Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз келіп түскен жағдайдағы судьяның іс жүргізушілік әрекеттері

Тарау. Азаматтық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама. | Лингвистикалық сараптама жүргізуге бастамашы болған адамдарға он пайдалы кеңес | ЙҒАРЫМ | ЙҒАРЫМ | ОРЫТЫНДЫ | ТҰЖЫРЫМДАР | Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері | Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады. | Схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. Lt;variant> ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе
  2. Lt;variant> басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  3. Lt;variant> мәжбүрлеп алып келу немесе келетіні туралы міндеттеме алу
  4. Lt;variant> оған қатысты аныпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан тұлға
  5. Азақстан Республикасының жер қорларбасқару туралы агенттігі
  6. Айталама сараптама тағайындау туралы
  7. Интернет туралы ұғым.

*Істі сотта қарауға әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті мақсаттары мыналар болып табылады: 1) істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау; 2) тараптардың және басшылыққа алынуға тиіс заңның құқықтық қатынастарын анықтау; 3) іске қатысушы адамдардың құрамы және процестің басқа қатысушылары туралы мәселені шешу; 4) өздерінің уәждерін негіздеу үшін әр тарап ұсынуға тиіс дәлелдерді анықтау.

Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы істі сотта қарауға әзірлеу, оны қарау және шешу осы санаттағы істердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып АІЖК-нің 2-бөлімінің 2-тармағында көзделген азаматтық іс жүргізудің жалпы ережелері бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 21 «Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу туралы» нормативтік қаулысының 22-тармағы бойынша АІЖК-нің 173-бабына сәйкес, судья істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарымда көрсетілген барлық әрекеттерді орындағаннан кейін іс сот талқылауына дайын деп есептеу керек.

АІЖК-нің 344-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шағым беруге немесе наразылық келтіруге жатпайды.

**Хабарламалар мен шақыру қағаздары хабардар етілетін немесе шақырылатын адамның сотқа уақтылы келуі және іс бойынша дайындалуы үшін жеткілікті уақыты болатындай есеппен жіберілуге тиіс.

Хабарлама немесе шақыру қағазы хабардар етілетін немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысушы басқа тұлға көрсеткен мекен-жайға жолданады. Егер сотқа хабарланған мекен-жайда бұл азамат іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлама немесе шақыру қағазы оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Ұйымға жолданған хабарлама немесе шақыру қағазы оның орналасқан орнына жіберіледі. Бұл орайда хатшы ҚР аудандық және оларға теңестірілген соттарында іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алуға тиіс.

***АІЖК-нің 411-бабы 1-бөлігіне сәйкес, арызда жойылған істі қалпына келтіру туралы мәселе бойынша сотқа жүгіну мақсаты көрсетілмеген жағдайда, сот арызды қозғалыссыз қалдырады және арыз берушінің оны жазып көрсетуіне қажетті мерзім береді. Арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымында судья сонымен бірге арыз беруші жойылған істі қалпына келтірудің мақсатын көрсетуге тиіс болатын мерзімді көрсетеді. Егер арыз беруші көрсетілген кемшілікті жойса, яғни арызға сотқа жүгінуі туралы мәліметтерді енгізсе, онда оның берген арызы соттың іс жүргізуіне қабылданады.

****Шешім орындалғанға дейін атқару ісі жойылып, атқару парағының дубликаты берілуі мүмкін жағдайда, сот жойылған атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы іс қозғаудан дәлелді ұйғарыммен бас тартады (АІЖК‑нің 412‑бабының 8‑бөлігі). Атқару парағы сот шешімінің немесе азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімнің бекітілгеніне байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының негізінде беріледі. Сотта іс жүргізу бар, сондықтан сот актісі әлі орындалмаған жойылған атқару ісін қалпына келтірудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар, жойылған істі қалпына келтіру туралы арызға мемлекеттік баж төленбейтінін есте ұстау қажет (АІЖК-нің 410-бабының 7-бөлігі).


25-схема. Соттың жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арызды қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы (АІЖК-нің 411-бабы)*

*Заңда белгіленгендей, егер шешім орындалса, жойылған атқару ісі қалпына келтіріледі (АІЖК-нің 412-бабының 6-бөлігі).

**Істі қарау кезінде сот іс жүргізудің сақталған бөліктерін, іс жүргізу жойылғанға дейін істен азаматтар мен ұйымдарға берілген құжаттарды, бұл құжаттардың көшірмелерін, іске қатысы бар басқа да материалдарды пайдаланады (АІЖК-нің 411-бабының 4-бөлігі).

Іс жүргізу әрекеттерін жасау кезінде қатысқан адамдардан, ал қажет болған жағдайларда - жойылған іс бойынша істі қараған соттың құрамына кірген адамдардан, сондай-ақ сот шешімін орындаған адамдардан соттың куә ретінде жауап алуына болады (АІЖК-нің 411-бабының 5-бөлігі).

***Арызды қараусыз қалдырудың тәртібі мен негіздері АІЖК-нің 21-тарауымен реттелетіні белгілі (249-250-баптар). Алайда АІЖК-нің 249-бабында (арызды қараусыз қалдырудың негіздері) мұндай негіз көрсетілмеген. Демек, АІЖК-нің 411-бабының 2-бөлігінде көзделген негіздемені қосымша негіздеме ретінде қарастырған жөн.

****Жойылған іс жүргізуді қалпына келтіру туралы іс бойынша шешімнің дәлелдеме бөлімінде соттың қандай дәлелдемелерді зерттегені және жойылған іс бойынша қандай іс жүргізу әрекеттерінің жасалғаны дәлелденгендігі туралы да сот тұжырымы көрсетіледі (АІЖК-нің 412-бабының 3-бөлігі).

Жойылған істі қалпына келтіру туралы арыз бойынша сот қаулыларына заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалады (АІЖК-нің 412-бабының 9-бөлігі).

Көрінеу жалған арыз берілген жағдайда, жойылған істі қалпына келтіру туралы арыз бойынша іс қозғаумен байланысты сот шығыстары арыз берушіден өндіріп алынады (АІЖК-нің 412-бабының 10-бөлігі).


 

26-схема. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы сотқа арыз берудің тәртібі (АІЖК-нің 241-1-бабының 1-5-бөліктері)*

Аралық соттың шешімі өзінің пайдасына шығарылған тарап (өндіріп алушы) оны мәжбүрлеп орындату туралы арыз беруге құқылы

*Аралық соттың шешiмi шешiмде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi түрде орындалуға жатады (Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» Заңының 45-бабының 1-тармағы).

 

27-схема. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы арызды сотта қараудың тәртібі (АІЖК-нің 241-1-бабының 6-9-бөліктері)*

 

 

 

*Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы арызды қарау кезінде соттар сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» Заңының 6-тарауының ережелерін басшылыққа алуға тиіс.

**Сот аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату үшін атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде, атқару парағы АІЖК-нің 236-бабының ережелері бойынша беріледі (АІЖК-нің 241-2-бабының 2-бөлігі).

Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға құзыреттi сот берген атқару парағының негiзiнде, аралық соттың шешiмiн орындау кезінде қолданылатын атқарушылық iс жүргiзу ережелерi бойынша жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» Заңының 46-бабы).

***ҚР «Аралық соттар туралы» Заңының 48-бабының 3-тармағына сәйкес құзыреттi сот атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда, тараптар ұйғарымға Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгіленген тәртiппен шағым жасауға құқылы.


28-схема. Аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы арызды сотта қараудың нәтижесінде атқару парағын беруден бас тартудың негiздемелері (АІЖК-нің 241-3-бабы, ҚР «Аралық соттар туралы» Заңының 48-бабының 2-тармағы)*

 

*ҚР «Аралық соттар туралы» Заңының 48-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы бойынша құзыреттi сот дау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аралық сотта iс қараудың нысаны болуы мүмкiн еместiгiн анықтаған жағдайда ғана құзыреттi сот атқару парағын беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

**Егер аралық соттың аралық келісімі қолданылатын мәселелер бойынша қабылдаған қаулыларын осындай келісім қолданылмайтындардан бөлуге болатын болса, онда аралық соттың аралық келісім қолданылатын мәселелер бойынша қабылдаған қаулыларын қамтитын шешімінің бұл бөлігін мәжбүрлеп орындатуға атқару парағын беруден бас тартуға болмайды (АІЖК-нің 241-3-бабының 1-тармақшасы, ҚР «Аралық соттар туралы» заңының 48-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы).

 


29-схема. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстар (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 74-бабы)*

 

*Атқарушылық әрекеттердi ұйымдастыру мен оларды өткiзуге жұмсалған бюджет қаражаттары мен атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы тараптардың қаражаттары атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстар болып табылады («Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 74-бабының 1-тармағы).

**Борышкер мүлкiнен атқару құжатын орындау үшiн қажеттi мөлшер мен көлемде, орындау жөнiндегi шығыстар ескерiле отырып өндiрiп алынады (35-баптың 4-тармағы);

Сот орындаушысы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы және орындау жөнiндегi шығыстарды өтеуге қажеттi мөлшерде борышкердің мүлкiн тiзiмдейдi (41-баптың 1-тармағы).

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстарға соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар жатады (АІЖК-нің 107-бабының 9-тармақшасы).

***Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндiрiп алушы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылатын тиiстi шығыстарды жасау үшiн жеткiлiктi мөлшерде ағымдағы шотқа аванс жарнасын төлеуге құқылы (Заңның 76-бабы).

Өндiрiп алушыға ұйғарылған сомаларды және атқару жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн қажеттi, борышкерден алынған ақша сомаларын сот орындаушысы аумақтық органның немесе аумақтық бөлiмнің ағымдағы шотына енгiзедi. Ағымдағы шоттағы ақша сомасын есепке алу, сақтау және оны беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi (Заңның 47-бабының 2-тармағы).


30-схема. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарды өтеу тәртiбi (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 75-бабы)*

*Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға байланысты қосымша шығыстар шешiмдi өз еркiмен орындамаған тарапқа жүктеледi (Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» Заңының 47-бабы).

Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін депозиттік шотынан сот төлейді (АІЖК-нің 109-бабының 1-бөлігі). Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді (АІЖК-нің 109-бабының 2-бөлігі).

Сот орындаушысы борышкерден өндiрiп алған сомадан ең алдымен атқару құжатын орындау процесiнде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледi, содан кейiн орындау жөнiндегi шығыстар өтеледi, қалған сома өндiрiп алушылардың талаптарын қанағаттандыруға берiледi. Барлық талаптарды қанағаттандырғаннан кейiн қалған сома борышкерге қайтарылады. Борышкерден өндiрiп алынған және өндiрiп алушыларға берiлуге тиiс сомаларды сот орындаушысы ағымдағы шотқа қосады, содан кейiн белгiленген тәртiппен бередi немесе аударады. Мемлекет кiрiсiне аударуға жататын сомаларды сот орындаушысы тiкелей тиiстi банк мекемесiне енгiзедi (Заңның 69-бабы).


31-схема. Бюджет қаражаттары есебiнен келтiрiлген шығыстарды өндiрiп алудың және оларды сондай шығыс жасаған органға немесе адамдарға өтеудің тәртібі (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 75-бабының 4-5-бөліктері)*

 

 

 

Бюджет қаражаттары есебiнен келтiрiлген шығыстарды өндiрiп алуды және оларды сондай шығыс жасаған органға немесе адамдарға өтеудi сот орындаушысының ұсынысы және шыққан шығындарды растайтын құжаттар негiзiнде сот жүргiзедi. Сот орындаушысының ұсынысын борышкер мен өндiрiп алушыны хабардар ете отырып сот қарайды, алайда тиiсiнше хабардар етiлген жағдайда олардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды. Сот ұйғарымының көшiрмесi борышкер мен өндiрiп алушыға үш күн мерзiмде жiберiледi. Соттың ұйғарымына жеке шағым берiлуi немесе наразылық келтірiлуi мүмкiн. (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 75-бабының 4-5-бөліктері).

 

 

Схема. Борышкерге iздеу салу (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 18-бабы).

*Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңының 10-бабын қараңыз.

**Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Заңының 18-бабының 2-бөлігін қараңыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 260, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 08-1/7, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 85, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 93, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 2, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 168 және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 74 «Қазақстан Республикасының құзырлы органдарының Интерпол бойынша халықаралық іздеу салу, орындау және сұрау салу мен тапсырмаларды жіберу, сондай-ақ Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросының оларды өңдеуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бірлескен бұйрығын қараңыз.


33-схема. Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы арызды қараудың тәртібі (АІЖК-нің 234-бабы)*

 

 

*Алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы мәселе сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 13-бабымен реттеледі.

АІЖК-нің 234-бабының тәртібімен сот ұйғарымы бойынша өндірілген ақшалай сомаларды индекстеуді өндіріп алуға жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының 31-тармағы).

 

 


34-схема. Сот орындаушыларының атқару санкциясын өндіріп алу туралы ұсыныстарын сотта қарау (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 77-бабы)*

Ұсынысты қараудың нәтижесінде    

*Атқару санкциясы атқару құжатын ерікті түрде орындамаған борышкердің мүліктік жауапкершілігінің бір түрі болып табылады.

Сот орындаушысы Заңмен белгiленген тәртiппен өзiнің iс жүргiзуiне қабылдаған атқару құжаты мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың негiздемесі болып табылады (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 6-бабы)*.

Сот орындаушысы борышкердің дәлелдi жазбаша арызы бойынша, дереу орындалуға тиiс атқару құжаттарын қоспағанда, атқару құжатын ерiктi орындау үшiн атқарушылық ic жүргiзу қозғалған күннен бастап бес күн мерзiм белгiлейдi (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 10-бабы)*.

**Атқару санкциясы атқару құжаты мәжбүрлеп толығымен орындалғаннан кейін ғана борышкерден өндіріп алынады.

Егер борышкер атқару құжатын ерікті түрде орындау үшін сот орындаушысы белгілеген мерзімде оны ерікті түрде орындағанын немесе атқару ісі қозғалғанға дейін сот актісін орындағанын сотқа дәлелдесе, атқару санкциясы өндіріп алынбайды. Қалған барлық жағдайда заңның мағынасы бойынша, атқару құжатын орындау мәжбүрлі түрде жүзеге асырылған деп есептеу керек.

Соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 77-бабы тәртібімен өндіріп алынған ақша сомаларынан атқару санкциясын өндіріп алуға жол берілмейді.


35-схема. Атқарушылық іс жүргізу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарау (ӘҚБтК-нің 29-тарауы)

*Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 67-1-бабы).

Қызметтiк куәлiк көрсетiлгеннен кейiн үйге, үй-жайға немесе мемлекеттiк органның, меншiк нысанына қарамастан, ұйымның аумағына кедергiсiз кiргiзуден бас тартып, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасалған жағдайда, сот орындаушысы ол туралы акт жасайды, ал кiнәлiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалды орындалатын жердегі сотқа бередi (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 88-бабының 6-бөлігі).

Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сот орындаушысын борышкердің ақша сомалары немесе мүлкiнің барлығын тексеруге жiберуден бас тарту, сұратуы бойынша мәлiметтер бермеу, қорлау, қорқыту, оған күш көрсету немесе сот орындаушыларының қызметтiк әрекетiн орындауына байланысты оның немесе отбасы мүшелерiнің өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, сот орындаушысының қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер жасау заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 88-бабының 5-бөлігі).

Бұл схемаға сот приставтарының қосылуы мынаған байланысты: заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 4-бабының 2-бөлігі).

Сот приставтарының міндеттері бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау, соттардың және басқа органдардың атқару құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету және т. б. болып табылады (ҚР «Сот приставтары туралы» Заңының 2-бабының 2) және 5) тармақшалары).

Сот приставы өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқылы (ҚР «Сот приставтары туралы» Заңының 7-бабының 1-бөлігінің 3) тармақшасы).

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында сот приставы атқарушылық іс жүргізу заңдарына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келуді жүзеге асыруға және т. б. орындауға міндетті (ҚР «Сот приставтары туралы» Заңының 7-бабы 2-бөлігінің 4) және 8) тармақшалары).

Сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары және соттың басқа да қызметкерлерi 513-531-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға және сотқа қарауға жіберуге құқылы (ӘҚБтК‑нің 636-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 640-бабы).

 

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 798 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері| Тармақ бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)