Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша.

Істі алдын ала тыңдау сатысында қабылданатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Түсіндірме | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. |


Читайте также:
  1. А-тармағы бойынша.
  2. А-тармақ бойынша
  3. А-тармақтары бойынша
  4. А-тармақтары бойынша
  5. Б-тармағы бойынша.
  6. В-тармақ бойынша
  7. Және 5-тармақтар бойынша.

Одан әрі сот іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда істі тыңдау мүмкіндігі туралы мәселені шешеді.

19.1. Бұл жерде басты сот талқылауы міндетті түрде сотталушының қатысуымен өтетінін ескеру қажет. Сотталушы, шағын ауырлықтағы қылмыс жасады деп айып тағылған адам істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтінім жасаса немесе сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргенде және сотқа келуден жалтарған жағдайларда бұл ережеден шегініс жасауға болады. Жеке айыптау істері бойынша сот талқылауына айыпталушы өзі қатысуға немесе оның атынан өкілі қатысуға құқылы. Басқа жағдайларда сотталушы сотқа келмесе іс кейінге қалдырылуға тиіс.

Қамауда отырған сотталушы қамау орнының әкімшілігі арқылы шақырылады. Қамауда отырған сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан жағдайда, судья істі оның қатысуынсыз, бірақ қорғаушысының міндетті түрде қатысуымен қарауға құқылы.

Судья дәлелді себептерсіз келмеген сотталушыны айдап жеткізуге душар етуге, сол сияқты оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы.

Сотталушының келмей қалуының дәлелді себептері ретінде мыналар танылуы мүмкін: оның келу мүмкіндігінен айыратын ауруға шалдығуы; жақын туысының қайтыс болуы; табиғат апаты, сотталушыны сотқа келу мүмкіндігінен айыратын басқа дүлей тосқауылдың болуы; шақыру қағазын (хабарламаны) алмауы.

Сондықтан бостандықта жүрген сотталушы сот отырысына келмеген жағдайда, судья, біріншіден, мынаны тексеруі қажет: оның ҚІЖК-нің 208-бабына сәйкес шақыру қағазы, телефонхат немесе жеделхат жіберіліп, басқа байланыс құралдарын пайдалану арқылы сот отырысына тиісті түрде шақырылғанын; шақыру қағазында сотталушы ретінде кімнің шақырылатыны, отырыстың уақыты мен орны дұрыс көрсетілді ме, сондай-ақ келмеудің қандай салдары болатыны түсіндірілді ме; шақыру қағазы сотталушыға қол қойдырып тапсырылды ма әлде оның отбасының кәмелетке толған мүшесі арқылы, тұрғын үй пайдалану ұйымы немесе тұрғылықты жері бойынша әкімшілік арқылы не жұмыс орны бойынша берілді ме?

19.2. Сотталушының қорғаушысы келмеген және осы сот отырысында оны ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда істі қарау кейінге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны ауыстыруға тек сотталушының рұқсатымен ғана жол беріледі. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыт бойы (сот тәжірибесінде – бұл бес тәуліктен көп уақыт) мүмкін болмаса, сот басты сот талқылауын кейінге қалдырып, сотталушыға басқа қорғаушы таңдауын ұсынады, ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.

Іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшін қажетті уақыт беріледі. Ол өзі іске кіріскенге дейін сот талқылауында жасалған кез келген әрекетті қайталап жасау туралы өтінім беруге құқылы.

19.3. Жеке айыптау істерін қоспағанда, басты сот талқылауына мемлекеттік айыптаушы ретінде прокурордың қатысуы міндетті.

Егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуы мүмкін еместігі анықталса, оны ауыстыруға болады. Іске жаңа прокурордың кірісуі оған дейін сотта жасалған әрекеттерді қайталауға әкеп соқтырмайды, бірақ прокурордың өтінімі бойынша сот іс материалдарымен танысу үшін оған уақыт беруі мүмкін.

Прокурор айыптаудан толығымен бас тартқан жағдайда, егер жәбірленуші айыптау туралы өтінім берсе, прокурор одан әрі процеске қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің жеке өзі немесе өкілі арқылы қолдайды.

19.4. Сот талқылауына жәбірленуші келмеген кезде, сот жәбірленуші болмаған кезде істің барлық мән-жайларын толығымен айқындаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мүмкін болатынына байланысты істі талқылау мүмкіндігі немесе оны талқылауды кейінге қалдыру туралы мәселені шешеді. Егер сот отырысына жәбірленушінің өкілі келсе, сот бұл мәселені өкілдің пікірін ескере отырып шешеді.

Басты сот талқылауының дайындық бөлімі және дәлелдемелерді тексерудің тәртібі туралы пікірді анықтау аяқталғаннан кейін судья жәбірленушінің өтінімі бойынша оны айғақ беру, тараптардың жарыссөзіне қатысу үшін белгілі бір уақытта келуге міндеттеп, сот отырысына қатысып отырудан босатуы мүмкін.

Жеке айыптау істері бойынша сот отырысына жәбірленушінің (жеке айыптаушының) дәлелді себептерсіз келмеуі істі қысқартуға әкеп соғады, бірақ сотталушының өтінімі бойынша жәбірленуші болмаған кезде іс мәні бойынша қаралуы мүмкін.

ҚІЖК-нің бірқатар баптарында “және” деген жалғаулықтың орнына “немесе” деген жалғаулық қолданылған, дегенмен судьялар процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау қажеттігін басшылыққа ала отырып, бұған ерекше назар аудармауға тиіс. Осыған орай сот талқылауына жәбірленушінің (жеке айыптаушының) және оның өкілінің де бір уақытта қатысуына тыйым салынбайды.

19.5. Азаматтық жауапкердің немесе оның өкілінің келмеуі соттың азаматтық талапты қарауын тоқтатпайды. Сот отырысына азаматтық талапкер және оның өкілі келмеген ретте, талап қараусыз қалдырылуы мүмкін. Бұл жағдайда азаматтық талапкерде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою құқығы сақталады.

Азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің өтінімі бойынша төрағалық етуші азаматтық талапты олар болмағанда қарауға немесе мұны қажетті деп тапса немесе талапты прокурор қолдаса, талапты азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің келуіне байланыссыз қарауға құқылы.

19.6. Сот талқылауына қатысушылардың біреуі, сол сияқты куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда, сот тараптардың істі талқылау мүмкіндігі туралы пікірін тыңдайды және талқылауды кейінге қалдыру немесе оны жалғастыру туралы және келмеген адамдарды келесі сот отырысына шақыру немесе айдап әкелу туралы қаулы шығарады.

(Мысалы, хатшы былай деп баяндайды:

«Сот отырысы залына прокурор Е. С. Иманқұлов, жәбірленушілердің өкілдері Ю. Н. Демидов, А. А. Гудованная келді, сотталушылар В. Г. Епончинцев, В. В. Рейхнер, В. К. Мейірманов айдауылмен әкелінді, олардың қорғаушылары - Л. А. Мейірманова және адвокаттар Л. Ш. Цолоева, Б. Лайков, А. Б. Құрбанов келіп отыр.

Куәлар В. Т. Демидова, К. Ж. Мейірманов келді. Куәлар Т. И. Раскатова, Р. Р. Яцухина, А. К. Мейірманова істі тыңдаудың орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілсе де залда жоқ, олардың сотқа келмеу себебі белгісіз.

Сонымен қатар, сотқа берілген А. Б. Буйраковтың қорғаушылары – оның анасы Н. В. Буйракова және адвокат С. П. Яремчук сот отырысы залында отыр. А. Б. Буйраковтың өзі сот отырысына айдауылмен әкелінген жоқ».

Төрағалық етуші тараптардың назарына былай деп жеткізеді: «Сотқа №__ мекеменің бастығынан сотталушы А. Б. Буйраковтың ХХХХ жылғы 12 қазанда “сол жақ абсцесі, сигма ұқсас синустар тромбозы, өкпенің оң жағының қабынуы” деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жеткізілгені туралы жазбаша хабарлама келіп түсті. Дәл сол күні ол ауруханада қайтыс болды. Сотқа сондай-ақ А. Б. Буйраковтың өлгені туралы куәлік табыс етілді».

Осыған орай төрағалық етуші А. Б. Буйраковқа тағылған айыпқа байланысты қандай да бір шешім қабылдау үшін А. Б. Буйраковты айыптау бойынша қылмыстық істі қараудың мүмкіндігі туралы, Н. В. Буйракованың және адвокат С. П. Яремчуктың сот отырысына одан әрі қатысуының қажеттігі туралы тараптардың пікірін тыңдайды.

Прокурор, адвокат С. П. Яремчук қылмыстық істі А. Б. Буйраковқа қатысты бөлігінде қысқарту қажеттігі және істі басқа бөлігінде адвокат С. П. Яремчуктың қатысуынсыз одан әрі қараудың мүмкіндігі туралы пікір айтты, тараптардың басқа өкілдері бұл пікірді қолдады. Төрағалық етуші қорғаушы Н. В. Буйраковаға А. Б. Буйраковты ақтау үшін оған тағылған айыпқа байланысты сот талқылауын жалғастыруды талап ету құқығын түсіндірді. Н. В. Буйракова ондай ниет білдірген жоқ және соттан оны іс бойынша тарап ретінде сот отырысына қатысудан босатуын өтінді. Бұған қарсылық болған жоқ.

Сот кеңесу бөлмесіне кетеді, ал одан шыққаннан кейін А. Б. Буйраковқа қатысты қылмыстық ізге түсуді оның өлуіне байланысты қысқарту туралы қаулы жария етіледі, қалған бөлігінде қылмыстық іс қарауға жатады. Төрағалық етуші қаулыға наразылық келтіру, шағымдану құқығын және оның тәртібін тараптарға түсіндіреді. Осыдан кейін сот отырысы жалғастырылған деп жарияланады).

19.7. Жеке айыптау ісі бойынша сот тергеуі басталар алдында төрағалық етуші жеке айыптаушыға және айыпталушыға (сотталушыға), олардың өкілдеріне ҚК-нің 67-бабының негізінде істі қысқарту мүмкіндігін түсіндіріп, тараптарды татуластыруға шара қабылдауға міндетті.

20. Сот тергеуі.

20.1. Басты сот талқылауына дайындық бөлімі аяқталғаннан кейін, төрағалық етуші сот тергеуінің басталуы туралы жариялайды, мысалы, мынадай сөздермен: «Сот сот тергеуіне кіріседі. Прокурордың сотталушыға тағылған айыптың мәнін баяндауын сұраймын».

Сот тергеуі айыптаушының сотталушыға тағылған айыптың мәнін баяндауынан, ал жеке айыптау істері бойынша шағым берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда – сот отырысы хатшысының оны баяндауынан басталады.

Төрағалық етуші айыптаушының айыптау қорытындысын толық көлемде оқымай, тағылған айыптың дәл мәнінің өзін баяндауын бақылауға тиіс, өйткені мұндай жағдайлар тәжірибеде жиі кездеседі. Заңға сәйкес осы құжаттың көшірмелері сот талқылауына қатысып отырған барлық адамдарға тапсырылуға тиіс, сондықтан айыптау қорытындысын шамадан тыс формальды түрде жария ету (әсіресе, оның көлемі үлкен болғанда) уақыттың босқа өтуіне әкеледі.

Айыптау ауырлығы төмендеу етіп өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылса, судья айыптаудың жазбаша нысандағы жаңа дәлелді тұжырымдалуын айыптаушының сотқа баяндауын талап етуге тиіс.

20.2. Төрағалық етуші тағылған айыптың түсінікті екендігін сотталушыдан сұрайды, оған айыптың мәнін түсіндіреді және оның өзіне тағылған айыпқа көзқарасын сотқа хабарлағысы келетін-келмейтіндігін анықтайды.

Сотталушыға алдын ала тергеу немесе анықтау кезінде білдірілген кінәсін мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенін, оның өз кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екендігі және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған зиян келтіретіндей ұғынылмайтындығы түсіндірілуге тиіс. Сотталушы өзінің жауабын дәлелді етуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның өз кінәсін мойындамағандығы деп түсініледі.

Төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындайтынын-мойындамайтынын (толық, ішінара) сұрайды. Егер сотталушы бұл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағандығы деп түсініледі.

Тараптар сотталушыға оның көзқарасын нақтылауға бағытталған сұрақтар қоюға құқылы.

Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі.

Дәлелдемелерді ең алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін тараптармен келісе отырып сот белгілейді. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша сот қаулы шығарады.

Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.

Сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екендігін оған түсіндіреді.

Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар одан бірінші болып жауап алады. Төрағалық етуші жетелеуші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.

Тараптар сотталушыдан жауап алғаннан кейін, сот сотталушыға сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтінде қойылуы мүмкін.

Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтінімі немесе соттың бастамасы бойынша жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін, оған өзі болмаған кезде сот отырысының хаттамасына енгізілген деректер оқылады және өзі болмаған кезде жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі.

Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыстық жазбасын, бейне жазбаны немесе киноға түсірілімін жаңғыртуға мынадай жағдайларда жол беріледі: сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде; іс сотталушы болмаған кезде қаралғанда; сот талқылауында және алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда.

Тиісті жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді.

Жәбірленушіден ҚІЖК‑нің 351-бабының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген куәлардан жауап алу ережелері бойынша жауап алынады.

Жәбірленуші төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.

Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.

Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым-қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни қызметшілерге - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екендігі түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге ниет білдірген адамдарға көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Куәға, сондай-ақ ҚІЖК‑нің 82-бабында көзделген оның басқа да құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығы түсіндірілгендігі туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

Куәдан айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бірінші болып өтінімі сот отырысына осы куәні шақыруға негіздеме болған тарап сұрақ қояды. Тараптар куәдан жауап алып болғаннан кейін судьялар куәға сұрақ қояды.

Куә соттың талап етуі бойынша оған ұсынылатын жазбаларды пайдалануға құқылы.

Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі. Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша іске тіркелуі мүмкін.

Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шықпауға тиіс.

ҚІЖК‑нің 101-бабында көзделген жағдайларда куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтіндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша - он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда сонымен қатар, ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдері шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақ қоя алады.

Он алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызды екендігін түсіндіреді. Айғақ беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылық туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.

Тараптардың өтінімі бойынша немесе соттың бастамасымен кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін, бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін, оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі.

Он сегіз жасқа толмаған жәбірленуші, куә сот олардың әрі қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алынғаннан кейін сот отырысы залынан шығарылады.

Сот талқылауында жәбірленуші мен куәнің іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу немесе кейінгі сот талқылауы кезінде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсіруін жария етуге мына жағдайларда жол беріледі: бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болған кезде; олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша жәбірленушінің немесе куәнің сот отырысына қатыспауы кезінде.

Жәбірленуші мен куә берген айғақтардың дыбыстық жазбасын, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсіруін жаңғырту ҚІЖК-нің 349-бабының 2-бөлігінде белгіленген ережелер бойынша орын алуы мүмкін.


 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тармақ бойынша.| Ылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)