Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 7.

Пәннің мазмұны. Тақырыптық жоспары. | Білімді бағалаудың жалпы шкаласы | Дәріс 1. | Дәріс 2. | Дәріс 3. | Леуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар | Дәріс 4. | Леуметтік топтар | Дәріс 5. | Дәріс 6. |


Читайте также:
  1. Дәріс
  2. Дәріс
  3. Дәріс
  4. Дәріс 1.
  5. Дәріс 10.
  6. Дәріс 11.
  7. Дәріс 12.

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Сұрақтар тізімі:

1. Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау.

2. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.

3. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.

4. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.

 

Негізгі ұғымдар: девиация, суицид, қылмыс, әлеуметтік ауытқушылық, норма, асоциалды, деликвентті мінез-құлық, аномия, депрессия және т.б.

Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.

Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:

· Отбасылық сәтсіздік;

· Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың аздығы;

· Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;

· Қарым-қатынастағы дискомфорт

Асоциалдық мінез-құлық басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту.

«Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық мінез – құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.Девиантты мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.

Девиантты мінез-құлық теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:

· Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және био-медициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.

· Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады.

· Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.

· Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.


Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік мәртебелер және рөлдер| Дәріс 8.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)