Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері

Пән жөнінде мәліметтер | Кіріспе | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Семинар тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың құқықтық тәрбиесі | Семинар тақырыбы: Өнер, дене шынықтыру амалдары арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды сауықтандыру | Дебиеттер тізімі | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы. | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. |


Читайте также:
  1. Дәріс
  2. Дәріс
  3. Дәріс
  4. Дәріс 1.
  5. Дәріс 10.
  6. Дәріс 11.
  7. Дәріс 12.

1.Тәрбие жұмысының түрлері туралы түсінік.

2.Тәрбие формалары мен әдістері, тәсілдері.

3.Тәрбие жұмыстары түрлерін жіктеп топтастыру.

1. Тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық үрдістің ерекше сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық. Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметі нәтижелі іске асыруда көмекші роль атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі мен дағдычсын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір міне-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б үйретеді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке –дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағұлымат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жайғдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады.

Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақтылау қажет. Мысалы: Мұғалім “қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау” қажеттегі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың “ Мінез-құлық ережесі” туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады. Яғни, балда қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормаларын сақтауға үйрету; “ мінез-құлық нормалары” деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол кластағы балаларда кездесіп қалатын “ мінез-құлық нормаларына” қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттерінің түрін белгілейді.

Сол бағыттағы жұмыстың мақсат-міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.

Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі; ғылымда, өнерде, әдебиетте, өзара қарым-қатынаста, моральдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.

- сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.

- Баланың практикалық әректін ұйымдастыру.

- Жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.

- Камуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу

- Этикалық нормаларын сақтай білуге тәрбиелеу.

Мектептің тәрбие жұмысының мазмұны, әдістемесі мен технологиясы оның тәрбие жүйесімен анықталады. Өз тұжырымдамасына сәйкес, әрбір мектеп бір-бірімен тығыз байланысты дидактикалық және тәрбиелік бөлімдерден тұратын педагогикалық жүйемен анықталады.

Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компонентері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет-тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.

Тәрбие жұмысының жүйесі мына компонентерден тұрады: Мектептің педагогикалық жүйесі

1. дидактикалық жүйе

2. тәрбиелік жүйе

3. қарым-қатынас жүйесі

Жетпісінші жылдардың соңына қарай мектептің тәрбиелік жүйелік идеялары тәрбие теориясына ене бастады. Бұл салада Ф.Ф.Коровлевтің (1970-74) еңбектері әдіснамалық роль атқарады, ғылымның дәлелдеуі бойынша жүйелік әдіс педагогикалық ойлау процесінің қайта құру туралы ретінде қарастырылады.

Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда М.М. Поташниктің еңбектерінің маңызы зор. Жүйелік әдіс арқылы тәрбие жүйесін әртүрлі деңгейде жобалау, құрастыру, жетілдіру және қайта құру мәселелерін Л.И.Новикова зерттеуде. Мектептің тәрбие жүйесінің компоненттері – мақсаттар, іс-әрекеттер, қоршаған ортамен қатынас, басқару блоктары. Тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы (сұрыпталған балалар мен ересектер ұжымы). Кең мағынада, мектеп - әлеуметтік - педагогикалық жүйе бола тұра, бірнеше құрамдас компоненттерден - ұсақ жүйелерден тұрады: басқару, дидактикалық және тәрбие жұмысы жүйесі. Әрбір жүйе дербес болып саналады, бірақ бір-біріне ықпалы зор. Мектептің біртұтас жүйесі тұрғысынан алып қарасақ, сабақ ерекше роль атқарады. Бұл жағдайда оқу процесі мектептің тәрбие жүйесінің бір саласы ретінде жалпы мақсаттардан бастау ала тұра, ортақ талаптарға бағынады. Сондықтан сабақтың мақсаты тек білім беру, дағды, икем қалыптастыру, ғана емес таным әрекеті, әлеммен, ортамен, өзімен қатынас барысында қалыптасатын дара тұлға жеткіншекті тәрбиелеу. Оқыту үрдісі барысында тәрбие жүйесіне сәйкес “қатынас педагогикасы” қалыптасады. Нақты тәрбиелік қатынастар арқылы сабақтын мазмұны байып, әдістемесі өзгереді. Сабақ үстіндегі көп жағдайлар оқушылардың сабақтан тыс өмірінде де жалғасын тауып жатады, сондықтан оқыту процесі, оның негізгі түрі сабақ тәрбие жүйесінің шешуші компонентерінің бірі. Оқу-тәрбие процесі біртұтас дейтініміз сондықтан.

Мектептің тәрбие жүйесіне енетін сабақ-дидактикалық жүйенің ең басты компоненті. Дидактикалық компонентпен қатар мектептің тәрбие жүйесінің компоненттеріне мектептің материалдық-техникалық базасы, қоршаған ортаның табиғи, әлеуметтік және мәдени эстетикалық қырлары кіреді. Егер мектеп олардың тәрбиелік потенциялын толық пайдалана алса олар да мектептің тәрбие жүйесінің құрамдас бөлшектері болып есептеледі. Мектептің тәрбие жүйесі мақсаттық бағыт және тәрбие жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымнан тұрады.

Мақсаттық бағыт және тәрбие жүйесінің тұжырымдамасын құрайтын жетекші педагогикалық идеялар, ережелер, көзқарастар жиынтығы. Бір жағынан – мектептің тәрбие жағдайында сәйкес өзгеріп, мақсаты мен міндеттеріне аусып отырады. Мектептің тәрбие жүйесіне белгілі ұйымдастырушылық құрылым тән.

Л.И. Новикова мектептің тәрбие жүйесінің 9 белгісін айқындаған:

  1. Мектептің “кіші тұжырымдамасының” айқындығы – оның ата-аналармен, мұғалімдермен, оқушылармен қабылдануы.
  2. Мектеп өмірінің (оқу, еңбек, ойын-сауық, шығармашылық істер балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі, бейресми қатынастардың құпталуы.
  3. Балалар өмірінде оқушылар күтіп жүретін қуанышты оқиғалардың болуы.
  4. Мектептің, баланың, топтың еркін дамуына шектеу келтіретін “ұйымдастырылмаған аралдың” болуы.
  5. Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтін “сөйлеп тұрған қабырғалардың” болуы.
  6. Қоршаған айналаның мектепке, мектептің қоршаған айналаға енуі.
  7. “Ішкі қайшылықтарды” шешуі.
  8. Мектептегі адамдар арасындағы жалпы ізеттілік қарым-қатынастың қалыптасуы.
  9. Оқушылар өздерін мектеп ұжымынан ажыратпауы, мектеп ұжымы мүшесі екенін толық сезінуі.

2. Оқушыларды тәрбиелеудің күрделі және жан-жақты процесі әр түрлі формалар көмегімен іске асырылады. Тәрбие жұмысының формаларын таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиешінің шеберлігіне т.б. жағдайларға байланысты.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасының мазмұны өте кең, жан-жақты. “Форма” латын сөзінен енген, ұйымдастыру тәсілі деген мағынаны береді. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы, тәрбиеші мен тәрбиеленуші қарым-қатынасын және әр түрлі ішкі байланыстарды айқындайтын, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілі.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы туралы түсінік кең және тар мағынада қолданылады. Осыған байланысты тәрбие жұмысы ұйымдастыру формасын жүйелеуге болады.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формасы кең мағынада, жеке тәрбиелік шараларды ұйымдастыру емес, тәрбие жұмысын тұтас ұйымдастырумен сипатталады. Оқу процессі кезінде, кластан, мектептен тыс тәрбие жұмыстары және жанұя тәрбиесі т.б. яғни бүкіл тәрбие жұмыстарының процессі.

Тәрбие жұмысының ұйымдастырылу формасына қарай былай жүйелеуге болады:

1. Көпшілік жұмыс

2. Топтық, үйірмелік жұмыстар.

3. Жеке жұмыс.

Тәрбиелік іс-әрекет әдісіне қарай да жүйелеуге болады:

Жоғарда келтірілген жүйелер тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларының барлығын қамтиды. Соңғы кезде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары қанат жаюда, әр түрлі ерікті клубтар, ғылыми қоғамдар, мектеп көркемөнер театрлары, дебаттар т.б.

Әдіс-бұл қойылған мақсатқа жету тәсілі.

Тәрбие әдісі қойылған мақсатққа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс-әрекетінің күрделі комплексі. Оның көмегімен, ұйымдасқан тәрбие процесінде оқушыны мақсатты түрде тұлға ретінде қалыптастыру іске асырылады. Әрбір әдіс құрал болып табылады, оның көмегімен тәрбиеші оқушы санасына, сезіміне, тәртібіне әсер етіп, әртүрлі іс-әрекетті ұйымдастырады.

Тәрбие процесінде әдістің екі тобы бар:

а) сендіру әдісі

ә) жаттырықтыру әдісі.

Олар әртүрлі тәсіл көмегімен іске асырылады.

Тәжірибе тәрбие әдісінде жеке бас үлгісінің де маңызы зор екендігін көрсетіп отыр. Тәжірибелі ұстаздар көптеген жанама әдістерді де қолданады. Олар тікелей әсер етпейді, жолдастары, ұжым, қызықты іс-әрекет, көркем әдебиет т.б. арқылы әсер етеді. Жанама әрекет оқушы бойында белсенділік, тәуелсіздік туғызады.

Тәжірибеде тәрбие жұмысының формасы, әдісімен қатар тәрбие құралдары қолданылады. Оған: оқу еңбегі, қоғамдық пайдалы еңбек, қоғамдық жұмыс, ойын, үйірме, сыныптан тыс жұмыс, спорт пен айналысу, көркемөнерпаздар үйірмесі жатады. Баланың әртүрлі даму сатысында олар өзгеріп отырады. Мыс: мектепке дейінгі шақта баланың негізгі іс-әрекеті – ойын болса, мектеп кезінде бірінші орын - оқу еңбегіне беріледі. Оқу еңбегімен қатар, қоғамдық пайдалы еңбек, үйірме, спорт т.б. іс-әрекеттер маңызды орын алады. Бұл іс-әрекеттердің қай-қайсы да жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен әсер етеді.

Тәрбие теориясы мен практикада тәрбие тәсілі деген де ұғым қолданылады. Тәрбие тәсілі - тәрбие әдісінің құрамды бөлігі және жеке бөлшегі. Тәсіл белгілі бір жағдайда әдісті нақты қалай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы: мақтау әдісінің түрлі тәсілдері бар: құптау, мақтау, алғыс, марапаттау т.б.

Сендіру әдісі мынадай тәсілдер арқылы іске асырылады; сендіру, көзін жеткізу, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау т.б.

Тәрбие формасын, әдісін, тәсілін таңдау, тәрбиелік іс-әректтің мазмұны, міндетіне, оқушының жеке жас ерекшелігіне, тәрбиеші шеберлігіне байланысты.

3. Тәрбие жұмысында жұмыстың қандай түрі тиімді?

Бұл оқушылардың жас ерекшелігіне, мұғалімнің ісінің дайындығы, мектептің мүмкіншілігіне байланысты. Бұл сұрақты мектеп ұжымы шешді. Тәрбиелеу системасында А.С.Макаренко “Тәрбиелеу балалар ұйымында жүргізілді” онда басқарушы мамандар (еңбек, театр, ауыл шаруашылығы).

Бүгінгі педагогикалық шыңдалған әдістер әртүрлі жастағы балалар ұйымын қарастырады. Олар клубтың жұмыстарға қатысады. Таганры қаласында бұл мектеп. №29, 37, 38 т.б. педагогикалық шығармашылықта классификациялық жұмыс түрінің тәрбие жұмысына ешқандай әрекеті жоқ. Бір жағынан, тәрбие формасы – бұл ұйымның тәрбиелену процесінің варианты. Кей жағдайда педагогикалық шығармашылықта ұыйымдасқан тәрбие жөнінде түсінін беріледі.

Жарыстар – жұмыстың негізгі мазмұны болады. Олардың түрлері: КВН, олимпиада, спартакиада, викторина т.б.

Іс-шара мұғалімнен қажеттілікті талап етеді, балалар бар нәрсені пайдаланады.

Тәрбие жұмысының ұйымдық формасы:

· Тәрбиелік нақты шешімдерді табады.

· Оқушылар қоғалысына қолданылады.

· Оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандырады.

· Жеке дамуының негізін, танымдық қабілетін қалаушы.

Мұғалімнің таңдаған тәрбиелеу формасы, тәрбие мақсатымен, оқушылар жасымен, класс жұмысының тәрбие жұмысымен, класс дәстүрімен байланысты бөлу қажет. Тәрбие жұмысының жоспарлануы класстағы басқа жұмыс түрлерімен байланысып, бірігіп бір мақсатқа бағытталуы тиіс. Тәрбие жұмысының көптүргілігі балаларда әртүрлі қызығушылықтар тұдырады.

Жұмыс түріне көңіл аударылып, оқу ісімен байланысады. Бір бағыттағы жұмыс түрі тиімсіз. Оқушыны белсендіретін, оның ойынан шығатын тажырмалар жұмыс мазмұнын жеңілдтеді сынып жетекшісіне де тиімді болады.

Әртүрлі жұмыс түріне мысал келтірейік.

· Ауызша журнал.

· Не? Қайда? Қашан?

· Фанетикалық проектінің конкурсы

· Ғылымдық конференциялар.

· Білгілер турнирі

· Викторина, білім аукционы.

· Шешілмеген жұмбақ кеші.

· Әлем жұмбақтары.

· Ғылым аудандары.

Аяқтамаған әңгіме.

(Маған жаңа башмак сатты әкелді. Сондықтан мен ауыстыратын аяқ киім әкелгенім жоқ. Кезекшілерге кіре берісте бос қапты көрсеттім. Шар ештеңе байқаған жоқ. Мен күні бойына…)

(оқушылар тәрбиесі 1990 №1)

(Аяқталмаған тезис.

Онсыз өмірді сүру мүмкін емес….

Өмірді сүру жаман ақ…

Егер адамның кемшілігін көрсең)

Жалын тәрбиеде театрлық ойындарды қолдану қажет. Сцена қайылады, оқушылар бақылау арқылы өз жолдастарының қателіктерін табады. Содан соң сол тақырыпта қайталағанда актерлер қатені азайтады. Оқушы-көрермендер, екі сценаны салыстырып балалардың бойындағы қатені табады. Осылай мәдениетке деген көзқарас бейімделіп, практикалық жұмыс түрі жалғасады.

· Кітап жөнінде диспуты.

· Өзін-өзі тәрбиелеу жөнінде әңгіме (“Өзінді” таны содан соң әлемді танисың)

· Тренинг – мідениетті әңгімелесу.

Эстетикалық тәрбие

· Музыкалық қонақ жай.

· Орысша романс неші.

· Поэзия сағаты.

· Экскурсиялар (табиғатқа саяхат, қала көшегері, музейге саяхат)

· Май шаммен әңгіме

· Өнер мейрамы.

· Қолжазба журналдары.

Жаспы тиімді істер

· Мектеп активі.

· Дәрілін шөптер тобы.

· Милосердие акциясы.

· Балалар үйіне көмен.

· Тірі газет.

Көркем еңбек істері.

· Балалар.

· Көркемдік өз ісінің кеші.

· Орыс жәрмеңнегі.

· Автор өлеңдерінің кеші.

Еңбек істері

· Ескерткішетерді қайта тұрғызу жұмысы

· Мектептегі кезекшілік.

· Спорталаңы өңдеу.

· Мамандық қорғау

· Қолөнер турнирі.

· Техникалық еңбек көрмесі

Спорттық істер

· Денсаулық күні.

· Туристік сит.

· Спорттық “огонек”.

· Кішкене олимпиадалық ойын.

Кез келген сыныптан тыс жұмыстың мақсаты оқушылардың таңдаған нәрсесін одан әрі дамыта түсу (музыкаға, спортқа, ғылымға, өнерге)

Тәрбие формасын таңдау мыналарға байланысты:

· Тәрбиенің пинциптері.

· Материал жұмысы.

· Тәрбиелеу жұмысы

· Жасына байланысты қызығушылық.

· Оқушылардың даму деңгейі.

· Балалар ұйымының түрі.

· Мұғалімнің шеберлігі

· Мектептің техникалық, материалдық мүмкіншілігі.

Тәрбилеу ісінің әртұрлі формасында мұғалімнің басқаруымен оқушылар әртүрлі әрекет жасайды, ол және тулға дамуының маңызды болып табылады.

Типтік структура ұйымы тәрбиелену мерекелері, жеті элементтен туратын педагог нәтижесі.

1. Класта уақытша инициативалық топ құрылады оларға болатын мерекенің жоспарының жасалыны беріледі.

2. Уақытша топ дөңгелек стол арқылы мәселені шешеді. Оқушылар ойларын дамытады. Оқушылар арасында тығыз байланыс ой-алмасу жүреді.

3. Уақытша инициативалық топ список жүргізеді мерекеге қажет нәрселерді тіркейді.

4. Инициативалық топ оқушыларға кім неге жауап беретінін бөліп береді.

5. Енді бәрі әзірлікке кіріседі. Ақыл сана арқылы ой бөліседі.

6. Шара өтілуі.

7. Қортынды шешім. Соңынан топ бірігіп пікір алмасады оқушылардың жұмысқа, табысқа кедергіге деген қабілетін бағалайды. Олардың себебін табады.

Тақырыпқа байланысты жұмыс

1. 2-3 сынып жетекшінің жұмыс дағдысымен танысыңыз олардың негізгі бағытын қамтыңыз.

2. Мектептегі сыныптан тыс мерекег қатысып жоспарын қараңыз.

а) Жалпы мәлімет.

· Шара өтілген уақыт, тақырыбы, қатысушылар (класс, топ) кім жүргізеді.

· Тақырып таңдауы – класстық (оқушылар” дәстүрмен, кластың тәрбие жұмысының системасы.

· Тәрбиелеу мақсаты, нақты шешімдер.

· Форма (оқушылар хабарламасы, диспут, әңгіме, викторина)

· Тәрбие жұмысының жоспары.

б) Жұмыс әзірлігінің анализі.

· Жұмыстың өтілу барысында инициаторы кім, ол ұнай дайымдалды?

· Іс-шара өтуі кезеңіндегі оқушылардың есебі. Олардың тапсырмағын орындауға қатысуы, жауапты, оқушылар инициативасы.

в) Тәрбие жұмысы барысындағы анализ.

· Шара мазмұны.

· Қаншама шанымды, анық, эмоционалды ашылған оқушыларға жұмыс, мақсаты.

· Оқушылар қандай білім, мақсаты.

· Оқушылар қандай білім, ақыл-ой жинады.

· Жұмыс қорытындысы.

Тәрбие қорытындысы.

· Жалпы бағасы.

· Мақсат пен тапсырманың орындалған шегі.

· Табыс, кедергі, қателіткер себебі.

· Тәрбие жұмысы класстағы өзара қатынастың белгісі.

· Сұрақтарға қызығушысың тудыру.

· Әдістемелік қателер.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 5299 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ| Дәріс тақырыбы: Сынып жетекші жұмысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.037 сек.)