Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

схема. Сот жазатын атқару парағының мазмұны

Сот‑құрылыс сараптамасы. | Сараптама тағайындау туралы | Тарау. Қылмыстық процестегі сот‑лингвистикалық сараптама |


Читайте также:
  1. Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы.
  2. Кешенінің мазмұны
  3. Мазмұны
  4. Мазмұны
  5. ОЖСӨЖ мазмұны
  6. ОЖСӨЖ мазмұны
  7. ОЖСӨЖ мазмұны

*Атқару парағының мазмұны АІЖК-нің 236-бабының 4-бөлігімен регламенттеледі.

**Орындауға жіберілетін үкімдердің, шешімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың көшірмелері және аудандық соттар беретін атқару парақтары аудандық сот төрағасының немесе іс бойынша төрағалық етуші судьяның қолы және аудандық соттың елтаңбалық мөрі қойылып куәландырылады. Аталған көшірмелермен бірге тиісті мекен-жайларға жолданатын ілеспе хаттарға да дәл сол тұлғалар қол қояды (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 ақпандағы № 46-П бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық және оған теңестірілген сотында іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың 97-тармағы).

 


15-схема. Соттың атқару парағын беру тәртібі*

 

 
 


*Барлық жағдайда сот әрбір атқару парағына сот актісінің көшірмесін не соттың мөрімен куәландырылған оның үзінді көшірмесін қоса тіркейді (АІЖК-нің 236-бабының 5-бөлігі).

**Мүлікті тәркілеу, мемлекеттің пайдасына өндіріп алу жағдайларында, қылмыс арқылы келтірілген залалды өндіріп алу, алимент өндіріп алу, жарақаттау немесе денсаулыққа өзгедей зиян келтіру, асыраушысынан айырылу арқылы болған зиянды өтеу жағдайларында.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 12 «Сот актілерін әдейі орындамағаны үшін жауаптылық туралы» нормативтік қаулысының 3-тармағы бойынша, соттар жауапкерлерден ақшалай немесе өзгедей өндіру туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін заңмен көзделген жағдайларда атқару парағын уақытында жазып, мөрмен куәландырылған сот актісінің көшірмесін не оның үзіндісін, талапты қанағаттандыру үшін тыйым салынған мүліктің тізімдемесін қоса тіркеп, оның орналасқан жерін көрсетуге және осы құжаттарды борышкердің мекен‑жайы немесе жұмыс орны немесе оның мүлкі тұрған жері бойынша, ал заңды тұлғалар үшін ‑ оның органы немесе мүлкі орналасқан орны бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиісті аумақтық органына жіберуге тиіс.

 


16‑схема. Атқару құжатын орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 9-бабы)

*Атқару құжаттарын орындау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы өтінім беру құқығы тек қана өндіріп алушыда не оның құқықтық мирасқорында бар.

Өткізіп алынған мерзім атқару парағын және сот бұйрығын, яғни сот актілерінің негізінде берілген атқару құжаттарын орындауға беру үшін ғана қалпына келтірілуі мүмкін.

Қалған атқару құжаттары бойынша өткізіп алынған мерзiм қалпына келтiруге жатпайды (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 9-бабының 3-бөлігі ).

Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінімді сот АІЖК-нің 128-бабының ережелері бойынша қарайды. Сот бұл өтінімді мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды.
Өтінімді қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады. Соттың өткізіп алынған іс жүргізу мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

 

 


17-схема. Істі апелляциялық сатыдағы сотта жүргізген кезде сот актісінің орындалуын тоқтата тұру (АІЖК-нің 343-бабы)

наразылық келтірген прокурордың өтінімі бойынша  

 

*АІЖК-нің 238-бабына сәйкес шығарылған сот шешімін дереу орындау туралы сот ұйғарымына жеке шағым беру, жеке наразылық келтіру мұндай ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады. Сонымен қатар, соттың шешімін дереу орындауды қолданудан бас тарту туралы сот ұйғарымына сот шешімінен бөлек шағымдануға, наразылық келтіруге болмайды (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының 28-бабы).

 


18-схема. Қадағалау сатысында іс жүргізу кезінде сот актісінің орындалуын тоқтата тұру (АІЖК-нің 396-бабы)*

 

 

*АІЖК-нің 396-бабында аталған лауазымды адамдар істі соттан сұратқан кезде, заңды күшіне енген сот актісінің орындалуын қадағалау шағымын берген адамның осы туралы өтінімі болған жағдайда ғана тоқтата тұруы мүмкін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 33-тармағы).

 


19-схема. Сот шешімінің орындалуын қайта бұру* (АІЖК-нің 240-1-бабы)

 

*Бұзылған шешімді орындау орын алған іс бойынша жаңа шешім шығарған сот жауапкердің жазбаша арызы бойынша орындауды қайта бұру туралы мәселені қарайды және бұл мәселені жаңа шешіммен шешеді (АІЖК-нің 240-2-бабының 1-бөлігі).

Егер сот істі жаңадан қараған кезде бұзылған шешім бойынша орындауды қайта бұру мәселесін шешпесе, жауапкердің шешімнің орындалуын қайта бұру туралы арызы іске қатысушы адамдарға, ал қажет болған жағдайда бұзылған шешімді орындаған органға да хабарлай отырып, соттың бөлек отырысында қаралады. Аталған адамдар шешімнің орындалуын қайта бұру туралы арызды қараудың орны мен уақыты туралы хабардар етіледі, алайда олардың сот отырысына келмей қалуы орындауды қайта бұру туралы мәселені шешу үшін кедергі болмайды (АІЖК-нің 240-2-бабының 2-бөлігі).

Шешімнің орындалуын қайта бұру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін (АІЖК-нің 240-2-бабының 3-бөлігі).

Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сот бірінші сатыдағы сот шешімімен бұрын бұзылған шешімнің орындалуын қайта бұру туралы мәселе шешілмеген істі қараған кезде, бұл мәселені істе бірінші сатыдағы соттың бұзылған шешімінің орындалғаны туралы анық деректер болғанда ғана шешеді. Басқа жағдайда орындауды қайта бұру туралы мәселе осы Кодекстің 240-2-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен шешіледі (АІЖК-нің 240-3-бабы).

20-схема. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстар (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 74-бабы)*

 

*Атқарушылық әрекеттердi ұйымдастыру мен оларды өткiзуге жұмсалған бюджет қаражаттары мен атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы тараптардың қаражаттары атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстар болып табылады («Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының 74-бабының 1-тармағы).

**Борышкер мүлкiнен атқару құжатын орындау үшiн қажеттi мөлшер мен көлемде, орындау жөнiндегi шығыстар ескерiле отырып өндiрiп алынады (35-баптың 4-тармағы);

Сот орындаушысы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы және орындау жөнiндегi шығыстарды өтеуге қажеттi мөлшерде борышкердің мүлкiн тiзiмдейдi (41-баптың 1-тармағы).

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шағыстарға куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар жатады (АІЖК-нің 107-бабының 9) тармақшасы).

***Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндiрiп алушы атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатқызылатын тиiстi шығыстарды жасау үшiн жеткiлiктi мөлшерде ағымдағы шотқа аванс жарнасын төлеуге құқылы (заңның 76-бабы).

Өндiрiп алушыға ұйғарылған сомаларды және атқару жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн қажеттi, борышкерден алынған ақша сомаларын сот орындаушысы аумақтық органның немесе аумақтық бөлiмнің ағымдағы шотына енгiзедi. Ағымдағы шоттағы ақша сомасын есепке алу, сақтау және оны беру тәртiбi нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi (заңның 47-бабының 2-тармағы).


21-схема. Атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарды өтеу тәртiбi (Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 75-бабы)*

*Аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындатуға байланысты қосымша шығыстар шешiмдi өз еркiмен орындамаған тарапқа жүктеледi (Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» Заңының 47-бабы).

Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін депозиттік шотынан сот төлейді (АІЖК-нің 109-бабының 1-бөлігі). Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді (АІЖК-нің 109-бабының 2-бөлігі).

Сот орындаушысы борышкерден өндiрiп алған сомадан ең алдымен атқару құжатын орындау процесiнде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледi, содан кейiн орындау жөнiндегi шығыстар өтеледi, қалған сома өндiрiп алушылардың талаптарын қанағаттандыруға берiледi. Барлық талаптарды қанағаттандырғаннан кейiн қалған сома борышкерге қайтарылады. Борышкерден өндiрiп алынған және өндiрiп алушыларға берiлуге тиiс сомаларды сот орындаушысы ағымдағы шотқа қосады, содан кейiн белгiленген тәртiппен бередi немесе аударады. Мемлекет кiрiсiне аударуға жататын сомаларды сот орындаушысы тiкелей тиiстi банк мекемесiне енгiзедi (Заңның 69-бабы).

 


22-схема. Атқарушылық іс жүргізу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотта қарау (ӘҚБтК-нің 29-тарауы)

*Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолданады (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 67-1-бабы).

Қызметтiк куәлiк көрсетiлгеннен кейiн үйге, үй-жайға немесе мемлекеттiк органның, меншiк нысанына қарамастан, ұйымның аумағына кедергiсiз кiргiзуден бас тартып, сот орындаушысының заңды қызметiне кедергi жасалған жағдайда, сот орындаушысы ол туралы акт жасайды, ал кiнәлiлердi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалды орындалатын жердегі сотқа бередi (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 88-бабының 6-бөлігі).

Сот орындаушысының заңды талаптарын орындамау, сот орындаушысын борышкердің ақша сомалары немесе мүлкiнің барлығын тексеруге жiберуден бас тарту, сұратуы бойынша мәлiметтер бермеу, қорлау, қорқыту, оған күш көрсету немесе сот орындаушыларының қызметтiк әрекетiн орындауына байланысты оның немесе отбасы мүшелерiнің өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғу, сот орындаушысының қызметтiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн басқа да әрекеттер жасау заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 88-бабының 5-бөлігі).

Бұл схемаға сот приставтарының қосылуы мынаған байланысты: заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орындау сот приставтарының жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 4-бабының 2-бөлігі).

Сот приставтарының міндеттері бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың орындалуын бақылау, соттардың және басқа органдардың атқару құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсету және т. б. болып табылады (ҚР «Сот приставтары туралы» Заңының 2-бабының 2) және 5) тармақшалары).

Сот приставы өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқылы (ҚР «Сот приставтары туралы» Заңының 7-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасы).

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында сот приставы атқарушылық іс жүргізу заңнамасына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келуді жүзеге асыруға және т. б. орындауға міндетті (ҚР «Сот приставтары туралы» Заңының 7-бабы 2-бөлігінің 4) және 8) тармақшалары).

Сот төрағасы немесе сот отырысына төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары және соттың басқа да қызметкерлерi 513-531-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға және сотқа қарауға жіберуге құқылы (ӘҚБтК‑нің 636-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 640-бабы).
23‑схема. Атқарушылық іс жүргізу саласында сот төрелігіне қарсы қылмыстар бойынша істерді қылмыстық сот ісін жүргізуде қарау (ҚК‑нің 15‑тарауы)*

Қылмыстық сот ісін жүргізуде атқарушылық іс жүргізу саласындағы сот төрелігіне қарсы қылмыстар бойынша істер қаралады:

*Заңды күшіне енген соттың үкімі, шешімі немесе қаулысы оларда көрсетілген тапсырмаларға, сол сияқты сот белгілеген мән‑жайлар және оларға құқықтық баға беруге қатысты барлығы үшін міндетті. Соттың шешімін өз бетімен бұрмалауға, оның қадірін кетіруге және орындалуына кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Сот шешімімен келіспеушілік білдіру және жоғары тұрған сотқа оған шағымдану (наразылық келтіру) заңда белгіленген тәртіппен жасалуға тиіс. Заңды күшіне енген сот қаулысын қасақана орындамаған, сол сияқты оны орындауға кедергі келтірген жағдайда азаматтар, билік өкілдері және қызметшілер ҚК‑нің 362-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс (ҚР Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы Пленумының № 1 «Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының 7‑тармағы).

**Жауапқа тарту борышкердi атқару құжатында көзделген әрекеттердi орындау мiндетiнен босатпайды (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 78-бабы).

 


24‑схема. Қылмыстық жазаның бір түрін басқа түрімен ауыстыру (ҚК‑нің 40‑бабының 4‑бөлігі)*

 

*Сотталушы негiзгi жаза түрiнде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана жалтарса, сот орындаушысы үкiм шығарған сотқа Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес төленбеген айыппұл сомасын басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жiберуге құқылы (ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 60‑бабының 3‑бөлігі).

ҚК-нің 22-бабының 1-бөлігінде көзделген мерзімде айыппұлды төлемеген және өзінің табысын мәжбүрлеп өндіріп алудан жасырып жүрген сотталушы айыппұл төлеуден қасақана жалтарушы деп танылады. Айыппұл төлеуден қасақана жалтарып жүрген сотталушыларға қатысты сот орындаушысы ҚК-нің 40-бабының 4-бөлігіне сәйкес айыппұлды жазаның басқа түрімен ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жібереді (ҚК‑нің 23‑бабы).

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 477 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пайымдау| Суетов Михаил Егорович

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)