Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тармақ бойынша. Үкімді жариялау – соттың маңызды әрекеті және оны жариялау үкім

Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Тармақ бойынша. | Ылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері | Тармақ бойынша | Тармақ бойынша | А-тармақтары бойынша |


Читайте также:
  1. А-тармағы бойынша.
  2. А-тармақ бойынша
  3. А-тармақтары бойынша
  4. А-тармақтары бойынша
  5. Б-тармағы бойынша.
  6. В-тармақ бойынша
  7. Және 5-тармақтар бойынша.

Үкімді жариялау – соттың маңызды әрекеті және оны жариялау үкім шығарудың аяқталуы болып табылады. Үкімді жариялау алдында, ережеге айналғандай, судья сот отырысының хатшысына және сот приставына тараптардың, сондай-ақ егер БАҚ өкілдері сот процесі кезінде залда отырған болса, олардың келгенін тексеру туралы, сот актісін жариялауға кедергі келтіретін әрекеттерді болдырмау үшін қажетті шара қолдану туралы нұсқау береді. Сот отырысының хатшысы баяндама жасағаннан кейін, сот отырысы залында төрағалық етуші үкімді жариялайды. Бұл ретте үкім мәтінін дұрыс оқымауға, оның бөліктерін жіберуге жол берілмейді.

Сот отырысы залындағы адамдардың барлығы үкімді орындарынан тұрып тыңдайды. Денсаулық жағдайына байланысты тұрып тұруы қиын адамдардың төрағалық етушінің рұқсатымен үкімді жариялау кезінде орындарында отыруына заңда тыйым салынбаған, мысалы, мүгедектерге немесе сотталғанның ата-анасы әдетте көңілдері бұзылып, үкімді тұрып тұрып тыңдай алмайды.

Үкімді жариялағаннан кейін төрағалық етушінің тараптардан оларға үкімнің түсінікті екендігін сұрауына кеңес беріледі. Қажет болғанда, төрағалық етуші туындаған сұрақтар бойынша, мысалы, азаматтық талап бөлігінде үкімді орындау, оған шағымдану мерзімі туралы, сотталушыға қолданылған рақымшылық жасау актісі мәселесі және т. с. бойынша түсіндірме беруге тиіс.

Егер үкім сотталушы білмейтін тілде жазылса, онда сот үкім жарияланатын кезде сот отырысы залында аудармашының болуын қамтамасыз етуге тиіс. Ол ілеспе аударма жасайды немесе үкім жарияланғаннан кейін үкімнің сотталушы немесе ақталушы білетін тілдегі аудармасын дауыстап оқиды. Өлім жазасына кесу туралы үкім шығарылған жағдайларда төрағалық етуші сотталушыға кешірім жасау туралы өтінім беру құқығын түсіндіреді.

Сотталған немесе ақталған адамды қамауда ұстау қажеттігі болмай қалған барлық жағдайларда сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жою және адамды сот отырысы залында дереу босату туралы үкімде көрсетуге міндетті. Іс жүргізу құжаттарын ресімдеу қажеттігін немесе қандай да бір басқа себептерді сылтау етіп, босатуды кейінге қалдыруға болмайды. Егер сотталушы басқа қылмыстық іс бойынша қамауда ұсталып отырса, төрағалық етуші тек сот қарап отырған іс бойынша ғана осы бұлтартпау шарасының жойылатынын хабарлайды.

Үкім жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей оның көшірмесі сотталушыға немесе ақталушыға, оның қорғаушысына және айыптаушыға, олардың үкім жариялау кезінде залда болғанына не болмағанына қарамастан, тапсырылады. Заңның бұл талабы сотталушының немесе ақталушының олардың қорғану құқығын іске асыруын қамтамасыз ету үшін қажеттігінен туындаған.

Сотталушы білмейтін тілде шығарылған үкім оның еркін білетін тіліне аударылуға тиіс. Үкімнің көшірмесі сотталушыға немесе ақталушыға дәл сол тілге аударылып тапсырылуға тиіс.

Сауатсыз немесе мылқау болып табылатын сотталушыға үкімнің көшірмесі тапсырылып қана қоймай, үкімнің мазмұнымен аудармашы арқылы танысуы үшін шынайы жағдай қамтамасыз етілуге тиіс. Сотқа өтінім түскен болса, үкімнің көшірмесі жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне нақ сол мерзімде тапсырылады.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 128 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
А-тармақтары бойынша| БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)