуын қайта бұру туралы арызы іске қатысушы адамдарға, ал қажет болған жағдайда бұзылған шешімді орындаған органға да хабарлай отырып, соттың бөлек отырысында қаралады. Аталған адамдар шешімнің орындалуын қайта бұру туралы арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабардар етіледі, алайда олардың сот отырысына келмей қалуы орындауды қайта бұру туралы мәселені шешу үшін кедергі болмайды (АІЖК-нің 240-2-бабының 2-бөлігі).

Шешімнің орындалуын қайта бұру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін (АІЖК-нің 240-2-бабының 3-бөлігі).

Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот бірінші сатыдағы сот шешімімен бұрын бұзылған шешімнің орындалуын қайта бұру туралы мәселе шешілмеген істі қараған кезде, бұл мәселені істе бірінші сатыдағы соттың бұзылған шешімінің орындалғаны туралы анық деректер болғанда ғана шешеді. Басқа жағдайда орындауды қайта бұру туралы мәселе осы Кодекстің 240-2-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен шешіледі (АІЖК-нің 240-3-бабы).


23-схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз беру және арыздың мазмұны (АІЖК-нің 410-бабы)

*Заңда толық не оның бір бөлігінде жойылған атқару ісін қалпына келтіру көзделген (АІЖК-нің 410-бабының 1-бөлігі), егер шешім орындалса (АІЖК-нің 412-бабының 6-бөлігі).

Атқару ісінің жойылуының себептері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, іс жүргізуге салғырт немесе немқұрайлы қараудың салдары, ұрлау, есепке алудың немесе сақтаудың кемшіліктері. Атқару ісін жоғалту әдейі, айталық, лауазымды және мүдделі тұлғалардың қылмыстық әрекеттер (мысалы, істі қасақана жою) жасау жолымен жасалуы да мүмкін. Сонымен қатар, табиғи апат немесе төтенше жағдайлар: жер сілкінісі, су басуы, өрт, жарылыс және т. с. нәтижесінде атқару ісі материалдарының жойылу жағдайлары да болады. Сақтау мерзімдерінің аяқталуына байланысты жойылған атқару ісін қалпына келтіру қажеттігі өте сирек болады.

Жойылған істі қалпына келтіру туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді (АІЖК-нің 410-бабының 7-бөлігі).


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 633 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны| Схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз келіп түскен жағдайдағы судьяның іс жүргізушілік әрекеттері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)