Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Сотталушының жеке басын және оған айыптау қорытындысы көшірмесінің

А-тармағы бойынша. | Б-тармағы бойынша. | Г-тармағы бойынша | Азақстан Республикасы ҚІЖК-нің 356-358-баптарына түсіндірме | Істі алдын ала тыңдау сатысында қабылданатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Түсіндірме | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. А-тармағы бойынша.
  2. А-тармақ бойынша
  3. А-тармақтары бойынша
  4. А-тармақтары бойынша
  5. Б-тармағы бойынша.
  6. В-тармақ бойынша
  7. Және 5-тармақтар бойынша.

Сотталушының жеке басын және оған айыптау қорытындысы көшірмесінің уақтылы берілгендігін анықтау

Берілген жауаптарды іс материалдарындағы мәліметтермен салыстыра отырып, төрағалық етуші сотталушыдан оның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, айын, күнін және жерін, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін, тұратын жерін, яғни сотталушы тіркелген мекен-жайды және іс жүзінде тұратын жерін (мысалы, қолға түсіру, қамауға алу кезінде), немен айналысатынын (жұмыс істейтін немесе оқитын жерін, сыныбын, факультетін, курсын, тобын, мамандығын, қызметін және т. с.), білімін, отбасы жағдайын (үйленбегенін, үйленгенін, кәмелетке толмаған балаларының, қарт ата-анасының, мүгедектердің және сотталушының асырауындағы басқа да адамдардың бар-жоғын, олардың санын және жасын, әсіресе, егер жас балалар, мүгедектер бар болса), оның сайланбалы органның депутаты болып табылатындығын не табылмайтындығын, әскери міндетке қатысын, үкіметтік марапаттарының бар-жоғын, мүгедектігін сұрайды және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтайды. Қамауда отырған сотталушыға қатысты оның қамауға алынған уақытын міндетті түрде нақтылаған жөн.

Судья залда отырған прокурордың, тараптар өкілдерінің сотталушының жеке басына байланысты деректерді толық анықтауға бағытталған сұрақтар қоюына рұқсат еткені жөн.

Айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшірмесі сотталушыға қашан тапсырылғаны туралы мәселені айқындау мына себепке байланысты қажет: сот талқылауы айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының немесе айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш тәуліктен бұрын басталмауға тиіс.

Сот тәжірибесінде сотталушылардың біреуі оған айыптау қорытындысының көшірмесі тапсырылмағанын, ал іске тіркелген қолхатқа оның атынан басқа біреу қол қойғанын мәлімдейтін, немесе сотталушыға оқылуы мүмкін емес көшірме (сапасыз ксерокөшірме және т. с.) тапсырылғаны немесе кейіннен өзгертуге ұшыраған қорытындының көшірмесі тапсырылғаны (мысалы, тергеуші тарапынан бұрмалау орын алған жағдайда немесе прокурор істі сотқа жібергенде айыптаудың тұжырымдалуын өзгерткен немесе қосымша тергеу барысында жаңа айыптау қорытындысы жасалған жағдайда және т. с.) анықталатын жағдайлар жиі кездеседі. Бірінші жағдайда қолхатқа сотталушының қол қойған-қоймағанын және оның қойған қолы қолдан жалған жасалғанын айқындауға уақыт өткізіп жатпай, оған айыптау қорытындысының сапалы көшірмесін тапсыру шараларын дереу қабылдаған жөн, ал істі талқылауды ҚІЖК-нің 363-бабының талаптарына сәйкес кем дегенде үш тәулікке кейінге қалдыру керек.

Егер сотталушының өзі оған аталған іс жүргізу құжаттары тапсырылған күннен бастап үш тәулік өтпес бұрын сот талқылауын бастау туралы өтінім жасаса, сот бұл ережеден шегініс жасауға құқылы. Бұл ретте одан жазбаша жазылған өтінімді алған дұрыс.

Ескеретін тағы бір жайт, жеке айыптау бойынша сот талқылауы қандай жағдайда да айыпталушы шағымның көшірмесін алған күннен бастап үш тәулік өткенге дейін басталмауы тиіс.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 120 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша.| Тармақ бойынша.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)