Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер

Пән жөнінде мәліметтер | Кіріспе | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құқықтық тәрбиесі | Семинар тақырыбы: Өнер, дене шынықтыру амалдары арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды сауықтандыру | Дебиеттер тізімі | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ | Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері | Дәріс тақырыбы: Сынып жетекші жұмысы |


Читайте также:
  1. Бүрамдық берілістерді түзету
  2. Бұрамдықты берілістерді беріктікке есептеу
  3. Берілістердің негізгі көрсеткіштері
  4. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
  5. ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
  6. Дәріс
  7. Дәріс

1. “Ұжымдық тәрбиелік істер” туралы түсінік.

2. Ұжымдық тәрбиелік істердің мәні.

3. Ұжымдық тәрбиелік істердің формасы мен құрылымы.

1. Оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олар-дың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұынын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

“Тәрбие шарасы”. Топтық, ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырыл-ған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады (Н.Е.Шуркова бойынша)

“Тәрбиесі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысы-нан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар жәй қатысушы-лар) және тәрбиеленушілердің (И.П.Иванова бойынша).

Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылы-ғы, мәні мен мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйым-дастыру формасына тікелей қатысты, оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді- белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лек-тория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, “Адамға музыка не үшін қажет?”- пікірталас, “Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды? ”- тәрбие сағаты, “Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым”- дөңгелек стол, “Батыл да, күшті, епті-лер”- спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.

Жеке топ және шығармашылық әрекет түрінде атқарылады. Соның ішінде ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырудың нәтижелі формасына – жеке топ болып әрекет етуді жатқызамыз. Ол барлық балаларды ұжымдық істерге қатысуға, олардың жеке мүмкіншілігін, қажеттілігін ескеруге жағдай тудырады.

1. Ұжымдық шығармашылық

Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың бейімін шығармашылық, қызығушылығын дамы-туды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығарма-шылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркем-сөз оқу, қолөнер шеберлігі және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу мін-деттері атқарылады.

Адамгершілік сала адамгершілік түсінікті және мінез-құлық норма-сын меңгеруде әңгіме, пікірталас, әңгіме, ойын т.с.с. формалары арқылы қалыптасады.

2. Ұжымдық шығармашылық форма – оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде жүзеге асады. Ол үшін:

- әрбір қатысушының қызығушылығы және қажеттілігі ескерілуі тиіс;

- жеке тұрғыдағы мақсат топтық және ұжымдық мақсатқа қарама-қайшы келмеуі тиіс;

- ұжымдық шығармашылық іс, жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс.

Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы басқалардан тәрбиелік мін-деттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау сипатымен ерек-шеленеді. Оның негізін ұжымының барлық мүшелерінің өзара бірлескен әрекеттері, ынтымақтастығы жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар сы-ныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шара-ларын дайындау және өткізуді бірлесе атқарады.

3. Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу бары-сында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынан-дай болып келеді.

1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат – педагогтрадың ұйым-дастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, “Жаңа жыл бал-маскарады”, “Қайырымдылық акциясы”, “ғылыми апта-лық”т.с.с.

Мақсат – тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, “Адамға музыка не үшін керек?” – тақырыбының мақсаты оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:

1) оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т.с.с).

2) музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдас-тыру);

3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мұ-ғалімнің сөзі, оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу).

2.Тәрбие жұмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырып-тық сағат, демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол т.с.с.

3.Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан даярлау.

4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:

- шараның басталуы, психологиялық көңіл-күйді орнықтыру, әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ немесе үнтас-па ойнату;

- ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақса-тын, барысын баяндау;

- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері,

- қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсе-рін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.

5. педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушы-лардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал-тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.

біз жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын кел-тірдік. Бірақта оларды тәртіпке салу мақсатында кейінгі кезде педагоги-калық әдебиеттерде оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін ұйымдас-тыру формасының картотекасын құру ұсынылуда. Атап айтсақ:

- Таным әреетін ұйымдастыру: ауызша жорнал, білім байқауы, викто-рина “Не? Қайда? Қашан?”, ғылыми-апталық, психологиялық прак-тикум т.б.

- Құндылық-бағдарлық әрекет: қызықты кездесулер, түрлі бағыттағы конкурстар, шығармашылық кештер, тәрбие сағаттары, интеллек-туалдық шоу, дебаттар т.б

- Еңбек әрекеті: мектептегі кезекшілік, техникалық шығармашылық көрмесі, көгалдандыру жұмыстары, сембіліктер, сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстары, мектеп участкелеріндегі жұмыс.

- Қоғамдық пайдалы еңбек: дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қал-дықтарын жинау, қайырымдылық, ынтымақтастық акциясын ұйым-дастыру, балалар бақшасын және үйін қамқорлыққа алу т.с.с.

Көркемөнер - шығармашылық әрекет: жаңа жыл, күгі және көктемгі бал кеші, көркемөнернпаздар кеші, этикалық театр, әдеби-музыкалық композиция, авторлық өлең кеші, театр, мұражай, көрмелерге бару, пікірталас және т.б.

Физкультура – спорттық әреет: денсаулық күні, туристік слет, туристік жорық, “Жүгірушілер күні”, “Көңілді старт”, “Кіші олимпиадалық ойындар”, ауызша журнал “Спорттық колидоскоп”, “Спорттық огонек”, “Салауатты өмір салты” т.с.с.

Ерікті қарым-қатынас әрекеті: авторлық өлең кеші, табиғат аясында немесе қала бойынша саяхат, концерт, байқау “Алло, біз талантты іздейміз”, поэзия кеші, психологиялық тренинг, мектеп балы.

Кейбір оқудан тыс тәрбие формалары бірнеше әрекетті өзіне қосуы мүмкін: фестиваль, жарыс, метеп мейрамдары, кездесу кеші, ғылым апталығы т.б. Мұндай оқудан тыс әрееттің әр түрлері ұжымдық ойлауды, ақылмен ойланып істелген жоспардың үлгісін құруды талап етеді.

Бұл халық ертегілерін оқудан, әдебиет үйірмесінде дидактикалық материалдарды жүйелі пайдалануда, атаулы күндерге арнап тақырыптық кештерді ұйымдастырудың, соған қатысты тақпақты жаттаудан, әнді үйренуден, қабырға газетін шығарудан және әр айда оқитын пікір алысатын көркем әдеби кітаптардың картотекасын алдын ала жасаудан, ол жайында сыныптың оқушылармен пікір алысудан,қорытындысында, белгіленген істің нәтижесін шығарудан тұрады. Сонымен қатар, мұндай тәрбиелік үлкен маңызы бар жұмыстарды атқару барысында әр оқушыға өздері білетін мақал-мәтелді, жұмбақты, кейбір әндерді жазып алуына тапсырмалар беріледі. Ретіне қарай күй таспаға жазылған батырлар жырын, қазақ ертегілерін тыңдау, әр шығарма бойынша викториналар ұйымдастыру мен түрлі ойындарды ойнау да жүзеге асырылады. Бұлар сынып жетекшісінен ұқыптылықты, жүйелілікті, оқушының білімін, психологиялық ерекшелігін, кіммен араласатынын, әр оқушының өз уақытын қаншалаықты тиімді пайдаланатынын алдын ала анықтап білуді де қажет етеді.

Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергекетік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.

4. Жеке топтық жұмыс тұлғаның қажеттілігін және қызығушылығын жүзеге асыру барысында оның дамуына мүмкіншілік тудырып қана қой-майды, сонымен бірге қабілетін де шыңдап, басқа да топтардың өзара әрекеттесуі барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал етеді.

Дегенмен де психологиялық – педагогикалық зерттеулерде сыныпта ұжымдық шығармашылық әрекеттің басым болу қабілеттілігіне аса маңыз берілген. Ондағы себеп, ұжымдық әрекет балалардың өздеріне және басқа да адамдарға ізгілік қатынастарын дамытуда, мұғалімдерге оның жалпы бағытын ұстанып отыруына мүмкіндік береді деген пікірді алға тартады.

Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады:

1. Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала бел-гілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, балаларға оның әртүрлі жобасын талқылау ұсынылады, олардың пікір-лерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір оқушының оған белсенділік қатысын орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.

2. Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгіліп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады. Басшысы сайланады.

3. Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстары-ның жоспарын құрып, оны нақтылап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекелеген оқу-шыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп, олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық пен ын-талы жұмыс ітеуіне себепкер болады. Кейбір жекелеген оқу-шының бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып оты-рады.

4. Шараны өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар алдын-ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің ойларын ұжым болып атқарады. Сы-нып жетекшісі шараның өту барысында ынталы топқа қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, жағымды көңіл-күй тудырып, кейбір кемшіліктер туындап отырса, оны бейресми түрінде түзетіп оты-рады.

5. Шараның нәтижесін қорытындылау. Шараны өткізіп болғаннан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленгенін, ал ол қалай атқарылады деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді. Бұл жауапкершілігі мол кезең. Сондықтан, оған оқушылардың барлығы белсенді қатысуын ұйымдастыру сы-нып жетекшісі үшін маңызы ерекше. Мұндай жағдайда оқушы-ларды асықтырмай, олардың өзара талқылауына біраз уақыт және мүмкіндік берген жөн. Шараның жетістігі мен кемшілігі сарап-талып, болашақта оны болдырмаудың жолдары қарастырылады. Пікір алмасу барысында оқушылардың ұсыныстарын ескеру қажет. Сынып жетекшісі онда айтылған пікірлерді қорытындылап, кейбір ұнамдысын өзінің қойын дәптеріне жазып отырады.

Ұжымдық шығармашылық жұмыс өзінің ұйымдастыру формасы жағынан бірден-бір қолайлы әлеуметтік және педагогикалық құбылыс. Сондықтан да оны ұйымдастырудың жолдары да әр түрлі. Соған байла-нысты сынып жетекшісінің кейбір жағдайларды ескеріп отырғаны жөн:

- сынып жетекшісі ұжымның шығармашылық мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

- белгіленген шараға дайындық және оны өткізу барысында бұрын өткен шарамен байланысын, бірізділігін қамтамасыз ету;

- шараның мақсаттылығын қамтамасыз етуде, бұрмалаушылыққа жол бермеу;

- оқушылардың оқу-тәрбие процесінде алған білімдері мен тәжіри-бесін ескере отыра, жалпы педагогикалық тәжірибелерді басшы-лыққа алу;

- белгілі бір шараны белгілеп, оның дайындау және өткізу барысында, оқушыларға қамқоршы болуды үнемі естен шығармау;

- шараның нәтижесін қорытындылап, талдау барысында бірде-бір оқушының қалыс қалмауын қадағалау.

Ұжымдық шығармашылық әрекеттің қандай да бір формасын алмайық, оның нәтижелі болуы, мұғалімдер болсын, оқушылар болсын барынша ой фантазиясын, тапқырлығын, өзінше көзқарасын көрсету қажет. Сонда ғана ол олар үшін көңілді де қызық болады. Әрине, мұндай қатынас мұғалімдер үшін де әсерлі.

 

№6 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің жұмысын талдау.

1. Сынып жетекші жұмысын талдаудың мәні мен маңызы.

2. Сынып жетекші жұмысын талдаудың ерекшелігі.

1. Бұл сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі, Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпа летеді, Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер жіне толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туды. Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін, оны атқарудың маңызы зор.

Талдау жұмысының мақсаты – оқу жылының соңында санып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылына мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспаралу барысында қолданылады.

Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды қорытыныдысы, сауаланама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қорытындысында, педагогикалық әректетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және біріыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және масуым айларында атқару тиімді.

Оқы жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу тәрбие жұмысының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жыдық талдау көлемі, сипаты жағынан жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі, сипаты жағынан күрделі болып келеді. Сондықтан да ол кешенді жұмыс болып есептелінеді.

Дегенмен де оқу жылының нәтижесінде кең көлемде талдау жүргізудің өзіндік қиындықтары болады. Ол үшін ондағы негізгі атқарылған жұмыстарды топ, соның ішінде басымдық танытатын және жоспрады көрсетілген мінедттерге сай келетін оқушылар ұжымның оқу – танымдық, тәрбиелік әрекеттерін дерлік тұтастай қамтитын көлемді бөлігін бөліп көсрету қажет. Мұндай талдау жұмыстары негізінен 3 кезеңде атқарылуы мүмкін.

1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (Оқу тәрбие жұмыстары).

2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау (Қоғамдық-пайдалы әрекеттер. Мысалы, сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, жалып мектеп аралық істерге қатысу, оқушылардың сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, жалпы мектеп аралық істерге қатысу, оқушылардың сыныптағы өзін-өзі басқаруыг дамыту т.с.с.).

3. жеке оқушымен жұмыс нәтижесін талдау.

Жоғарыда көсретілген бөлімдерге сәйкес, талдауға қатысты мәселелер оқу жылының басында белгіленген міндеттерді ескере отыра, сынып жетекішісінің басшылығымен анықталады.

Талдауға қатысты сұрақтар топтамасы шартты түрде мынадай болуы мүмкін:

1. Қаралып отырған мәселінің нәтижесі қандай? Алға жылжу бар ма, болса оның қозғаушы күші қандай?

2. Жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі немесе керісінше болудың себебі қандай?

3. Сынып өмірінде қандай лң өзгерістер болады?

4. Біздің сынып басқа сыныптарға қарағанда қандай өзгешеліктерге ие?

5. Болашақта қол жеткізген жетістіктерді қалай сақтап, дамытуға болады? Ол үшін біз не істеуіміз керек?

6. Сіздерді сынып өмірінде көңілдеріңізге қонбайтын қандай мәселелер толғандырады?

7. Біз өткен оқу жылымен салыстырғанда қандай жетістіктерге қол жеткіздік?

8. Келесі оқу жылы қандай негізгі мәселемен бастаған жөн деп ойлайсыз?

9. Сынып өміріндегі қандай кемішілікті жою басты мәселе деп ойлайсыз?

10. Оқу жылының қортыныдысына сай сынып оқушыларынан кімдерді ынталандыру қажет деп ойлайсыз? т.с.с.

Ата-аналардың қорытынды жинасылында:

- биылғы оқу жылында қандай жаңа оң нәтижеге қол жеткіздік деп ойлайсыз?

- пән мұғалімдері, ата-аналар және мектеп әкімшілігі қандай мәселермен айналысты?

- сынып жетекшісінің оқушылармен және ата-аналармен жұмысында қандай нәтиже болды?

- келесі оқу жылын қалай ұйымдастыру лайықты деп ойлайсыз? деген сұраққа талдау да өз нәтижесін берері анық.

Осындай жұмыстарды атқару барысына қажетті материалдарды жинау және оған талдау жүргізу қажет. Ол үшін жиналыстың хаттамасын жүргізу және арнайы топ құрып, жинақталған материалдарды сұрыптау және негізгі ой-пікірілерді қорытындылау үшін ата-аналар және оқушылар белсенділерін тартқан жөн.

Міне, осындай талдау жұмыстарын атқару үшін уақыт тапшылығымен санаспай, жан-жақты ізденісті ұйымдастыру қажет. Тәжірибе көрсеткендей, ол болашақтағы атқарылар істерге қатысты нақытылы мағлұматтар алу үшін, әрқашан да өзінің жемісін берері анық.

Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысы талдау жүргізуді ұымдастыру жұмыстарының шартты түрде алған жоспары:

1. Талдау жұмыстарының мазмұны мен формасын белгілеу үшін оқушылар және ата-аналар бесенділерінің отырысын ұйымдастыру.

2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін «срез» тәсілін жүргізу.

3. Сынып ұжымымен талдау жұмысының әдістемесін ойластыру.

4. Сынып жұмысының қорытыныдылауға сай оқушылардың пікірін ескере отырып, оларға тапсырма беру.

5. Оқушылар және ата-аналармен, пән мұғалімдерімен бірлесе отыра ұжымдық талдау жұмыстарын жүргізу.

6. Талдау жұмыстарының материалдарын өңдеу (сараптау, кесте, сұлбалар сызі т.с.с.).

7. Оқушылар және ата-аналар белсенділерімен талдау жұмысының нәтижесін жазбаша қорыту.

8. Талдау жұмысының қортындысы мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасарына тарсыру.

Әрине мұндай жұмыстард атқару сынып жетекшісінен шыдамдылық пен төзімділікті, орасан күш жігерді және кең көлемде тәжірибе мен асқан ұйымдастырушылық қабілетті қажет етеді. Сондықтан, талдау жұмысының нәтижесін қорытындылау барысында, оған қатысты барлық материалдарды ой елегіне өткізіп, негізгі кезеңдер мен ондағы шешімдерді бөліп көсретіп, негізгі кезеңдер мен ондағы шешімдерді бөліп көрсетіп, болашақта сыныпта атқаралытаны жұмыстарды сипатын, мазмұнын анықтау болмақ.

Талдау жұмысының нәтижесімен сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері таныс болуы тиіс. Себебі, олар болашақта атқаратын педагогикалық әректтерін жоспарлауда, оның нәтижесін ескерулері тиіс.

Сынып жетекшісі оқу жұмысына талдау жұмысын ұйымдастыруда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың ішінде талдау сұлбасы мен оның құрылымын анықтау. Ол көбінесе талдаудың мақсаты және мінеттеріне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты анықталады. Сондықтан, әрбір атқарылған іс-шара соңында ұжым болып талдау жұмысын атқарып отырған пайдалы.

Бүгінгі мектеп тәжірибесінде қолданып жүрген талдау жұмысының әр түрі бар. Олар көбінесе нысанаға (нендей нәрселер талданады), субъектіге (кімдер талданады), талданып отырған мәселенің мазмұны мен уақыты сәкестігіне байланысты қарастырылады. Дегенмен де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай жағдайда сынып жетекшілері нақты жұмыс формаларына сай талдауды жүргізеді.

2. Сыныптағы педагогикалық талдаудың жалпы нәтижесі.

1.1. Оқушылардың тірбиелік және әлеуметтік өзгерту сапасы (әлемуттік маңызы бар сапаның дамуы, мінез құлық, әрекеті, белсенділігі т.с.с.).

1.2. Оқушылар ұжымның даму деңгейі, ұжымдағы оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының сапалық көсреткіші.

1.3. Педагогикалық тәсілдерді қолдану нәтижесі.

ІІ. Сынып алдында қойлыған мәндеттердің орындалуына талдау.

2.1. Бүгінгі күн тұрғысында өткен оқу жылындағы міндеттердің дұрыстығы, өз уақытында қоюулы, уақытпен сәйкестігі.

2.2. Оқу жылының ішінде қандай міндеттер нәтижелі атқарылады? Оның көрсеткіші қандай?

2.3. Қандай міндеттер орындалмады және оның себебі?

Олай болса, сынып жетекшісі педагогикалық процестің нәтижесін талдау барысында анықтайды:

- сынып ұжымы мен өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін;

- сыныптағы атқарылған педагогикалық жұмыстың мақсатқа сәйкестігін;

- нәтижеге қол жеткізудің факторларын, қозғаушы күштерін, себептерін;

-пайдаланған педагогикалық жетістіктері және кемшіліктерін, олардың себебін;

- педагогикалық әрекеттің жетістіктері және кемшіліктерін, олрдың себебін;

- пайдаланбай қалған мүліктер мен педагогикалық құралдарын, болашақты сынып жұмысын жетілдірудің қосымша көздерін қарастыруды т.б.

Сынып жетекшінің күнделікті дәптері.

Бұл – сынып жетекші жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті буын. Себебі, сынып жетекшісінің күнделігі оқушылар ұжымының оқу-тәрбие жұмысының орындауы мен нәтижсіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт-бағдарын нақтылап отыруды жүйлеп атқаруға мүмкіндік туғызады.

А.С.Макаренко мұғалімнің тәрбие жоспарына сай күнделік жүргізу қажеттілігіне ерекше мән беріп: «Жақсы тәрбиеші міндетті түрде өз жұмысының күнделігін жүргізу тиіс. Онда тәрбиеленушілерінен байқағандарын, белгілі бір адамды сипаттайтын жайларды, олармен болған әңгімелерді, тәрбиеленушінің ілгерлеуін жазып отырады, әрбір жаста барлық балаларда болатын дағдарыстарды немесе күрт өзгерістерді талдап отырады», - дейді.

Сынып жетекшісінің күнделікті сол сыныптың шежіресі іспеттес. Онда жалпы сынып жайлы және жеклеген оқушылардың өміріндегі елеулі оқиғалар, деректер және атқарған істері, жетістіктері мен оған түзетулер енгізіп отыруда пайдаланылады.

Педагогикалық процесті бұлай ұйымдастыру, атқарылған і-шаралардың, сонымен қатар сынып ұжымында жақсы дәстүрлердің қалыптасуына да ықпалын тигізеді.

Оқу жылының соңында сынып жетекшісі мектеп әкімшілігіне сыныпта атқарылған тәрбие әрекеттеріне қатымты кең көлемде есеп жұмыстарын тапсырды. Бұл қатысты кең көлемде есеп жұмыстарын тапсырады. Бұл есебінде ол оқу-тәрбие жұмысына талдау жасап, сынып ұжымның даму дәрежесі мен көңіл-күйін баяндайды. Осының бәрі сынып жеткшісінің күнделігіне қорытылып, оған қатысыты жалпы мағлұматтар жүйленеді. Мұндай жүйелі жұмыс бойынша атқарылатын педагогикалық әрекеттің дұрыс ұйымдастырылып, жоспарлануына және тәрбие процесінің сабақтастығына үлкен септігін тигізеді. Соған орай, төменде сынып жетекшісінің күнделік дәптерінің шартыт үрде алған құрылымының үлгісін үсынамыз.

3. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда өзін-өзі дамыту іс-әрекетіне белсендіретін формалар кеңінен қолданылып, оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеретін оқу және оқуна тыс жұмыс түрлері (диспут, дебат, тақырыптық ғылыми зерттеу конференциялары) пайдаланылады. Әр оқушының тұлғалық ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп, жеке дара жұмыстарға, үйірмелерге қатыстырылып, ғылыми шығармашылық жұмыстарымен айналысады.

- Мектепне тыс тәрбие ошақтарымен байланыс ғылыми-көпшілік орындарға (кітапхана, мұражай, көрме, театр т.б. саяхат). Мектеп мұғалімі жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Әр оқушының ғылыми – материалситік дүниетанымын және моральдық бейнесін қалыптастырады. Тәрбие жұмысын бір бағытқа салып, оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігін қамтамасыз ету сынып жетекшісінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл одан өте үлкен жауапкершілікті талап етеді.

2. Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге, мектептегі тәрбие жұмысының қайта құрылуына байланысты сынып жетекшісінің міндеттері де күрделеніп, жаңа сипат, жаңа мазмұнға ие болып отыр. Оның бүкіл іс-әрекеттерін айқындайтын негізгі міндеттер мыналар:

1. Өз сыныбындағы оқушылардың талап - тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшіліктерін жан-жақты зерттеу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан жұмысқа икемді ұжым етіп, ұйымдастыру.

3. Оқушыларға арналған ережелердің талаптарын түсіндіру арқыл жауапкершлікке тәрбиелеу.

4. Оқушылардың ата-аналармен үнемі байоаныс жасау.

5. Оқушылардың арасында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

6. Оқушылар арасында сынытан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі жұмысының мазмұнын анықтауда мектептің және сыныптың нақтылы жұмыс жағдайын, оқушылардың жас және даралық ерешеліктерін, сыныптың тәртібі мен оқу үлгерімі дәрежесін, мұғалімдер құрамын ескреу қажет және тәрбие жұмысын белгілі бір жүйемен жүргізу міндет.

Сабақты талдау мұғалімнің өз сабағына өзіндік талдауымен басталып, өзіне қойылатын талаппен өзін-өзі бағалаумен аяқталуы керек. Өзіндік талдауда мұғалім өз сабағының өту барысына, қойған мақсаттар мен қол жеткен табыстарына, материалдық мұғалімнің көмегіне және оқушылар белсенділіктері мен олардың жұмыстарын түрлендіру, оны ұйымдастыра білуіне, өз мінез-құлқының (сөйлеу, оқу мен қатым – қатынас, өз ара қарым қатынас мазмұны) қырларына анализ береді. Қорытындысында мұғалім өз сабағынан шығатын тұжырымдама, сабақ сапасын өткізу барысында қол жеткен табыстарын, педагогикалық шеберлігін дамыту түрлерін айтады.

Бірақ педагог неге сол сабақты толғанып апта кетуі тиіс. Сабақты өткізудің кез-келген әдіс тәсілі дұрыс, егерде ол сол мұғалімнің оқушылармен жұмыс жүргізуіне аз да болсын тәрбиелік, білімділік тиімді нәтиже беретін болса.

Мұғалім сабақты талдағанда оның өзіндік қырларын, қабілетін, дарындылығын ескеру керек. Бір жақты әдіс тәсіл, ұсыныс - пікірлер, жаттанды, атүсті айтылған сөздер болмау керек.

Кемшіліктер мен әлсіз жақтарды мұғалімнің өз - өзімен қалай жұмыс істей алатындығына анық көз жеткізіп барып түсіндіруі керек. Сабақты талдауда мұғалімнің өзіндік сабақ құрылымы мен әдіс-тәсілдеріне оқылып отырған материалдан тыс тың деректерді, дидактикалық және тәрбиелік талаптарын ынталандырып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау керек. «Жақсы сөз – жарым ырыс» сабақта талдау тек жеке (директор, завуч, инспектор, методист) қан емес, мектеп әкімшілігінің құрамына кіретін адамдармен, әріптерімен немесе тәжірибелі мұалімдермен бірігіп талданған дұрыс.

Сабақты талдаудың топтық түрі, әсіресе өз-өзіне талап қоятын өзгенің ұсынысын көп қабылдамайтын мұғалімдермен жүргізген дұрыс. Топтық талдауда мұғалім мен оқушы іс әрекетіне терең талдау жасалып, нақты баға беруі керек. Бір адамның бағасымен келіспеуге болар, бірақ бір қатеге көпшілік пікір білдірумен келіспеуге болмас.

Өзара мақсатты сабаққа қатысудың тиімді жақтары бар. Директордың оқу тәрбие ісінің меңгерушеліренің қатысуымен өз әріптестерінің сабақты талдауды - өзіне және өзгелерге қатал талап қоя білуге тәрбиелейді. Мұғалімдерге ескертер кемшіліктер мен ұсыныстар нақтылы ескеріліп, дәптерге түсірілуі қажет. Сабаққа психолгиялық талдау. Сабаққа психологиялық талдау жасау, әсіресе жас мұғалімдерге сыныппен қарым-қатынас, оқушыларды зерттеу және олармен тығыз байланыс орнату үшін керек. Сондай – ақ тәжірибелі мұғалімге оқушылармен жұмыс істеуге есте сақтауды жетілдіру, назарын белгілі бір жүйеге бағыттау, ақыл –сезімін қалыптастыру үшін де қажет. Тұтастай сабаққа психологиялық талдау жасағанда негізгі 3 негізгі бағытты алу керек.

1. Мұғалім психологиясы (қызмет арқылы эрудиция, эмоциялығы, мөйлеу мәнері, мінез – құлығы, балалармен қарым - қатынасы).

2. Оқыту (технологиясы) психологиясы, оқушылардың іс-әрекеті.

3. Оқушы мен мұғалім арасындағы көңіл-күй байланысы.

Өзара тәжірибе алмасуда мақсатты және күрделісі – бұл сабақта кешенді талдау жүргізу. Әр мұғалімінің әдістемесі, жақсы – жаман жақтарды көре білуі, оқытылып отырған материалдың күрделі не оңтайлысын, оқушы белсенділігін ажырата алатын өзіндік таным түсінігі болады. Соның негізінде өз бойында жинақталған тәжірибе бойынша талдау жасайды. Оқу үрдісін диагностикалау мұғалім еңбегі мен оқушыларды тәрбиелеуіне, оқыту сапасына дұрыс баға беріледі. Сондықтан тәрбие үрдісінде сынып жетекшісінің оқушылармен тығыз қарым-қатынасына жүйелей жұмыс істеуге көмек беріліп, пән мұғалімдерінің әр оқушыны «жеке тұлға» ретінде дамытуына көмек көсретіп, ұйымдастырушылыққа бағыттай білуіміз керек.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 2004 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы.| Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.032 сек.)