Читайте также:
|
|
Сотталушының соңғы сөзін тыңдап, судья қажет болғанда, сот отырысы залындағы қатысушыларға үкімнің жария етілетін уақытын хабарлап, кеңесу бөлмесіне кетеді (ҚІЖК-нің 367-бабы).
Үкімді судья кеңесу бөлмесінде дайындайды. Ол қылмыстық іс жүргізу заңының барлық талаптары сақталып қолдан жазылуы немесе техникалық құралдарды пайдаланып дайындалуы мүмкін. Үкім шығарғанда сот заңның талаптары сақталып жиналған, сот отырысында сот толық, объективті және жан‑жақты тікелей зерттеген дәлелдемелерге ғана негізделуге тиіс. Үкімде сот өзінің тұжырымдарын дәлелдеуге, дәлелдемелерге талдау жасауға және тиісті баға беруге тиіс.
Үкім жалғыз судья ғана отыратын кеңесу бөлмесінде шығарылады. Іске қатысушы тараптардың кез келген біреуі ғана емес (прокурор, адвокат, сотталушы, жәбірленуші), осы соттың басқа судьяларының да (соның ішінде қосалқы судья) кеңесу бөлмесінде отыруына жол берілмейді.
Үкім шығару мақсатымен судья кеңесу бөлмесінде болатын уақытта кез келген мәселелер бойынша телефон арқылы әңгімелесуге жол берілмейді.
Жалпы ереже бойынша, үкім жария етілетін уақытқа дейін судья кеңесу бөлмесінен шықпауға тиіс. Дегенмен бір күннің ішінде үкім шығару мүмкін болмайтын қылмыстық істің өзіндік ерекшеліктерін ескергенде, сот кеңесуді жұмыс күні аяқталғаннан кейінгі демалыс уақытына үзе тұруға құқылы. Үкім шығару – психологиялық тұрғыдан күрделі әрі жауапты процесс болғандықтан, судьяның демалу үшін үзіліс жасап және жұмыс күні ішінде кеңесу бөлмесінен шығып тұруына заңда тыйым салынбаған.
Бұл орайда үкім шығарумен байланысты пайымдарын жария етуге жол беруге болмайды.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ылмыстық істі қарау кезінде шығарылатын сот қаулыларының үлгілері | | | Тармақ бойынша |