Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 12.

Леуметтік мәртебелер және рөлдер | Дәріс 7. | Дәріс 8. | Дәріс 9. | Экономикалық социологияның тарихи дамуы | Экономикалық социологияның негізгі категориялары | Дәріс 10. | Жанжалды жіктеу | Саяси жанжалдың өзіне тән ерекшелігі | Жанжалдар динамикасы және оларды реттеу әдістері |


Читайте также:
  1. Дәріс
  2. Дәріс
  3. Дәріс
  4. Дәріс 1.
  5. Дәріс 10.
  6. Дәріс 11.

ДІН ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Сұрақтар тізімі:

1.Қоғамдық өмірдегі дін және діннің құрылымы.

2. Діншілдік типологиясы.

Негізгі ұғымдар: атеизм, монотеизм, шаманизм, политеизм, және т.б.

Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.

Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.

Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Социологтар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалғаны көзге көрінсе, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Социология беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі социологиялық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар кешенімен шектеліп қалмайды.

Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798 - 1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа байланысты О.Конт “тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты діни немесе “теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстем етеді. Екіншісі - философиялық, “метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, ол жерде ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш “сана жағдайының” әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде “екінші теологиялық синтез” керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың бірыңғай ортақ “ұлы тірі жан” култі, барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде “позитивті дінді” жасады.

К.Маркс (1818 - 1883) дінді қоғаммен өзара байланысында қарастырды, бірақ оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі болған жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш болып дін өзінің табиғатымен әлеуметтік феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиетті жайлы көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің есебінен өмір сүреді.

Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оның қоғам өмірінде әбден шынайы функциялар орындайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады деп түсінуді білдіреді. Маркс осылайша дінді зерттеудегі функционалдық әдістің негізін қалап кетті. Бірақ Маркс көзқарасының айрықша ерекшелігін дін тарихи табиғатында мәңгілік емес, ауыспалы әлеуметтік жағдайлардың - олардың негізіне басқаның еңбегін иемдену жүйесі, әлеуметтік теңсіздік жүйесі құрайтын жағдайлардың туындысы ретінде сендіру құрайды, ол жерде біреулердің бостандығы екіншілердің құлдығын білдіреді; қоғамның таптарға бөлінуі, әлеуметтік антогонизмдер, таптық күрес осыдан келіп шығады. Маркс пікірі бойынша, дін - идеология, ол оның ең ежелгі тарихи алғашқы формасы. Оның әлеуметтік қызметі - идеологиялық қызмет: ол оны ақтайды немесе сонысымен қолда бар тәртіптерді заңдастырады немесе оларды сынайды, оларға өмір сүру құқығын беруден бас тартады. Ол қоғамдық дамудың тежеушісі ретінде қызмет атқара отырып, әлеуметтік конформизмді сіңіруі мүмкін немесе әлеуметтік наразылықты ынталандыруы мүмкін. К.Маркстың діннің шарасыз өлуі немесе оның жеңіске жеткен жұмысшылар табы тарапынан жойылуы жайлы айтарлықтай қатаң түрдегі қорытындысы осыдан шығады. Көріп отырғанымыздай, олай болған жоқ және болып жатқан да жоқ, оған қоса Конт айтқандай, олардың діннің дәл сол әлеуметтік қызметтерін иеленуімен діни идеологияның басқа жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында еуропалық қоғамда діннің жағдайы айтарлықтай өзгере бастады. Индустриалияландыру және урбанизациялануға байланысты күшейе түскен әлеуметтік жіктелісі процестері қоғамды біріктіруші факторлар жайындағы мәселені күрделі түрде қойды. Мұндай фактор ретінде діннің жағымды рөлі жайында әлеуметтік қатынастарды, өрлеу, тұрақтылық пен тәртіпті жете түсінуге әрекет жасаған ғалымдар айта бастады. Француз ойшылы Э.Дюркгеймнің (1858 - 1917) көзқарасы тұрғысынан дін қоғамның ынтымақтастығы мен оның тұтастығы үшін маңызды әлеуметтік қажеттілікке жауап береді. Діннің шығу көзі - қоғамның өзі. Ол дінді қасиетті немесе қарапайымнан бөлінген тиым салынған заттарға қатысты сенімдер мен нанымдардың тұтас жүйесі ретінді анықтайды. Олар артынан ерушілердің барлығын шіркеу деп аталатын моральдық қауымдастыққа біріктіреді. Ол әлеуметтік сезімді оятады, ұжымдық көзқарастарды қалыптастырады. Дінде адамдарға тән жай заттарды құдай деп тану қасиеті жүзеге асады, оларға қасиетті мән беріледі, соның арқасында олар қоғамды тұтас ортаға топтастыру қызметін атқара алатын болады. Олар салт-жоралық әрекеттердің, құрметтеудің, ізгілік көрсетудің ерекше объектісіне айналады. Олар сол әлеуметтік топтың символы ретінде қасиетті, оларда өмір және оның құрамына кіретін адамдар әл-ауқатының жақсаруы іске асырылады.

Э.Дюркгейм шындығында әлеуметтік және діниді теңдестіре отырып, дінге кеңейтілген түсіндірме береді. Алайда қазіргі қоғамда дүниені ғылыми түсіндірумен байланысты жаңа мифтер мен символдар пайда болды. Сондықтан оларға нақтылы тарихи тұрғыдан оның рөлі мен әсерін бағалау талаптары қойылуда. Саяси, экономикалық және ғылыми қызметтер діни қызметтерден біртіндеп босанып бөлінуіне, әлеуметтіктің дінимен бірлігінің өзгерісі болып жатыр және ол бірте-бірте айқын көрінген зайырлы сипатқа ие болуда. Сонымен, қоғам өмірінің бүкіл саласының діннің әсерінен құтылудың үздіксіз процесі бар екендігі мойындалады. Солай бола тура Э.Дюркгеймнің пайымдауындағы бір нәрсе ол бұл процестің дамуы діншілдіктің аяқталуын білдірмейді. Оның ойынша дін К.Маркске қарағанда, мәңгі өмір сүреді. Қоғамның бірлігі мен жеке даралығын айқындаушы ұжымдық сезімдер мен идеяларды үнемі тірілтіп, нығайту қажеттілігін бастан кешірмеген қоғам өмір сүруі мүмкін емес. Ол бұл процестің нәтижесінде діннің және құдайдың орнына “адамгершілік дінінің” келетініне сенді.

Дюркгейммен қатар, дін социологиясының негізін салушы деп неміс ғалымы М.Вебер (1864 - 1920) саналады. Ол социологияны әлеуметтікке айналатын әлеуметтік жүріс-тұрыс жөніндегі ғылым деп қарастырды. Егер ол мәнге ие болса онда олардың белгілі бір жүріс-тұрысын күтуге бағыт ұстанған басқа адамдардың жүріс-тұрысымен субъективті саналы түрде ара қатынаста болады, осыған сәйкес қандай да бір өзінің әрекеттерінің табысты болу мүмкіндігін субъективті бағалаумен өз жалғасын табады дейді.

Осындай социология пәнінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық “мәнін” орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып отыр.

Дін социологиясының пәніне мұндай баға беру діннің әлеуметтік қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді өзінде мәдени жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды, яғни білім саласын, символдары және индивид пен қоғамның құндылықтарын анықтайды және онымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет атқарады.

М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осындай тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Дәл осыдан діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді. Дүниеге діни түсіндірме беру ондағы бағыт ұстану және жүріс-тұрысты реттеу құралы болып табылады. Дін дүниенің белгілі бір бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым салынады, екіншілерге рұқсат етеді. Сонысымен ол адамның жүріс-тұрысының моралдық нормаларын құрады.

Вебердің дін социологиясының тағы бір маңызды бөлігі - “шіркеу мен секта” арақатынасын қарастыруға келіп тірейтін, діни ұйымдар түрлерін зерттеу.

Діни социологияның негізін қалаушылар қатарына Б.Малиновский (1884 - 1942), дінтанушылар Дж. Фрэзер және соңынан Л.Леви-Брюль жатқызылуы тиіс. Олар адамның дамуының еретеректегі сатысында оның санасы пралогиялық сипатта болды деп санады және сиқырлық (магия) хабарсыздық пен надандыққа негізделеді, одан көмек сұраған адамның талпынысын сәтсіздікке ұшыратады деп есептеді. Сиқырлық пен діннің айырмашылығын көрсете отырып, Б.Малиновский дін адамның әлеуметтік табиғатына негізделеді, ол сиқырлықты өлімге ұшыратып, оның орнын басады деп санады. Ол шындығында, адамдар олардың әрекеті өзіне бағынышты болған жерлерде - өзінің бау-бақшасында, балық аулау жағасында кәдімгідей рационалды ойлайтынын көрсетті. Сиқырлық іс-әрекет тәуелділік пен анықсыздық элементі жоғары болған кезде өз күшіне енеді. Сиқырлықтың - адамның өмірі мен әрекетіне айтарлықтай мықты әсері бар, өйткені олар толығымен еш уақытта адамның билігінде болмайды және ол ешқандай есептеуге келмейді. Сиқырлық қандай да бір қоғамда әсер ету көлемінің деңгейі сол қоғамдағы табиғи және әлеуметтік процестерге бақылау орнатуға қол жеткізу деңгейіне байланысты болады. Малиновский сиқырлықты таза функциялық түсінуді ұсынады. Ол Фрэзер сияқты оның дінмен ұқсастығын, екі жағдайда да әңгіме ойдағы нәтижеге тексеруге келмейтін құралдар көмегімен қол жеткізу жөнінде болып отырғанын көреді.

Дінге және мәдениетке жалпы фунциялық көзқарасқа сәйкес, өркениеттің әрбір түрінде әрбір әдет-ғұрып, идея, сенім-нанымдар бірқатар өмірлік қызмет атқарады. Оның ішінде ең бастысы - қоғамдық тәртіптің тұрақтылығын сақтау. Малиновскиймен келісер болсақ, сиқырдың қызметі адамға бағынбайтын үмітсіз жағдайды, үрей-қорқынышты жеңуге үміттенуге көмектесіп, қиыншылықтардан өте білуінен тұрады. Функционализм тұрғысынан дін сол сияқты рөл атқарады: ол Дюркгеймде секілді қоғамның бірігу факторы болып табылады.

Жоғарыда келтірілген дін социологиясының негізін салғандардың еңбектері оның кейінгі барлық дамуын, зерттеудің негізгі бағыттарын, проблематикасын, методологиясын анықтады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дін социологиясы жеке пән ретінде қалыптасты. Социология дінді қоғамға қатынасында қарастырады, оның қоғамдық өмірді ұйымдастырумен байланысы тұрғысынан талдайды. Бұл байланыс екі жақты болады. Қоғамның дінге әсер етуі қалай бағаланып, түсіндірілмесін, социология мұндай әсер ету фактісін мойындамай отыра алмайды. Діннің әлеуметтік тәртіптің құрылуындағы, оны ұстап тұру мен өзгерісіндегі, тұлғаның іс әрекетінің қалыптасуындағы рөліне баға беру мен түсіндіру әр түрлі болуы мүмкін, алайда дәл діннің қоғамда қызмет етуі социологиялық талдаудың басты пәнін құрайды.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 257 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс 11.| Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)