Читайте также:
|
|
Заң бойынша кеңесу бөлмесінде үкім шығару кезінде судьяға мынадай мәселелерді шешу жүктелген (ҚІЖК-нің 371-бабы):
- жасалуына сотталушы айыпталып отырған іс‑әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;
- бұл іс-әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлігі, тармағы);
- сотталушының бұл іс-әрекетті жасағаны дәлелденді ме;
- сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме;
- оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;
- сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе;
- сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс;
- жаза тағайындамай үкім шығару үшін немесе жазадан босатуға не қылмыстық жазаны өтеуді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда кейінге қалдыру туралы негіздемелер бар ма;
- бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің қандай түрі мен режимінде жазасын өтеуге тиіс;
- азаматтық талап қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтеуге жата ма;
- азаматтық талапты немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек;
- заттай дәлелдемелерді не істеу керек;
- іс жүргізу шығыстары кімге, қандай мөлшерде жүктелуге тиіс;
- сот сотталушының құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуге) тиіс пе;
- қылмысты жасауға әсер ететін мән-жайлардың болуы туралы;
- сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
- бұрынғы үкім бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы.
Ақтау үкімін шығару кезінде сот тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз әрекеті арқылы ақталушыға келтірілген зиянды өтеу туралы мәселе жөнінде шешім қабылдайды.
Сотталушы бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыпталған кезде, сот әрбір қылмыс бойынша осы баптың бірінші бөлігінің 1-7‑тармақтарында көрсетілген мәселелерді жеке-жеке шешеді.
Егер қылмыстың жасалуына бірнеше сотталушы айыпталса, сот оның жасалған әрекеттегі рөлі мен дәрежесін айқындай отырып, әрбір сотталушыға қатысты ҚІЖК-нің 371-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген барлық мәселелерді шешеді. Содан соң сот қосымша мәселелерді шешеді:
- сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы;
- сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жәбірленушінің мүлкін қорғау туралы;
- жеке қаулы шығарудың қажеттілігі туралы.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 77 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тармақ бойынша | | | А-тармақтары бойынша |