Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы.

Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құқықтық тәрбиесі | Семинар тақырыбы: Өнер, дене шынықтыру амалдары арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды сауықтандыру | Дебиеттер тізімі | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ | Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері | Дәріс тақырыбы: Сынып жетекші жұмысы | Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы. | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. |


Читайте также:
  1. БӨЛІМШЕ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ САРАПТАМА
  2. Дәріс
  3. Дәріс
  4. Дәріс
  5. Дәріс 1.
  6. Дәріс 10.
  7. Дәріс 11.

1. Оқушылардың азаматтық тәрбиесінің мәні мен мазмұны.

2. Тәрбие жүйесіндегі балалар қоғамының ұйымдары.

3. Балалар арасындағы құқықтық мәдениет және заң бұзушылықты алдын алу.

4. Патриоттық тәрбие. Халықаралық қатынас мәдениетінің қалыптасуы.

5. Оқушыларды кәсіби жағдайларға бейімдеу.

1. Тәрбиенің құрамы - дүниежүзілік және ұлттық мәдениеттің тәжірибесін беру және қабылдау; өмірлік өзін белгілеу мәдениеті; экономикалық және құқықтық мәдениті; интеллектуалдық, көркемдік және дене тәрбиесі; отбасылық тәрбиесі мен әңгімелесу мәдениеті.

Тәрбие құрамы ең соңында сәби өзінің өмірде орнын табуда, өмірдің мәні мен мақсатын түсінуде көмегін тигізуге тиісті. Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты: азаматтықтың қалыптасуы тұлғаның интегративті сапасы ретінде ішкі бостандықтың болуы, өз елін сыйлауы,Отанға сүйіспеншілік,өзіндік намысының болуы,өзге халықтармен қарым-қатынас мәдениеті.

Азаматтықтың болуын тұлғаның жеке сапасы субъективті күш ретінде педагогтар,ата-аналар,қоғамдық ұйымдар және объективті жағдайлар қоғамдық қызметтер-негізінен мемлекеттік ұйымдастырулар,құқықтық дэрежелер, саяси,адамгершілік мәдениеті анықтайды.

Азаматтық тәрбие тұлғаның позициясының құқықтық,конституциялық қалыптасуын болжайды.Қоғамда идеяның,норманың,көзқарастың және пікірлердің өңделуін тұлғаның қалыптасқан азаматтық санасы анықтайды,бірақ олардың үйлесімді дамуы үшін мақсатты түрде тәрбиелік жұмыстар қажет.Ол үшін бекітілген қоғамдық идеалар жеке өзіндік ретінде қабылданады.

Қалыптасқан азаматтық сана адамға әлеуметтік құбылысты және процестерді,іс-әрекеттерді қоғамдық позициямен бағалауға болады. Азаматтық тәрбиенің мазмұны: мектеп пен жанұяда мұғалім,тәрбиешілер және ата-аналар патриоттық тәрбие халықаралық қатынас мәдениетінің қалыптасуына,құқықтық мәдениетке, әлемдік рух мәдениетінің қалыптасуына жұмыс жасайды.

Тұлғаның азаматтығының қалыптасуы балаларда,жасөспірімдерде, және

балалардың біріккен ұйымдарында, мекемелерде ерекше орын алады.

2. Тәрбие жүйесіндегі балалар қоғамының ұйымдары. Әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық – саяси процестер, біздің елімізде, түпкі бейнеде балалар қоғамының қозғалысын өзгертіп жіберді. Көптеген жаңа балалар ұйымы, бұнымен қоса әртүрлі ерте әсер ететін ұйымдар пайда болды. Діни балалар ұйымының саны өсті. Патриоттық, экологиялық, спорттық және басқа да ассоциалар сферасының қызметін күшейтуде.

Қоғамдық қозғалыста балалардың қатысуына қажетті жағдай әлеуметтік тәжірибе, азаматтық дамуын қамтамасыз етеді.

Балалардың бейресми қатынасқа көпбейнелі формаларға осындай қатынастарға ынтасы өсіп келеді.

Бұл балалардың әлеуметтік белсенділігінің әлемдік тенденция ретінде дамуы, бұны мамандар өзі мойындап отыр. Бұл кездейсоқ нәрсе емес, сондықтан БҰҰ-ның «балалар құқығы туралы» конвенциясында айтылған, балалардың өмірін, денсаулығын, білім алуына жағдай жасау.

Қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Бұл конвенция баланың еркін сөйлеуіне, ақпарат алуына, дінін таңдауға, ассоциация және әлемдік жиналыстар бостандығына құқы барын бекіткен.

Балалар қозғалысындағы күрделі жағдайды білім беру басқармасының ұйымдары мен балаларға қарым-қатынас ұйымдарының білім беру басқармалары өзгертеді. Бұл позицияның мәнісі балаларды сақтандыру және дамыту.

Бұндай қарым-қатынас шынайы білім беру басқармасының балаларға жағдай жасауы, тұрақтандыруы, педагогикалық кадрлардың балалар ұйымында әлеуметтік қорғауы, балалар ұйымындағы материалдық-техникалық базаның қалыптасуына күш қосады.

3. Балалар арасындағы құқықтық мәдениет және заң бұзушылықты алдын алу. Құқықтық мәдениеттің қалыптасуының мақсаты оқушылардың құқықтық нормасын талап ету, осы талап етілген нәрсе жеке мақсат, күнделікті тәртіп болуы керек.

«Дефективті сана»- бұл әрине, тұлғаның техникалық дефективтісі емес, бұл әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік қатынас дефективісі, бір сөзбен айтқанда тұлға мен қоғам арасындағы бұзылған қарым-қатынас, тұлға мен қоғам арасындағы талап ету деп көрсеткен А. Макаренко.

Деформация көзі оқушылардың адамгершілік және құқықтық санасы жанұя ережесі ретінде көрсетіледі. Міне, сондықтан отбасындағы тәрбиеленушілермен жұмыс жасау- негізгі жағдай.

4. Патриоттық тәрбие. Халықаралық қатынас мәдениетінің қалыптасуы.В.И.Дальдың түсіндірме сөздігінде «патриот» сөзі «Отан сүйгіш-

тік,отаншыл,ұлтшыл»деген мағына береді.Патриотизм-тұлға сапасы ретінде Отанға деген сүйіспеншілік, Отанға қызмет етуге,оны қорғауға дайын дегенді білдіреді.

Халықаралық қатынас мәдениеті жоғары дәрежелі интернационалдық сезінуді,барлық халықтардың ынтымақтастығын алға алып шығады.

Ол ұлтшылдық пен шовинизмге қарсы тұрады.

Патриотизмде Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік,интернационализмде -өзге мемлекеттер арасындағы халықтарға құрмет және ынтымақтастық.

Патриоттық тәрбие мен халықаралық қатынас мәдениетінің қалыптасуы оқушылардың өз Отанына деген белсенді еңбегінің арқасында, Отанының тарихына мәдениетті қарым- қатынасы қалыптасса, оның мәдениетіне, халықтардың салт-дәстүріне, өзінің туған жеріне, кішкене Отанына сүйіспеншілік тәрбиесі, Отанды қорғауға дайындық тәрбиесі, өзге елмен достық қарым-қатынас, олардың мәдениеті мен салт дәстүрін оқу арқасында жүзеге асырылады.

Патриоттық және халықаралық тәрбие мазмұны оқу және оқудан тыс қызметте әртүрлі формалар мен әдістер көмегімен жүргізіледі. Патриоттық тәрбиеде аса маңызды рөльді мемлекеттік символдарды оқыту болып табылады. Олар мемлекеттік әнұран, елтаңба, ту.

Бұл жұмыста маңызды тақырыпты гуманитарлық және жаратылыс циклдары береді, бұл үшін әр мектеп пәндері өзінің арнайы негіздерін ол мейлі табиғаттану немесе тарихи әдебиет болсын, география немесе жоғарғы сыныптың әдебиеті болсын оқушы өз елінің табиғатын, өткен тарихын оқи отырып, ол өзін Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дамытады.

Халықаралық қатынас мәдениетінің қалыптасуы шет тілін оқуды, сол елдің мәдениетін, салт дәстүрін үйренуге мүмкіндік береді.

5. Тұлғаның адамгершілік мәдениеті негізінің қалыптасуы. Адамгершілік мәдениетінің теориялық негізгі түсінігі. Адамның әр жұмысы, егер ол өзге адамдарға әсер етсе және қоғамдық қызығушылығы болмаса, қоршаған ортасына баға берсе, онда біз оны жақсы немесе жаман, дұрыс немесе дұрыс емес, әділ немесе әділсіз деп баға береміз.

Бұл үшін біз мораль түсінігін қарастырамыз. Мораль бұл тура мағынада ереже, салт-дәстүр деген сөз. Жиі бұл сөзге синоним ретінде этика сөзі қолданылады, бұл да әдет, қарапайымдылық немесе салт-дәстүр мағынасын береді. Этика басқа да мағынада- философиялық ғылым ретінде де, моральды оқығанда да қолданылады. Адамға мораль қалай енді, қандай шамада ол келіседі және қандай принцип арқылы адамгершілік деңгейінде қарауға бола ма. Адамгершілік- бұл жеке сипаттама, мынандай сапалармен, қасиеттермен анықталады, мейірімділік, шынайылылық, шыншылдық, әділдік, еңбекқорлық, тәртіптілік ұйымшылдық,адамның тәрбиелілігі.

Адамның тәртібі белгілі бір ереже бойынша анықталады. Егер мынандай ереже болмаса, онда осы да, өзге де іс әртүрлі позиция арқылы баға беріліп, адам бір ойға ол дұрыс істеді ме немесе дұрыс емес істеді ме деген ойға келе алмас еді.

Ереженің жалпы сипаттамасы, яғни көптеген бірдей іске жататын, онда ол адамгершілік нормаларын қалыптастырар еді.

Норма -бұл адамның іс-әрекетін нақты ситуациясын қалай шешу керек, яғни талап ету ережесі. Адамгершілік нормасы баланы белгілі бір іске және қызметке жандандырады, ал мүмкін оларға тыйым салатын болар. Норма қоғаммен өзара қарым-қатынас, ұжыммен, өзге адамдармен байланысты анықталады. Нормалар адамдар арасындағы қарым-қатынас. Олар әсер ететін областарға бағынатын топтарға бірігеді.

Әрбір областарда (кәсіби, халықаралық, т.б) бағынатын өзінің адамгершілік принциптері бар. Мораль сөзінің жалпы сипаттамасы, яғни өзге емес қатынас, ал барлық областардың қатынасы, адамдарды әрқашан басқарып отыратын, бұлар адамгершілік категориясы деп аталады. Бұндай категориялар мейірімділік, әділдік, ар-ұяттық, бақыт, т.б. Моральды өмірлік ереже ретінде қабылдау арқылы адам өзін жақсы, өнегелі, яғни үлкендер балаларды пайдалы, әдемі етуге ынталандырады.

Моральдық норма, принцип, категория, идеялдар адамға белгілі бір әлеуметтік топ және қоғамдық адамгершілік сана ретінде қабылданады. Мораль-бұл тек қоғамдық сана ғана емес, сонымен қатар адамгершілік сана формасы. Бұл жеке құбылыс әрқашан қоғамдық санамен бейнеленеді. Жеке қабылданған адамгершілік нормасы, принципі, категориясы, идеалы өзге адамға, өзіне, өзінің еңбегіне, табиғатқа деген қарым-қатынас ретінде анықталады. Мұғалімнің, класс жетекшінің тәрбиелік жұмысының мазмұны оқушылардың адамгершілік мәдениетін және аталған қарым-қатынас топтарын қалыптастырады.

Қарым-қатынас тобы өзге адамдарға тәрбиені, адамгершілікті, адам арасындағы өзара құрметті, жанұядағы үлкендердің кішіге ақылын беруді көрсетеді. Өзіңе деген қарым-қатынас жеке ар-намысынан, тәрбиеліктен, шыншылдықтан және әділдіктен, қарапайымдылықтан, шыдамдылықтан көрінеді. Оқушының адамгершілік мәдениетінің қалыптасуы жанұяда, қоғамда, мектепте жүзеге асады.

6. Саналылық тәртіпке және мәдениетті тәрбиелілікке тәрбиелеу.

Тәртіп мінез-құлықпен адамның өмірлік ережесінің және нормасының қоғамда қосылған бейнесін бейнелейді. Тәртіптілік тұлғаның сапасы ретінде оның өзін-өзі ұстауын, ішкі ұйымдастырылуын, жауапкершілігін, қоғамдық және жеке мақсатқа бағынуына дайындығын, нормасын және принципін сипаттайды. Мектеп тәртібі -бірден бір қоғамдық тәртіп формасы. Бұл 9мектеп қабырғасындағы тәртіп сақтау, ұстаз бен оқушы арасындағы өзара байланысты ережесін сақтау, ұжымның талап етуіне бағына отырып, тәртіп тұлғаның ерікті контекстте қаралуы керек, тұлғаның өзін-өзі басқаруындағы субъективті қабілеті ретінде. Тұлғаның қабілеттілігі өзінің әртүрлі жағдайларда тәртібін таңдауы керек, бұл өзінің ісіне жауапкершілік, адамгершілік болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеу де оқушы өзін қауіпті жағдайлардан қорғайды. Тәртіптілік- тұлға сапасы ретінде әртүрлі даму деңгейін анықтайды.

Мәдениет тәрбиесі -тұлғаның адамгершілік тәртібінің әртүрлі жақтарын қамтиды, онда мәдени қарым-қатынас, сыртқы мәдени, тіл, тұрмыстық мәдениет. Мәдениет тәрбиесі –балалардан адамдарға мейірімділігін, сыпайлылықты талап етеді және қалыптастырады. Балаларға аса үйрететін нәрсе жақын-туыстарымен, достарымен, көршісімен, транспортта, қоғамдық орындарда қалай ұстау керектігін үйрету. Жанұяда және мектепте балаларға сыйлық беруді, телефонмен сөйлесуді, құттықтау сөз айтуды таныстыру қажет. Сыртқы мәдениетке элегантты жүру шеберлігі, үйлесімді киіну, өз стилін таңдау, жеке гигиенаны сақтау, өзінің жестін, мимикасын, жүрісін басқару шеберлігі жатады.

Тіл мәдениеті - бұл дискуссияны жүргізу шеберлігі, әзілді түсіну, әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында мәнерлі тілдік құралды қолдану, ауызша және жазбаша әдеби тілді жақсы жүргізу, білу.

Мәдениет тәрбиесінің бірден-бір жұмысы -күнделікті өмірде заттарға эстетикалық көзқарас, үй жұмысын жүргізудегі ұқыптылық, стол басында өзін ұстау шеберлігі.

Балаларға мәдени тәрбие ұстаздан, ата-анадан, жоғарғы сынып оқушыларынан, әдет-ғұрыптан, жанұядан қалыптасады.

5. Оқушыларды кәсіби жағдайларға бейімдеу. Кәсіби жағдайларға бейімдеу оқушыларға, жастарға кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек әлеуметтік-экономикалық, психологиялық- педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндірістік-техникалық жүйесімен қамтылған. Дұрыс таңдалған мамандық адамның қызығушылығын оятады. Бұл жағдайларда мамандық қуаныш әкеледі.

Мамандық әлемі өте құбылмалы. Бірі өтеді, екіншісі пайда болады. Оқушылар сондықтан мамандық туралы ақпарат алғанды қажетсінеді. Кәсіби жағдайларға бейімдеу жүйесінің мынандай компоненттері бар.

Кәсіби ақпарат, кәсіби диагностика, кәсіби консультация, кәсіби іріктеу, кәсіби бейімделу.

Кәсіби диагностика- адамның жоғарғы жүйкесінің негізгі қызметін, оның денсаулығын, қызығушылығын, мотивін, мамандық таңдауын үйретеді.

Кәсіби консультация- психологтардың, дәрігерлердің, педагогтардың көмек беруі. Бұнда оқушыларға мамандық туралы терең таныстырады.

Кәсіби іріктеу- бұнда мамандық таңдау құқы өз еркінде. Мамандық таңдауда жанұя салт-дәстүрін, достарының пікірін оқып білу қажет.

Кәсіби бейімделу- жас маманның ұжымда, еңбекке, қызметіне бейімделуі. Дұрыс мамандық таңдаса, сәтті түрде бейімделе алады.

№11 дәріс тақырыбы: Көркемдік тәрбие бойынша ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру

1. Бастауыш мектепте көркемдік тәрбие беру ерекшеліктері.

2. Кіші мектеп оқушыларда өнер амалдары арқылы дүниені түсінуді қалыптастыру.

3. Көркемдік тәрбие беру жолдары.

3. Тәрбиені табиғи шығармашылық керек ортасы-бала мен үлкен адамдардың біріккен әрекеті.

20 ғ. 60 жылдарында И.П.Иванов ұжымдық шығармашылық тәрбие әдісін ұсынды, оның ойынша, қоршаған орта қамқорлығы жоспарлы, тұтас ұжым, ұжымға әсер етеді.Ұжымдағы шығармашылық жұмыс-дара басты әдіс. Жұмыс – бұл ортақ, жалпы жұмыс, маңызды оқиға. Ұжымдағы әр мүше қатысады. Жоспар бойынша, тәрбиені, тәрбиелеуші таңдайды, әзірлейді, бекітеді. Ал шығармашылық –тәрбиелеуші, тәрбиеші мен бірге жақсы жол таңдайды, практикалық түрде шешеді, бағадлайды. Сценарий құрады ұжым өз вариантын береді.

Қоғамдық жұмыстың 6 этапын қарастырамыз.

  1. Этап-тәрбиеші жұмысының нақтылығы-ойлаған мазмұн әрекеті. Педагог ұжымның әрекет етуге қызығушылығын бекітеді. Осы мақсатта әр түрлі формадағы жұмысты таңдайды. (сұхбат, рекламалы ойын әрекеті т.б.).
  2. этап-жоспарланған ұжым әрекеті.Педагог ұжымға қызмет перспективасын түсіндіреді, балаларға талдайды, қоғамдық жұмыстарды қалай қызқыты өткізу керектігін айтады.

 

Педагог балалардың жас ерекшелігіне қарай, пікір таласты, талдаудың формасын таңдайды. Бұл этапта –белсенді топ анықталады. Тапсырма алған баланың өзнің ынта-ықыласы болады.Кеңес жұмысы-қоғамдық функцияны қабылдайды, шағын топ жұмысын бақылайды.

3 –этап –ұжым әзірлігі. Педагог шағын топтың жұмысын жандандыруға, кеңес жұмысына көмектеседі. Оқушылардың бәрін зейіннің жұмысқа болуын қамтамасыз етеді, арасында қандай қарым-қатынассыз етеді, арасында қандай қарым-қатынас бар екенін білу керек.

4-этап –жұмыстың өткізілуі. Барлық ұжым мүшелері балалар, қарастырылған сценарийді орындайды. Педагог балаларды өзіне деген сенім қалыптастырады, шығармашылық мақтау жүргізіледі.

5-этап-ұжымды талдау-бұл ең негізгі, ұжымды дамытушы күш. Ұжым балалрды өзінің жетістігін және сәтсіздігін түсінеді, басқаруға тәжірибе алады. Педагог баланың мінез-құлқына тәрбиені қортынды береді, жақсы жетістікке жеткендерді мақтайды. Кеңес жұмысы өзінің жұмысын бағалайды. Педагог ұжымындағы баалларға анкета жүргізеді.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 596 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы: Еңбек тәрбиесі бойынша ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру| Дәріс тақырыбы: Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс істеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)