Читайте также: |
|
Судья сот отырысын ашады.
1). Төрағалық етуші залдағы адамдардың бәрі өз орындарына отырғанына көз жеткізіп, ал қажет болғанда оларды тыныштық сақтауға шақырып, оларға мынадай сөз сөйлеп сот отырысын ашады:
- «Сот отырысы ашық деп жарияланды.... (мысалы, Иванов Иван Ивановичті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 2-бөлігінің «а, б, в» тармақтарында көзделген қылмыстарды жасаған деп) айыптау бойынша қылмыстық іс тыңдалады».
Сот отырысын ашқанда судья басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмыс істеуін және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда өтуге тиіс екендігін және ҚІЖК-нің 314-бабы бойынша ол төрағалық етуші ретінде сот отырысына басшылық жасайтынын, әділ соттың мүддесінде объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген барлық шараларды қолданатынын, істің жай-күйін жан-жақты және толық зерттеу үшін қажетті жағдайлар жасайтынын есінде сақтауға тиіс.
Төрағалық етуші сондай-ақ сот отырысы күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді. Сот талқылауына қатысушы адамдардың бірі төрағалық етушінің әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдіруді хатшы сот отырысының хаттамасына енгізуге тиіс.
2). Сот отырысын ашып және қандай істің тыңдалатынын жариялап, төрағалық етуші сот отырысының хатшысына қарап мынадай сөз айтады: «Сот отырысының хатшысынан сот отырысына қатысуға тиісті адамдардың келгені туралы баяндауын және келмегендердің келмеу себептері туралы хабарлауын сұраймын».
5.1. Сот тақылауының барлық қатысушылары судьяға қарап сөз сөйлегенде, айғақ бергенде және мәлімдеме жасағанда түрегеп тұрады. Бұл ережелерден шегінуге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі. Сондықтан сот отырысының хатшысы ҚІЖК-нің 332-бабына сәйкес, орнынан тұрып, сот отырысына қатысуға тиісті адамдардың келгені туралы баяндайды және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды.
Ережеге айналғандай, хатшының баяндамасы залда отырған адамдарды тізіп айтудан басталады және мұны прокурорды атаудан бастау міндетті емес.
Мысалы: «Сот отырысы залына сотталушы айдауылмен жеткізілді әрі азаматтық жауапкер Иванов, оның қорғаушылары – Иванова және адвокат Петров келді, сондай-ақ прокурор Ахметов келіп отыр (бұл сатыда “мемлекеттік айыптауға қолдау көрсету үшін” деген сөз айтудың қажеті жоқ, себебі келген прокурордың позициясы әлі белгісіз, ол ҚІЖК-нің 37-бабының негізінде істі қысқарту үшін соттан кері қайтарып алуға немесе істі қосымша тергеуге жіберу туралы өтінім мәлімдеуге құқылы), жәбірленуші Сидоров, азаматтық талапкер …, сарапшы …, маман …, куәлар …, кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілі … келді. Сырқаттануына байланысты жәбірленуші Ысқақов келмей қалды, бірақ оның өкілі Ыбыраева келіп отыр. Екі куә келмей қалды: Солопов, - іссапарда болуына орай, Баев шақыру қағазын алды, бірақ сотқа келмей қалуының себебін хабарлаған жоқ».
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Түсіндірме | | | Тармақ бойынша. |