Читайте также: |
|
Сот отырысы залының дайындығын алдын ала тексеру қажет.
3.1. Залда қорғау және айыптау тараптарының өкілдері, сол сияқты процестің басқа да қатысушылары үшін отыратын орындар жеткілікті болуға тиіс. Сөз жоқ, соттың отырыс залында алдымен тараптардың өкілдеріне, сотқа шақырылған басқа адамдарға орын берілуі керек.
Істі ашық тыңдауды өткізу кезінде және сотқа шақырылмаған тыңдаушылар үшін отыратын орындар жеткіліксіз болған жағдайда, сот отырысының хатшысы өзінің іс-қимылын іс бойынша төрағалық етуші судьямен келісіп алып, өзінің пікірінше, істі қарау кезінде сотта болуға басым құқығы бар адамдарды приставтың көмегімен іріктеп, залға бірінші кезекте жіберуге тиіс. Атап айтқанда, сотталушының, жәбірленушінің жақын туыстары, тараптардың пікірінше қатысқаны дұрыс деп есептелетін басқа да адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері осындай адамдар деп танылуы мүмкін.
Он алты жасқа толмаған адамдар, егер олар тараптардың біреуі немесе куә болып табылмаса, сот отырысы залына жіберілмейді. Қажет болғанда, сот приставы азаматтан оның жасын растайтын құжат көрсетуін талап етуге құқылы. Сондай-ақ масаң күйдегі адамдар да залға жіберілмейді.
Қандай жағдай болмасын, сот залының тыңдармандарға толып кетуіне жол бермеген дұрыс, ал сыртқы киіммен кірген адамдардың көп болуы тіптен қолайсыз, өйткені бұл сот отырысының қатаң, ресми сипатын бұзады. Оның үстіне, мұндай жағдайдың салдарынан және оның үстіне залдағы ауаны қалыпқа келтіру жүйесі (кондиционер) жоқ болса, сот және процеске қатысушы басқа адамдар тез шаршайды.
Үстелдерден және орындықтардан шаң және т. с. сүртілуге, ал пайдалануға жарамсыздары қауіпсіз жерге апарып қойылуға тиіс.
Істі қарау кезінде пайдаланылады деп жоспарланып отырған теле-бейнеаппаратураның, жарық түсіретін жабдықтардың, басқа да техникалық құралдардың жұмыс істейтіндігі алдын ала тексерілуге тиіс.
Сот отырысының хатшысы, сот приставы сот отырысы залында фотосуретке түсіру, дыбыс-, бейнежазу және киноға түсіру құралдарын қолдануға төрағалық етуші судьяның рұқсатымен ғана жол берілетіндігін білуге тиіс.
3.2. Тараптардың өкілдерін, процестің басқа да қатысушыларын орналастыру жоспарланып отырған үстелдерді қалай қою керектігі – жеке мәселе.
Қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тараптардың жарыспалылығы қағидасын сақтау, өз ұстанымдарын қорғау, дәлелдемелерді тексеру және сотқа табыс ету жағынан оларға бірдей мүмкіндіктер жасау қажет, сот отырысы залында бір тараптың өкілін басқа тараптың өкіліне қарағанда тым жайсыз жерге орналастыруға жол беруге болмайды.
Атап айтқанда, көптеген соттарда процестің қатысушыларын залда орналастырудың мынадай тәжірибесі кең тараған: шағын бір үстелдің басында таршылықтан қысылып бірнеше адвокат және сотталушылардың басқа да қорғаушылары орналасады, олардың қасына сот отырысының хатшысы отырады, ал қарсы бетте бір үстелге жападан-жалғыз және өте ыңғайлы орынға мемлекеттік айыптау өкілі жайғасады.
Сот отырысы хатшысының қандай да бір тараптың өкілімен бір үстелдің басында отыруы дұрыс емес, өйткені олардың бір-біріне кез келген, тіпті еш зияны жоқ бір ауыз сөз айтуын (естімей қалған сөзді сыбырлап сұрау, сұрақты нақтылау және т. с.) сырттай бақылаушылар сот әділдігі органы қызметкерінің заңсыз мүдделілік танытуының белгісі деп түсінуі мүмкін.
Қорғау және айыптау тараптары өкілдерінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің отыратын үстелдерін төрағалық етушінің үстелінен бірдей қашықтықта орналастырған дұрыс. Және де тараптар өкілдерінің үстелдерін биіктігі бойынша әр түрлі деңгейде орналастыруға жол беруге болмайды, мұндай орналастыру сырттан қарағанда (дәл сол тыңдармандардың көзімен) бір тарапты екінші тараптан басым етіп көрсетуі мүмкін.
Сот отырысы залында пайдаланылады деп жоспарланып отырған теле-бейнеаппаратураны және басқа да техникалық құралдарды олардың шолу мүмкіндігі осы сотқа жіберілген тараптардың өкілдері үшін бірдей болатындай етіп орналастыру керек.
3.3. Сот отырысы залына өзі кірмес бұрын, іс бойынша төрағалық етуші судья сот отырысының хатшысынан сұрау арқылы отырысқа шақырылған адамдардың барлығының өз орындарында отырғанына көз жеткізу қажет. Төрағалық етуші өз орнына отырғаннан кейін процеске қатысушылардың және тыңдармандардың залға кіре беруіне және оның ішімен жүруіне жол беруге болмайды.
Сот отырысы басталғанға дейін хатшы немесе пристав залда отырғандарға төрағалық етуші залға кірген кезде олардың өз орындарынан тұру керектігін айтып нұсқау беруі қажет. Бұдан басқа, сот отырысы залында тәртіпті сақтау және соттың жұмысына кедергі келтіруі ықтимал жағдайларды жою мақсатында пристав залда отырғандардың ұялы байланыс телефондарын өшіруін талап етуге құқылы.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 88 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тармақ бойынша. | | | Түсіндірме |