Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түсіндірме

Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Және 5-тармақтар бойынша. | А-тармағы бойынша. | Б-тармағы бойынша. | Г-тармағы бойынша | Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме | Істі алдын ала тыңдау сатысында қабылданатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме

Тармақ бойынша.

Судья сот отырысы залына кірген алғашқы минуттардан бастап залдағы жағдай ресми және салтанатты болуға, ал залда отырғандардың мінез-құлқында судьяға деген құрмет болуға тиіс.

4.1.

1). Мантия киген судья қатаңдық пен айбындылық кейпінде болуға тиіс. Мантия киіп, дәлізде жиналып қалған адамдар тобының арасынан қысылып өте алмай жатқан немесе сот отырысы залына көп томдық істің материалдарын әзер көтеріп әкеле жатқан, сөйтіп үстіндегі мантиясы арнайы халатқа ұқсап кеткен судьяны көру аса жағымды әсер қалдырмауы мүмкін. Судьяның осындай сырт көрінісі судья беделінің және процеске қатысушылар, басқа азаматтар тарапынан оған деген құрметтің артуына ықпал етпесі анық. Сондықтан судьяға ілесіп жүруді, іс материалдарының залға жеткізілуін қамтамасыз етуді хатшының, приставтың немесе көмекші ретінде тартылған басқа адамның міндетіне жатқызған жөн.

2). Судья сот отырысы залына кірер кезде сот приставы, ал ол жоқ болғанда сот отырысының хатшысы "Судья келе жатыр!" деп көтеріңкі дауыспен айту арқылы залда отырған адамдарды орындарынан тұрғызып, судьяны қарсы алуға үндеуге тиіс. Сот отырысы залындағы адамдар судья тиісті рұқсат еткеннен кейін ғана өз орындарына отырады. Сот приставы барлық адамдардың аталған талаптарды орындауын қатаң қарап отыруға тиіс.

3). Қандай да бір адамдардың бұл талаптарды орындамағаны туралы төрағалық етушіге хабарлануға тиіс және мұндай мінез-құлық сотты кұрметтемеушілік білдіру ретінде бағалануы мүмкін. Бұл ережеден шегінуге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі. Атап айтқанда, дене кемістігіне, мүгедектігіне және т. с. байланысты судьяны орнынан тұрып қарсы алуға қабілеті жоқ адамдарға осындай рұқсат жасалуы мүмкін.

4.2. ҚІЖК-нің 327-бабына сәйкес, сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған кезде процеске қатысушыға тәртіпті қайта бұзуы оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге әкеп соғатыны және/немесе әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатыны туралы ескертіледі.

Шығарып жіберу айыптаушы мен қорғаушыдан басқа кез келген процеске қатысушыға қолданылуы мүмкін. Әкімшілік жаза сотталушыға қолданылмайды.

Сот отырысы залынан кінәлі адамды шығарып жіберу және оған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны қылмыстық істі қарап жатқан судья шығарады.

Атап айтқанда, процеске қатысушылардың және басқа да азаматтардың төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаушылығынан көрінген сотты құрметтемеушiлiк, немесе дәл сол судья жүргізіп отырған сот отырысы кезінде тәртіпті басқадай бұзғаны үшін судья қаулы шығарып, аталған адамдарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 513-бабы бойынша ескерту жасап немесе он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып әкімшілік жауапқа тарта алады.

Егер сот отырысындағы тәртіп бұзушының әрекеттерінде басқа әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың белгілері болса, сот тиісті тәртіппен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау үшін материалдарды прокурорға жібереді.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша.| Тармақ бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)