Читайте также: |
|
Келесі саты бұл – судьяның сотталушыға, жәбірленушіге, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне, сарапшыға, маманға басты сот талқылауындағы олардың құқықтарын түсіндіруі.
10.1. Барлық сотталушылардың орындарынан тұруын сұрап, судья оларға ҚІЖК-нің 69-бабына сәйкес, әрбір сотталушының мынадай құқықтары бар екендігін түсіндіреді:
- бірінші сатыдағы сотта істі сотта талқылауға қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалану, сот талқылауының жария өтуін талап ету, заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болу; өзінің не үшін айыпталғандығын білу және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алу; қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілу; бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алу; өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беру; айғақ беруден бас тарту; дәлел ұсыну; өтінім мен қарсылық мәлімдеу; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру және түсінісу; аудармашының тегін көмегін пайдалану; қорғаушысының болуы; қорғаушымен оңаша және құпия жолығу; сарапшының алдына мәселелер қою, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысу; соттың әрекеттері мен шешіміне шағым беру; ақтамайтын негіздемелер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру; сот жарыссөздерінде сөйлеу және соңғы сөзін айту. Сотталған немесе ақталған адам болып табылатын оның сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беру; соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдану және шағымдалған шешімдердің көшірмесін алу; іс бойынша келтірілген шағымдар мен қарсылықтар туралы білу және оларға қарсылық беру; мәлімделген шағымдар мен қарсылықтардың сотта қаралуына қатысу.
Құқықтарының түсінікті екендігі туралы сотталушының әрқайсысын жеке-жеке сұраған жөн.
10.2. Кейін төрағалық етуші жәбірленушіге, жеке айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне ҚІЖК-нің 75, 76, 77, 78, 80, 81-баптарында көзделген басты сот талқылауындағы олардың құқықтарын түсіндіреді.
Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 340-бабы бойынша судья жәбірленушілерге және жәбірленушілердің өкілдеріне ҚІЖК-нің 75, 80-баптарында көзделген басты сот талқылауындағы олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, бұған сәйкес жәбірленуші және жәбірленуші өкілінің міндеттері:
- қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келу, іс бойынша белгілі барлық мән-жайларды шын хабарлау және қойылған сұрақтарға жауап беру; өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламау; сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтау.
Жәбірленуші және жәбірленуші өкілінің құқықтары:
- айыпталушыға тағылған айып туралы білу; айғақ беру; дәлелдер ұсыну; өтінім мен қарсылық білдіру; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру; апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының, үкімінің, шешімінің көшірмесін алу; бірінші сатыдағы сотта істі сот талқылауына қатысу; сот жарыссөздерінде сөйлеу; айыптауды қолдау; сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескерту беру; соттың әрекетіне шағым келтіру; соттың үкімі мен қаулысына шағымдану; іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білу және оларға қарсылық ұсыну; мәлімделген шағымдарды, өтінімдерді және наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысу.
Жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушіге бұдан басқа, оның сотталушымен бітімге келу құқығының бар екендігі түсіндіріледі.
10.3. Сарапшыға судья ҚІЖК-нің 83-бабында көзделген оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және ҚК-нің 352-бабы бойынша қасақана жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертеді, бұл жөнінде сарапшыдан қолхат алынады да, қолхат басты сот талқылауының хаттамасына тіркеледі.
Ескерту:
- ҚК-нің 352-бабының 1-бөлігі бойынша сотта не алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі -
жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
- ҚК-нің 352-бабының 2-бөлігі бойынша адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен, айыптаудың айғағын жасанды түрде жасаумен ұштасқан, сол сияқты пайдакүнемдік мақсатта жасалған дәл сол іс‑әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
- Сарапшы сот талқылауы барысында сот үкім немесе шешім шығарғанға дейін берген қорытындының жалғандығы туралы өз еркімен мәлімдесе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
10.4. Маманға ҚІЖК-нің 84-бабында көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі және оған өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін осы бапта белгіленген жауаптылық туралы алдан ала ескерту жасалады.
Хатшы сот отырысының хаттамасын жүргізіп отырғандықтан, судья сот приставына жауаптылық туралы алдын ала ескертілген осы адамдардан қолхат алу туралы тапсырма бере алады.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тармақ бойынша. | | | Тармақ бойынша. |