Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме

Схема. Қамтамасыз ету шараларының түрлері | Сонымен, шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту сот шешімін орындау мерзімін соттың өзгертуі болып табылады. | Схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны | Схема. Сот бұйрығын шығарғаннан кейінгі судьяның әрекеттері | Схема. Жойылған атқару ісін қалпына келтіру туралы арыз келіп түскен жағдайдағы судьяның іс жүргізушілік әрекеттері | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Және 5-тармақтар бойынша. | А-тармағы бойынша. | Б-тармағы бойынша. |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының жер қорларбасқару туралы агенттігі
  2. азақстан – Чехия қарым – қатынастары.
  3. Азақстанның ДСҰ-на кірудің жағымсыз жақтары мен артықшылықтары
  4. Ауылшарушылығы - Қазақстанның қорғау мен көмекті қажет ететін жалғыз саласы
  5. Түсіндірме
  6. Татарстан Республикасы турында сөйләгез.

ҚІЖК-нің311, 356-баптарының және басқа нормаларының талаптарына сәйкес, сот тергеу кезінде іске тіркелген және жаңадан ұсынылған заттай дәлелдемелерді сот тергеуі барысында тікелей қарауға және тараптарға көрсетуге тиіс. Сондықтан аталған іс жүргізу әрекеті жасалады деп жоспарланған сот отырысы басталғанға дейін төрағалық етуші заттай дәлелдемелерді бұған алдын ала дайындауға тиіс – хатшыға, приставқа заттай дәлелдемелерді сот отырысы залына жақынырақ орынға әкелу туралы, заттай дәлелдемелер салынған қаптамаларды ашу және оларды қарау үшін арнайы құралдарды (қайшы, пышақ, қолғап және т. с) дайындау туралы өкім беру, сот отырысына сарапшы, маман шақырудың қажеттігі туралы (мысалы, көлік құралын, оның бөлшектерін қарау кезінде көмек алу үшін автотехник шақыру) мәселені талқылауға тиіс. Егер заттай дәлелдемелерді қарауды олар орналасқан орында жүргізу жоспарланса, процеске қатысушылар жолға шығатын уақытқа көлік құралдарын дайындау, процеске қатысушылардың заттай дәлелдемелер сақталатын орынға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету қажет.

Заттай дәлелдемені қарау процесіне төрағалық етуші (немесе оның тапсырмасы бойынша маман) түсіндірме береді, бұл орайда ол істің дұрыс шешілуі үшін олардың маңыздылығына қарай (ҚІЖК-нің 115-бабы), қаралып отырған заттың, құжаттың өзіне тән ерекшеліктерін, белгілерін атап өтеді, ал хатшы оның сөзі бойынша қарау нәтижесін тіркеп отырады. Бұған қатысып отырған прокурор, тараптардың басқа өкілдері заттай дәлелдемелерді қараумен байланысты пікір айтуға, хаттамаға енгізілуі тиіс маңызы бар қандай да бір деректерге соттың назарын аударуға құқылы.

ҚІЖК-нің 357-бабы бойынша мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-әрекетінің хаттамалары және қарау, куәландыру, алу, тінту, мүлікке тыйым салу, ұстау, тану үшін көрсету, тергеу эксперименті, телефонмен сөйлесуді тыңдау кезінде белгілі болған фактілер, сондай-ақ егер оларда іс үшін маңызы бар мән-жағдайлар баяндалған немесе куәландырылған болса, іске тігілген немесе сот отырысында ұсынылған құжаттар толық немесе ішінара жария етілуге тиіс.

Сот тергеуіне бөлінген уақытты неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында сот көрсетілген хаттамалар мен құжаттарды толық емес, тек олардың іс үшін маңызы бар фактілер мен мән-жайлар куәландырылған бөлігін ғана жария етуге құқылы. Көп жағдайда хаттама мен құжаттың іс үшін маңызы бар фактілері мен мән-жайлары куәландырылған бөлігінен басқа, оның жасалған уақытын жария етсе жеткілікті.

Заттай дәлелдемелерді сот отырысында қараудың, сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және куәнің берген айғақтарын, сарапшының қорытындысын, тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларын және өзге де құжаттарды жария етудің қажеттігі туралы мәселені талқылау кезінде судья ҚІЖК-нің 116-бабы 3-бөлігінің талаптарын сақтауға тиіс, ол бойынша егер аталған заттай және өзге де дәлелдемелер қылмыстық іс материалдарының түгендеу тізіміне енгізілмесе, оларды айыптаудың негізіне жатқызуға болмайды.

Сотталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтарын, сондай-ақ тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және құжаттарды оларды жария ету туралы өтінім берген тарап немесе сот жария етеді. Осы орайда ҚІЖК-нің 349, 353-баптарында белгіленген талаптарды ескеру қажет. Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік барысында берген айғақтарын жария етуге мына жағдайларда жол беріледі: сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде; егер іс ол болмаған кезде қаралса; сот талқылауы мен алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда. Жәбірленуші мен куәнің іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу немесе осыған дейінгі сот талқылауы кезінде берген айғақтарын жария етуге мына жағдайларда жол беріледі: бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болған кезде; олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша жәбірленушінің немесе куәнің сот отырысына қатыспауы кезінде.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Г-тармағы бойынша| Істі алдын ала тыңдау сатысында қабылданатын сот қаулыларының үлгілері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)