Читайте также: |
|
Анықтау немесе алдын ала тергеу процесінде іс жүргізу заңының айыпталушының құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталған және істі сотта қарауға кедергі келтіретін өзге негіздер жоқ деген пікірге келген судья істі сотта қарауға қабылдайды және басты сот талқылауын тағайындап, бұл жөнінде тиісті қаулы шығарады (ҚІЖК-нің 302-бабының 1-бөлігі).
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы мынадай үш шарт сақталса, қабылдануы мүмкін:
1) егер істі тергеу кезінде айыпталушы ретінде тартылған азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген барлық талаптар сақталса;
2) істі басты сот талқылауында қарауға өзгедей кедергі болмаса;
3) қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылық болмаса.
Судья айыпталушы таңдап алған адамның қорғаушы ретінде іске қатысуына рұқсат ету немесе қорғаушыны тағайындау туралы мәселені шешуге міндетті.
Қаулыда сондай-ақ сот талқылауын дайындау жөніндегі қажетті әрекеттер бекітіледі. Басты сот талқылауы өткізілетін уақыт пен орын анықталады, бұл жөнінде сот іс бойынша тараптарға жазбаша хабарлайды.
Істі зерттеу кезінде судья сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тізімі дұрыс жасалғанына назар аударуға тиіс. Судья өзінің бастамасымен немесе процеске қатысушылардың өтінімі бойынша бұл тізімде көрсетілмеген адамдарды куә ретінде сотқа шақыруға құқылы.
Барлық жағдайда жәбірленуші сот отырысына шақырылуға тиіс. Жәбірленушінің өтінімі бойынша сот отырысына оның өкілі шақырылады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі міндетті түрде шақыруға жатады.
Алдын ала тергеу немесе анықтау кезінде сот сараптамасы жүргізілген және сотта сарапшының түсіндірмесі қажет болған жағдайда, сондай-ақ істің мән-жайлары бойынша сот отырысында сараптама жүргізілетін жағдайларда сарапшы шақырылады. Егер сараптама жүргізуге бірнеше сарапшы қатысқан болса, сотқа олардың өкілі шақырылады. Сарапшылардың пікірі біртұтас болмаған жағдайда, олардың бәрі шақырылуы мүмкін.
Шешілуі сараптама жүргізуді қажет етпейтін мәселелер бойынша арнайы білім пайдаланылатын жағдайда, сот отырысына маман шақырылады.
Аудармашы шақыру туралы шешім айыпталушы, жәбірленуші немесе куәлар сот отырысында іс қаралатын тілді білмеген жағдайда қабылданады.
Істі сотталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешімді сот ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтінім берген жағдайда және сотталушы елден тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған жағдайларда қабылдайды (ҚІЖК-нің 315‑бабының 2‑бөлігі).
Істің қаралатын орны процеске қатысушылардың өтінімін ескеріп сот ғимаратынан тыс жерде, қылмыс жасалған жерде, айыпталушының, жәбірленушінің жұмыс орнында, куәлардың көпшілігінің мекен-жайы бойынша және т. с. белгіленуі мүмкін.
ҚІЖК-нің 29-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларда судья істі жабық сот отырысында қарау туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімді судья процеске қатысушылардың өтінімдерін ескеріп қабылдайды және қабылдаған шешімінің дәлелдемелерін келтіреді.
Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемінде үш тәуліктен кейін және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс (ҚІЖК-нің 302-бабының 4-бөлігі).
Іс бойынша алдын ала тыңдау жүргізілетін жағдайда басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда сонымен қатар талқылауға қойылған мәселелер бойынша қабылданған шешімдер көрсетілуге тиіс.
|
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тармақ бойынша. | | | Және 5-тармақтар бойынша. |